"Электр және жылу желiлерiн күзету, электр және жылу желілерінің күзету аймақтарында жұмыс жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 231 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 703 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 қаңтарда № 12928 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 332 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 28.09.2017 № 332 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электр және жылу желiлерiн күзету, электр және жылу желілерінің күзету аймақтарында жұмыс жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 231 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11011 болып тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 19 маусымда жарияланды) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр және жылу желiлерiн күзету, электр және жылу желілерінің күзету аймақтарында жұмыс жүргізу қағидаларында:

      2-тарау мынадай мазмұндағы 59-1, 59-2 және 59-3-тармақтарымен толықтырылсын:

      "59-1. Жоғары кернеуі 6-дан 20 кВ-ге дейін секцияланған және таратушы пункттері бар кіші станцияларына бөлінген жер учаскелерінің алаңдары осы Қағидалардың 3-қосымшаның 1-кестесінде келтірілген шамалардан артық болмайды.

      59-2. Жоғары кернеуі 35-тен 1150 кВ-ге дейінгі электр қосылыстарының (жиынтықты қоса алғанда) әр түрлі схемалары бар кіші станцияларға бөлінген жер учаскелерінің алаңдары осы Қағидалардың 3-қосымшаның 2-кестесі бойынша орнатылады.

      59-3. Осы Қағидалардың 3-қосымшасының 2-кестесінде келтірілген ғимараттың құрамына және кіші станциялардың құрылыстарына сәйкес келмейтін ғимараттар мен құрылыстардың құрамы бар (оның ішінде таратушы құрылғылардың ұяшықтары) шағын станцияларға бөлінген жер учаскелерінің алаңдары 3-қосымшаның 3-кестесінде келтірілген шамаға ұлғайтылады немесе азайтылады.".

      4-тарау алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық–құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Энергетика министрінің


міндетін атқарушы

М.Мырзағалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      ____________ А. Мамытбеков

      2015 жылғы 23 желтоқсан



О внесении изменения и дополнений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 231 "Об утверждении Правил охраны электрических и тепловых сетей, производства работ в охранных зонах электрических и тепловых сетей"

Приказ и.о. Министра энергетики Республики Казахстан от 9 декабря 2015 года № 703. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 января 2016 года № 12928. Утратил силу приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 28 сентября 2017 года № 332 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра энергетики РК от 28.09.2017 № 332 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 231 "Об утверждении Правил охраны электрических и тепловых сетей, производства работ в охранных зонах электрических и тепловых сетей" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11011, опубликованный в информационно-правовой системе "Әділет" 19 июня 2015 года) следующие изменение и дополнения:

      в Правилах охраны электрических и тепловых сетей, производства работ в охранных зонах электрических и тепловых сетей, утвержденных указанным приказом:

      главу 2 дополнить пунктами 59-1, 59-2 и 59-3 следующего содержания:

      "59-1. Площади земельных участков, отводимые для подстанций, секционирующих и распределительных пунктов с высшим напряжением от 6 до 20 кВ, составляют не более величин, приведенных в таблице 1 приложения 3 настоящих Правил.

      59-2. Площади земельных участков, отводимые для подстанций с различными схемами электрических соединений (включая комплектные) с высшим напряжением от 35 до 1150 кВ, устанавливаются согласно таблице 2 приложения 3 настоящих Правил.

      59-3. Площади земельных участков, отводимые для подстанций с составом зданий и сооружений (в том числе с количеством ячеек распределительных устройств), не соответствующим составу зданий и сооружений подстанций, приведенных в таблице 2 приложения 3, увеличиваются или уменьшаются на величины, приведенные в таблице 3 приложения 3 настоящих Правил.";

      главу 4 исключить.

      2. Департаменту электроэнергетики Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет";

      3) направление копии настоящего приказа в течение десяти календарных дней со дня его получения в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан;

      4) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан и интранет-портале государственных органов;

      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 2), 3) и 4) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице–министра энергетики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Исполняющий обязанности


Министра энергетики


Республики Казахстан

М. Мирзагалиев

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр сельского хозяйства

      Республики Казахстан

      __________________ А. Мамытбеков

      от 23 декабря 2015 года