Қазақстан Республикасының аумағына шикі құрақ қантты бажсыз әкелуге 2016 жылға арналған квота көлемін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 768 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 қаңтарда № 12874 болып тіркелді

      «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2)-тармақшасына және «Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағын бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы» Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. 2016 жылы 405 000 тонна көлеміндегі дәм беріп, иіс шығаратын немесе бояғыш қоспалары жоқ шикі құрақ қантын (бұдан әрі – шикі қант) (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 1701 13, 1701 14) әкелу Қазақстан Республикасының аумағына ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімінде кедендік баждар төлемей жүзеге асырылады деп белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сыртқы сауда қызметін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзiмдi баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика
      министрінің міндетін атқарушы                  М. Құсайынов

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі
      ___________ А. Мамытбеков
      2015 жылғы 23 желтоқсан

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ___________ Б. Сұлтанов
      2015 жылғы 29 желтоқсан


Об утверждении объема квоты на беспошлинный ввоз тростникового сахара-сырца на территорию Республики Казахстан на 2016 год

Приказ и.о. Министра национальной экономики Республики Казахстан от 14 декабря 2015 года № 768. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 января 2016 года № 12874

      В соответствии с подпунктом 2) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 12 апреля 2004 года «О регулировании торговой деятельности» и пунктом 5 решения Комиссии таможенного союза от 27 ноября 2009 года № 130 «О едином таможенно-тарифном регулировании таможенного союза Республики Беларусь, Республики Казахстан и Российской Федерации» ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Установить, что ввоз тростникового сахара-сырца без вкусо-ароматических или красящих добавок (коды ТН ВЭД ЕАЭС 1701 13, 1701 14) (далее – сахар-сырец) в объеме 405 000 тонн в 2016 году осуществляется без уплаты таможенных пошлин в таможенной процедуре выпуска для внутреннего потребления на территорию Республики Казахстан.
      2. Департаменту развития внешнеторговой деятельности Министерства национальной экономики Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания и информационно-правовой системе «Әділет»;
      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности министра
      национальной экономики
      Республики Казахстан                       М. Кусаинов

      «СОГЛАСОВАН»
      Министр сельского хозяйства
      Республики Казахстан
      ___________ А. Мамытбеков
      23 декабря 2015 года

      «СОГЛАСОВАН»
      Министр финансов
      Республики Казахстан
      ___________ Б. Султанов
      29 декабря 2015 года