"Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 205 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 2 қарашадағы № 620 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 5 қаңтарда № 12810 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 маусымдағы № 229 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.06.2020 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 205 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11077 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті "Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Конкурстық құжаттама мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен гранттық қаржыландыру конкурсының талаптарына сәйкес келген жағдайда мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамаға өтініштер қабылдауды көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жұмыс кестесі:

      көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбімен жұма аралығында, сағат 13:00-де 14:30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін.

      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.";

      12-тармақтың 2)-тармақшасы алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С.Н. Нүсіпов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарымда және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы С.Н. Нүсіповке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасы


Білім және ғылым министрінің


міндетін атқарушы

Т. Балықбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика Министрі

      Досаев Е.А. __________________

      7 желтоқсанда 2015 жылғы



О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 15 апреля 2015 года № 205 "Об утверждении стандарта государственной услуги "Проведение государственной научно-технической экспертизы"

Приказ и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 2 ноября 2015 года № 620. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 января 2016 года № 12810. Утратил силу приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 4 июня 2020 года № 229.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра образования и науки РК от 04.06.2020 № 229 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 сентября 2013 года № 983 ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 15 апреля 2015 года № 205 "Об утверждении стандарта государственной услуги "Проведение государственной научно-технической экспертизы" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11077, опубликованный в Информационно-правовой системе "Әділет" от 12 июня 2015 года) следующие изменения:

      в Стандарте государственной услуги "Проведение государственной научно-технической экспертизы", утвержденном указанным приказом:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Государственная услуга оказывается Акционерным обществом "Национальный центр государственной научно-технической экспертизы" (далее – услугодатель).

      Прием заявления на государственную научно-техническую экспертизу осуществляется услугодателем при соответствии конкурсной документации требованиям конкурса на проведение грантового финансирования за счет средств государственного бюджета.

      Выдача результата оказания государственной услуги осуществляется услугодателем.";

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. График работы:

      услугодателя: с понедельника по пятницу с 09:00 до 18:30 часов, с перерывом на обед с 13:00 до 14:30 часов, за исключением выходных и праздничных дней в соответствии с трудовым законодательством Республики Казахстан.

      Прием заявлений на оказание государственной услуги осуществляется с 9.00 часов до 17.30 часов с перерывом на обед с 13.00 часов до 14.30 часов.

      Прием осуществляется без предварительной записи и ускоренного обслуживания.";

      подпункт 2) пункта 12 исключить.

      2. Комитету по контролю в сфере образования и науки Министерства образования и науки Республики Казахстан (Нюсупов С.Н.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и Информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на председателя Комитета по контролю в сфере образования и науки Министерства образования и науки Республики Казахстан Нюсупова С.Н.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Исполняющий обязанности


Министра образования и науки


Республики Казахстан

Т. Балыкбаев


      "СОГЛАСОВАН"

      Министр национальной экономики

      Республики Казахстан

      Досаев Е.А. ________________

      7 декабря 2015 года