Өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау бойынша қызметке қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 949 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 18 наурызда № 13512 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 425 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 09.06.2023 № 425 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау бойынша қызметке қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      __________________Б. Сұлтанов

      2016 жылғы 25 қаңтар

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрі

      __________________И. Тасмағамбетов

      2016 жылғы 11 қаңтар

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрі

      __________________Е. Ыдырысов

      2015 жылғы 4 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы

      __________________В. Жұмақанов

      2015 жылғы 28 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      __________________Е. Досаев

      2015 жылғы 22 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      __________________Қ. Қасымов

      2015 жылғы 23 қараша

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      __________________В. Школьник

      2016 жылғы 15 ақпан



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі міндетін
атқарушының
2015 жылғы 29 қыркүйекте
№ 949 бұйрығымен бекітілді

Өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау бойынша қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.05.2019 № 333 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Тарау 1. "Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына сәйкес өнімнің экспортын лицензиялауға арналған біліктілік талаптары және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі.

р/с №

Біліктілік талаптары

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

1

Сыртқы сауда қызметін жүзеге асыруға тараптардың ниетін растау

Сыртқы сауда шарты (келісімшарт), оған барлық қосымшаларымен және (немесе) толықтыруларымен бірге, сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжат

Әскери мақсаттағы өнімді сыртқы сауда шарты (келісімшарты) немесе басқа да құжаттар (түпкі пайдаланушы) шарттарымен экспортау кезінде, импорттаушы тараптар ниетін растайтын, өнімнің жеткізілуін растау сертификатын ұсыну туралы көздеу қажет.

2

Егер өтініш беруші ретінде делдал шығатын болса, өнімді сатып алу жөніндегі тараптардың ниетін растау

Сыртқы сауда шарты (келісімшарт), оған барлық қосымшаларымен және (немесе) толықтыруларымен бірге, сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда –тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжат

Мәмілеге қатысушылар арасындағы шарттар Қазақстан Республикасының өндірушісінен бастап экспорттаушыға дейін ұсынылады.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің немесе оның құрылымдық бөлімшелерінің әскери мақсаттағы өнімін экспорттаған жағдайда, Қорғаныс министрлігінен бастап экспорттаушыға дейін барлық мәміле қатысушылары арасында шарттар ұсынылады

3

Өнімді айналымына (пайдалануға) байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензияның болуы

"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 16 мамырдағы сәйкес тиісті қызмет түрін немесе әрекеттерді (операциялардың) жүзеге асыруға лицензия

Егер өтініш беруші ретінде делдал шыққан жағдайда, Қазақстан Республикасының барлық мәмілеге қатысушыларының лицензиялары (рұқсаттар) ұсынылады

4

Қазақстан Республикасынан импортталатын өнімді, қазақстандық тараптың келісімінсіз үшінші елдерге беруге жол бермеу немесе кері экспорттау үшін ғана мәлімделген мақсаттарда пайдаланылатыны туралы алушы елдің міндеттемелерінің бар болуы

Мыналарды:
тауардың атауы мен санын;
сыртқы сауда келісімшартының немесе өзге да иеліктен шығару құжатының нөмірі мен күнін;
импортталатын өнімді мәлімделген мақсаттарда пайдалануды;
Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті органының келісімінсіз өнімді үшінші елдерге кері экспорттауға жол бермеуді көрсете отырып, алушы елдің құзыретті органы берген, түпкілікті пайдаланушының сертификаты*, халықаралық импорттау сефтификаты немесе басқада кепілдік құжаттар.

Алушы елдің құзыретті органы берген, түпкілікті пайдаланушының сертификаты, халықаралық импорттау сефтификаты немесе басқада кепілдік құжаттар.:
0- санатқа;
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 - санаттарға жатқызылған өнімдердің (тек ядролық өнім берушілер топтары үшін) экспорты кезінде 1968 жылғы 12 маусымдағы Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа сәйкес ядролық мемлекеттерге экспорттау үшін ғана ұсынылмайды.
Қазақстан Республикасының аумағына өнімді әкелу туралы растаушы құжаттарды ұсына отырып, өнімдерді өндірушіге қайтару кезінде ұсынылмайды;
"Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына сәйкес "Экспорт және импорт кезінде ұлттық қауіпсіздік шеңберінде бақыланатын, 0-9 санаттарымен қамтылмаған өнім" (атом энергетикасы, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы пиротехника пайдалану саласында) 10 санатының экспортты кезінде ұсынылмайды

5

Делдалдық қызметті жүзеге асыру үшін сыртқы сауда мәмілесінің шетелдік қатысушысының рұқсатының бар болуы

Шетелдік қатысушының уәкілетті мемлекеттік орган берген әскери мақсаттағы өніммен делдалдық қызметті жүзеге асыруға сыртқы сауда мәмілесінің шетелдік қатысушысының рұқсаты

Егер сыртқы сауда мәмілесінің шетелдік қатысушысы делдал ретінде әрекет еткен жағдайда.
"Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына сәйкес тек "Әскери қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар" санатына жатқызылған өнімдер үшін

6

Экспорттық бақылаудың фирмаішілік жүйесінің болуы

"Сыртқы экономикалық қызметке катысушылардың (мәлімдеушілердің) экспорттық бақылаудың фирмаішілік жүйелеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 631 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11847 болып тіркелген) сәйкес өтініш беруші бекіткен экспорттық бақылаудың фирмаішілік жүйесінің бағдарламасы

"Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына сәйкес "Экспорт және импорт кезінде ұлттық қауіпсіздік шеңберінде бақыланатын, 0-9 санаттарымен қамтылмаған өнім" (атом энергетикасы, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы пиротехника пайдалану саласында) көрсетілген 10-санат өнімдері үшін ұсынылмайды

0 - санатқа жатқызылған өнімдер

7

Бейбіт мақсаттарда алынатын өнімдердің пайдалануын және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органының келісімінсіз оны кері экспорттауға немесе үшінші елдерге беруге жол бермеуді растау

Алынған өнімнің бейбіт пайдаланылуы туралы алушы елдің уәкілетті мемлекеттік органы берген ресми куәландыру *

Ядролық қаруды таратпау туралы 1968 жылғы 12 маусымдағы шартқа сәйкес ядролық қаруы бар елдерге өнімді экспорттау кезінде ұсынылмайды;
Қазақстан Республикасының аумағына өнімді әкелу туралы растаушы құжаттарды ұсына отырып, өнімдерді өндірушіге қайтару кезінде ұсынылмайды.

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 ‒ санаттарға жатқызылған өнімдер (тек ядролық өнім берушілер топтары үшін)

8

Бейбіт мақсаттарда алынатын өнімдердің пайдалануын және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органының келісімінсіз оны кері экспорттауға немесе үшінші елдерге беруге жол бермеуді растау

Алынған өнімнің бейбіт пайдаланылуы туралы импорттаушы елдің түпкілікті пайдаланушысы тарапынан ресми куәлантыру ***

1968 жылғы 12 маусымдағы Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа сәйкес ядролық қаруы бар елдерге өнімді экспорттау кезінде ұсынылмайды.
Қазақстан Республикасының аумағына өнімді әкелу туралы растаушы құжаттарды ұсына отырып, өнімдерді өндірушіге қайтару кезінде ұсынылмайды.

Жарылғыш және пиротехникалық заттар (азаматтықты қоспағанда) мен олар қолданылып жасалған бұйымдар

9

Қауіпті жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдауға жіберілген көлік құралының бар болуы

"Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға жол берілетін қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11779 болып тіркелген) сәйкес көліктік бақылау саласындағы уәкілетті орган берген қауіпті жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдауға көлік құралын рұқсат беру туралы куәлік

Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль көлігімен тасымалдаған жағдайда

10

1, 6 және 7 ‒ сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға арнайы рұқсаттың бар болуы

"Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға жол берілетін қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11779 болып тіркелген) сәйкес көліктік бақылау саласындағы уәкілетті орган берген 1, 6 және 7 ‒ сыныпты қауіпті жүгін тасымалдауды жүзеге асыруға арналған арнайы рұқсат

Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль көлігімен тасымалдаған жағдайда

      Тарау 2. "Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына сәйкес өнімнің импортын лицензиялауға арналған біліктілік талаптары және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі.

р/с №

Біліктілік талаптары

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

1

Сыртқы сауда қызметін жүзеге асыруға тараптардың ниетін растау

Сыртқы сауда шарты (келісімшарт), оған барлық қосымшаларымен және (немесе) толықтыруларымен бірге, сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжат


2

Егер өтініш беруші ретінде делдал шығатын болса, өнімді сатып алу жөніндегі тараптардың ниетін растау

Барлық толықтырулары мен қосымшалары бар сыртқы сауда мәмілесі, мәміле болмаған жағдайда – тараптардың ниетін растайтын басқа да құжаттар

Импорттаушыдан бастап түпкілікті пайдаланушыға дейін, мәмілеге қатысушылар арасында шарттар ұсынылады

3

Оған қатысты ішкі нарықта рұқсат беру тәртібі енгізілген өнімнің айналымымен, пайдалануымен байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған рұқсаттың бар болуы

"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 16 мамырдағы сәйкес тиісті қызмет түрін немесе әрекеттерді (операциялардың) жүзеге асыруға лицензия

Егер өтініш беруші ретінде делдал шыққан жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық мәмілеге қатысушыларының лицензиялары (рұқсаттар) беріледі

0 - санатқа жатқызылған өнімдер

4

Алынған өнімнің бейбіт мақсаттарда пайдалануын растау

Алынған өнімнің бейбіт пайдаланылуы туралы Қазақстан Республикасындағы түпкілікті пайдаланушы тарапынан ресми куәландыруі **


5

Өнімді шығарған елді растайтын құжаттың бар болуы

Шығарған елдің құзыретті органдары берген өнімнің шығу тегі туралы сертификат


1 - санатқа жатқызылған өнімдер (тек химикаттар үшін)

6

Химиялық өнімнің қауіпсіздік паспортының бар болуы

"Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес химиялық өнімнің қауіпсіздік паспортыны


7

Өтініш берушінің азаматтық-құқықтық жауаптылығын сақтандыру шартының бар болуы

Үшінші тұлғаларға және қоршаған ортаға келтірілген зиянның орнын толтыру туралы өтініш берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты


8

Сақтау қоймаларының жаңаларын салу немесе оларды қайта жаңарту кезінде мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының бар болуы

Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының көшірмесі


9

Экологиялық талаптардың сақталуы

Қалдықтарды, оның ішінде пайдаланылған өнімнің ыдыстарын кәдеге жаратуға, сақтауға және көмуге кәсіпорынмен жасалған шарттың көшірмесі және тауарды одан әрі тұтынушыларға сату үшін келісімшарттарда (шарттарда) пайдаланылған өнімнің ыдысын міндетті түрде қайтару көзделуі қажет

егер өтінім беруші ретінде делдал әрекет еткен жағдайда

10

Келісімшарттарда (шарттарда) экспорттаушыға ақаулы өнімді қайтару тәртібі көрсетілген тармақтың бар болуы

Экспорттаушыға ақаулы өнімді қайтару туралы міндеттеме көрсетілген келісімшарт (шарт)


11

Қауіпті жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдауға жол берілген көлік құралының бар болуы

"Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға жол берілетін қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11779 болып тіркелген) сәйкес көліктік бақылау саласындағы уәкілетті орган берген қауіпті жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдауға көлік құралдарына рұқсат беру туралы куәлік

Автомобиль көлігімен тасымалдаған жағдайда

12

1, 6 және 7 - сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға арналған арнайы рұқсаттың бар болуы

"Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға жол берілетін қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11779 болып тіркелген) сәйкес көліктік бақылау саласындағы уәкілетті орган берген 1, 6 және 7 ‒ сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға берілген арнайы рұқсат

Автомобиль көлігімен тасымалдаған жағдайда

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 - санаттарға жатқызылған өнімдер (тек ядролық жеткізушілер топтары үшін)

13

Бейбіт мақсаттарда алынатын өнімдердің пайдалануын және Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органының келісімінсіз оны кері экспорттауға немесе үшінші елдерге беруге жол бермеуді растау

Алынған өнімнің бейбіт пайдаланылуы туралы Қазақстан Республикасындағы түпкілікті пайдаланушы тарапынан ресми куәлантыру***

Сатып алу-сатудың сыртқы экономикалық келісімшартының (шарт) немесе сыртқы сауда-саттық мәмілесі қатысушылары арасындағы өзге иеліктен шығару құжаттарының мәтінінде куәландырулардың болуына жол беріледі.

Ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан бақыланатын өнімдер (атом энергиясын пайдалану саласындағы)

14

Өнімді Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға арналған рұқсат

Медициналық бұйымға арналған тіркеу куәлігі

Тек медициналық жабдықтар үшін

Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдар

15

Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды тұрақты қолдануға рұқсаттың болуы

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган берген жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды тұрақты қолдануға рұқсат


16

Қауіпті жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдауға жол берілген көлік құралының бар болуы

"Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға жол берілетін қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11779 болып тіркелген) сәйкес көліктік бақылау саласындағы уәкілетті орган берген қауіпті жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдауға көлік құралын рұқсат беру туралы куәлік

Автомобиль көлігімен тасымалдаған жағдайда

17

1, 6 және 7 ‒ сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға арнайы рұқсаттың бар болуы

"Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға жол берілетін қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11779 болып тіркелген) сәйкес көліктік бақылау саласындағы уәкілетті орган берген 1, 6 және 7 ‒ сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға арналған арнайы рұқсат

Автомобиль көлігімен тасымалдаған жағдайда

Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдар

18

Азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сатып алуға арналған рұқсаттың бар болуы

Аумақтық ішкі істер органы берген азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сатып алуға берілген лицензияның көшірмесі


19

1-4 сыныптағы азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтауға арналған рұқсаттың бар болуы

"Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы, атыс тирлерін (атыс алаңдары) және стенділерді ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсаттардың және (немесе) оларға қосымшалардың нысандарын бекіту және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 133 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16733 болып тіркелген) сәйкес аумақтық ішкі істер органы заңды тұлғаларға берген азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтауға арналған рұқсат

Өнеркәсіптік жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтауға лицензиясы бар 4-сыныпты ұйымдарға, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау шартын ұсынуға жол беріледі

      *алушы елдің құзыретті органы берген түпкілікті пайдаланушының сертификаты, халықаралық импорттау сефтификаты немесе басқада кепілдік құжаттарның бейбіт мақсатта пайдалану туралы растамалар түпнұсқалылығын тексеруді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады.

      ** Растамалар:

      түпкі пайдаланушы, сыртқы сауда келісімшартының және (немесе) өзге иеліктен шығару құжатының нөмірі мен күні, тауардың саны туралы ақпаратты;

      алынған өнімді пайдалану мақсаттары мен орналастыру орындары туралы ақпаратты;

      алынған ядролық экспорт (импорт) заттары, сондай-ақ олардың негізінде немесе оларды пайдалану нәтижесінде өндірілген ядролық және арнайы ядролық емес материалдар, қондырғылар және жабдықтар туралы міндеттемелерді;

      мәлімделген мақсаттарда қолданылатынын;

      ядролық қару және басқа ядролық жарылғыш құрылғыларды өндіру үшін немесе белгілі бір әскери мақсатқа қол жеткізу үшін пайдаланылмайтындығын;

      оларды нақты пайдаланудың барлық мерзімі ішінде Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (бұдан әрі – АЭЖХА) кепілдігінде болатындығын;

      АЭЖХА ұсынған деңгейлерден төмен болмайтын жеке қорғау шараларымен қамтамасыз етілетіндігін;

      жоғарыда көрсетілген шарттарда көзделген жағдайларда және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті органының жазбаша келісімі болған кезде кері экспортталатындығын (экспортталатындығын) немесе алушы елдің заңды құзырынан берілетіндігін қамтуы тиіс.

      *** Растамалар:

      түпкілікті пайдаланушы, сыртқы сауда келісімшартының және (немесе) өзге иеліктен шығару құжатының нөмірі мен күні, тауардың саны туралы ақпаратты;

      алынған өнімді пайдалану мақсаттары мен орналастыру орындары туралы ақпаратты;

      алынған ядролық экспорт (импорт) заттары, сондай-ақ олардың негізінде немесе оларды пайдалану нәтижесінде өндірілген ядролық және арнайы ядролық емес материалдар, қондырғылар және жабдықтар туралы міндеттемелерді;

      ядролық қару және басқа ядролық жарылғыш құрылғыларды өндіру үшін немесе белгілі бір әскери мақсатқа қол жеткізу үшін қолданылмайтындығын;

      АЭЖХА кепілдігіне қойылмаған ядролық отын циклы саласындағы қызметте қолданылмайтындығын;

      жоғарыда көрсетілген шарттарда көзделген жағдайларда және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті органының жазбаша келісімі болған кезде кері экспортталатындығын (экспортталатындығын) немесе алушы елдің заңды құзырынан берілетіндігінқамтуы тиіс.


Об утверждении Квалификационных требований, предъявляемых к деятельности по лицензированию, экспорта и импорта продукции и перечень документов, подтверждающих соответствие им

Приказ и.о. Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 29 сентября 2015 года № 949. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 18 марта 2016 года № 13512. Утратил силу приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 9 июня 2023 года № 425.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 09.06.2023 № 425 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 1-1) пункта 1 статьи 12 Закона Республики Казахстан от 16 мая 2014 года "О разрешениях и уведомлениях" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Квалификационные требования, предъявляемые к деятельности по лицензированию экспорта и импорта продукции и перечень документов, подтверждающих соответствие им.

      2. Комитету индустриального развития и промышленной безопасности Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Ержанов А.К.) обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан, направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания и информационно-правовую систему "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) пункта 2 настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования.

Исполняющий обязанности Министра


по инвестициям и развитию


Республики Казахстан

Ж. Қасымбек

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр финансов

      Республики Казахстан

      __________________Б. Султанов

      25 января 2016 года

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр обороны

      Республики Казахстан

      __________________И. Тасмагамбетов

      11 января 2016 года

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр иностранных дел

      Республики Казахстан

      __________________Е. Идрисов

      4 декабря 2015 года

      "СОГЛАСОВАН"

      Председатель Комитета национальной

      безопасности Республики Казахстан

      __________________В. Жумаканов

      28 декабря 2015 года

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр национальной экономики

      Республики Казахстан

      __________________Е. Досаев

      22 декабря 2015 года

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр внутренних дел

      Республики Казахстан

      __________________К. Касымов

      23 ноября 2015 года

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр энергетики

      Республики Казахстан

      __________________В. Школьник

      15 февраля 2016 года

  Утверждены
приказом исполняющего
обязанности Министра
по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
от 29 сентября 2015 года № 949

Квалификационные требования, предъявляемые к деятельности по лицензированию экспорта и импорта продукции и перечень документов, подтверждающих соответствие им

      Сноска. Квалификационные требования - в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 28.05.2019 № 333 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      Глава 1. Квалификационные требования и перечень документов, подтверждающих соответствие им, для лицензирования экспорта продукции в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 февраля 2008 года № 104 "Об утверждении номенклатуры (списка) продукции, подлежащей экспортному контролю".

№ п/п

Квалификационные требования

Документы

Примечание

1

2

3

4

1

Подтверждение намерения сторон на осуществление внешнеторговой деятельности

Внешнеторговый договор (контракт), со всеми приложениями и (или) дополнениями к нему, а в случае отсутствия внешнеторгового договора (контракта) – иной документ, подтверждающий намерения сторон

При экспорте продукции военного назначения в условиях внешнеторгового договора (контракта) или иного документа, подтверждающего намерения сторон с импортером (конечным пользователем) необходимо предусмотреть предоставлении сертификата подтверждения доставки продукции

2

Подтверждение намерения сторон по приобретению продукции, если в качестве заявителя выступает посредник

Договор (контракт), со всеми приложениями и (или) дополнениями к нему, а в случае отсутствия договора (контракта) – иной документ, подтверждающий намерения сторон

Предоставляются договора между участниками сделки, начиная от производителя в Республике Казахстан и до экспортера.
В случае экспорта продукции военного назначения Министерства обороны Республики Казахстан или его структурных подразделений предоставляются договора между всеми участниками сделки начиная от Министерства обороны Республики Казахстан или его структурных подразделений до экспортера

3

Наличие лицензии на осуществление деятельности, связанной с обращением (использованием) продукции

Лицензия на осуществление соответствующего вида деятельности или действий (операций) в соответствии с Законом Республике Казахстан от 16 мая 2014 года "О разрешениях и уведомлениях"

В случае если заявитель выступает в качестве посредника, предоставляются также лицензии всех участников сделки в Республике Казахстан

4

Наличие обязательства страны-получателя об использовании импортируемой из Республики Казахстан продукции только в заявленных целях и недопущении ее реэкспорта или передачи в третьи страны без согласия казахстанской стороны

Сертификат конечного пользователя*, международный импортный сертификат или иной гарантийный документ, выданный компетентным органом страны-получателя с указанием:
наименования и количества товара;
номера и даты внешнеторгового контракта (договора) или иного документа отчуждения;
использования импортируемой продукции в заявленных целях;
недопущении реэкспорта продукции в третьи страны без согласия уполномоченного органа Республики Казахстан в сфере экспортного контроля

Сертификат конечного пользователя, международный импортный сертификат или иной гарантийный документ, выданный компетентным органом страны-получателя не представляется в случаях:
экспорта продукции, отнесенной к:
Категории 0;
Категории 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 (только для группы ядерных поставщиков) только для экспорта в ядерные государства в соответствии с Договором о нераспространении ядерного оружия от 12 июня 1968 года;
возврата продукции производителю с предоставлением подтверждающих документов о ввозе продукции на территорию Республики Казахстан;
экспорта категории 10 "Продукция, контролируемая в рамках национальной безопасности при экспорте и импорте, не охваченная категориями 0-9" (в области использования атомной энергии, а также пиротехника гражданского назначения) в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 февраля 2008 года № 104 "Об утверждении номенклатуры (списка) продукции, подлежащей экспортному контролю".

5

Наличие разрешения иностранного участника внешнеторговой сделки на осуществление посреднической деятельности

Разрешение иностранного участника внешнеторговой сделки на осуществление посреднической деятельности с продукцией военного назначения, выданное уполномоченным государственным органом иностранного участника

В случае если иностранный участник внешнеторговой сделки выступает в качестве посредника.
Только для продукции, отнесенной к категории "Товары и технологии военного применения (назначения)" в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 февраля 2008 года № 104 "Об утверждении номенклатуры (списка) продукции, подлежащей экспортному контролю"

6

Наличие внутрифирменной системы экспортного контроля

Утвержденная заявителем программа внутрифирменной системы экспортного контроля в соответствии с приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 мая 2015 года № 631"Об утверждении квалификационных требований к внутрифирменным системам экспортного контроля участников внешнеэкономической деятельности (заявителей)" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11847)

Не представляется для продукции, указанной в категории 10 "Продукция, контролируемая в рамках национальной безопасности при экспорте и импорте, не охваченная категориями 0-9"
в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 февраля 2008 года № 104 "Об утверждении номенклатуры (списка) продукции, подлежащей экспортному контролю".

Продукции, отнесенной к Категории 0

7

Подтверждение использования получаемой продукции в мирных целях и недопущении ее реэкспорта или передачи в третьи страны без согласия уполномоченного государственного органа в сфере экспортного контроля Республики Казахстан

Официальное заверение** о мирном использовании получаемой продукции, выданного уполномоченным государственным органом страны-получателя

Не представляется: при экспорте продукции в страны, обладающие ядерным оружием, в соответствии с Договором о нераспространении ядерного оружия от 12 июня 1968 года;
при возврате продукции производителю с предоставлением подтверждающих документов о ввозе продукции на территорию Республики Казахстан.

Продукции, отнесенной к Категориям 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 (только для группы ядерных поставщиков)

8

Подтверждение использования получаемой продукции в мирных целях и недопущении ее реэкспорта или передачи в третьи страны без согласия уполномоченного государственного органа в сфере экспортного контроля Республики Казахстан

Официальное заверение*** о мирном использовании получаемой продукции со стороны конечного пользователя страны импортера

Не представляется: при экспорте в страны, обладающие ядерным оружием, в соответствии с Договором о нераспространении ядерного оружия от 12 июня 1968 года;
при возврате продукции производителю с предоставлением подтверждающих документов о ввозе продукции на территорию Республики Казахстан.

Взрывчатые и пиротехнические (за исключением гражданских) вещества и изделия с их применением

9

Наличие транспортного средства, допущенного к перевозке опасных грузов в международном сообщении

Свидетельство о допущении транспортного средства к перевозке опасных грузов в международном сообщении, выданное уполномоченным органом в сфере транспортного контроля в соответствии с приказом исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 17 апреля 2015 года № 460 "Об утверждении Правил перевозки опасных грузов автомобильным транспортом и перечня опасных грузов, допускаемых к перевозке автотранспортными средствами на территории Республики Казахстан" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11779)

В случае транспортировки автомобильным транспортом по территории Республики Казахстан

10

Наличие специального разрешения на осуществление перевозки опасного груза классов 1, 6 и 7

Специальное разрешение на осуществление перевозки опасного груза классов 1, 6 и 7, выданного уполномоченным органом в сфере транспортного контроля в соответствии с приказом исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 17 апреля 2015 года № 460 "Об утверждении Правил перевозки опасных грузов автомобильным транспортом и перечня опасных грузов, допускаемых к перевозке автотранспортными средствами на территории Республики Казахстан" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11779)

В случае транспортировки автомобильным транспортом по территории Республики Казахстан

      Глава 2. Квалификационные требования и перечень документов, подтверждающих соответствие им, для лицензирования импорта продукции в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 февраля 2008 года № 104 "Об утверждении номенклатуры (списка) продукции, подлежащей экспортному контролю".

№ п/п

Квалификационные требования

Документы

Примечание

1

2

3

4

1

Подтверждение намерения сторон на осуществление внешнеторговой деятельности

Внешнеторговый договор (контракт), со всеми приложениями и (или) дополнениями к нему, а в случае отсутствия внешнеторгового договора (контракта) – иной документ, подтверждающий намерения сторон


2

Подтверждение намерения сторон по приобретению продукции, если в качестве заявителя выступает посредник

Договор (контракт), со всеми приложениями и (или) дополнениями к нему, а в случае отсутствия договора (контракта) – иной документ, подтверждающий намерения сторон

Предоставляются договора между участниками сделки, начиная от импортера и до конечного потребителя

3

Наличие разрешения на осуществление деятельности, связанной с оборотом, использованием продукции, в отношении которого введен разрешительный порядок на внутреннем рынке

Лицензия (разрешение) заявителя на осуществление соответствующего вида деятельности или действий (операций) в соответствии с Законом Республике Казахстан от 16 мая 2014 года "О разрешениях и уведомлениях"

В случае если заявитель выступает в качестве посредника, предоставляются также лицензии (разрешения) всех участников сделки в Республике Казахстан

Продукции, отнесенной к Категории 0

4

Подтверждение использования получаемой продукции в мирных целях

Официальное заверение** о мирном использовании получаемой продукции со стороны конечного пользователя в Республике Казахстан


5

Наличие документа, подтверждающего страну происхождения продукции

Сертификат происхождения продукции, выданного компетентными органами страны происхождения


Продукции, отнесенной к Категории 1 (только для химикатов)

6

Наличие паспорта безопасности химической продукции

Паспорт безопасности химической продукции в соответствии с Законом Республики Казахстан от 21 июля 2007 года "О безопасности химической продукции"


7

Наличие договора страхования гражданско-правовой ответственности заявителя

Договор страхования гражданско-правовой ответственности заявителя о возмещении вреда причиненного третьим лицам и окружающей среде


8

Наличие положительного заключения государственной экологической экспертизы при строительстве новых или реконструкции складов хранения

Копия положительного заключения государственной экологической экспертизы


9

Соблюдение экологических требований

Копия договора с предприятием на утилизацию, хранение и захоронение отходов, в том числе тары из-под использованной продукции и в дальнейшей реализации товара потребителям необходимо в контрактах (договорах) предусмотреть обязательный возврат тары из-под использованной продукции

В случае если в качестве заявителя выступает посредник

10

Наличие в контрактах (договорах) пункта, в котором указан порядок возврата экспортеру бракованной продукции

Контракт (договор) в котором указано обязательство о возврате экспортеру бракованной продукции


11

Наличие транспортного средства, допущенного к перевозке опасных грузов в международном сообщении

Свидетельство о допущении транспортного средства к перевозке опасных грузов в международном сообщении, выданное уполномоченным органом в сфере транспортного контроля в соответствии с приказом исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 17 апреля 2015 года № 460 "Об утверждении Правил перевозки опасных грузов автомобильным транспортом и перечня опасных грузов, допускаемых к перевозке автотранспортными средствами на территории Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11779)

В случае транспортировки автомобильным транспортом

12

Наличие специального разрешения на осуществление перевозки опасного груза классов 1, 6 и 7

Специальное разрешение на осуществление перевозки опасного груза классов 1, 6 и 7, выданного уполномоченным органом в сфере транспортного контроля в соответствии с приказом исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 17 апреля 2015 года № 460 "Об утверждении Правил перевозки опасных грузов автомобильным транспортом и перечня опасных грузов, допускаемых к перевозке автотранспортными средствами на территории Республики Казахстан" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11779)

В случае транспортировки автомобильным транспортом

Продукции, отнесенные к Категориям 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 (только для группы ядерных поставщиков)

13

Подтверждение использования получаемой продукции в мирных целях и недопущении ее реэкспорта или передачи в третьи страны без согласия уполномоченного государственного органа в сфере использования атомной энергии Республики Казахстан

Официального заверения*** о мирном использовании получаемой продукции со стороны конечного пользователя в Республике Казахстан

Допускается наличие заверений в тексте внешнеэкономического контракта (договора) купли-продажи или иного документа отчуждения между участниками внешнеторговой сделки.

Продукции, контролируемой по соображениям национальной безопасности (в области использования атомной энергии)

14

Разрешение на использование продукции на территории Республики Казахстан

Регистрационное удостоверение на медицинское изделие

Только для медицинского оборудования

Взрывчатые и пиротехнические (за исключением гражданских) вещества и изделия с их применением

15

Наличие разрешения на постоянное применение взрывчатых веществ и изделий на их основе

Разрешение на постоянное применение взрывчатых веществ и изделий на их основе, выданное уполномоченным органом в сфере промышленной безопасности государства – члена Евразийского экономического союза


16

Наличие транспортного средства, допущенного к перевозке опасных грузов в международном сообщении

Свидетельство о допущении транспортного средства к перевозке опасных грузов в международном сообщении, выданное уполномоченным органом в сфере транспортного контроля в соответствии с приказом исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 17 апреля 2015 года № 460 "Об утверждении Правил перевозки опасных грузов автомобильным транспортом и перечня опасных грузов, допускаемых к перевозке автотранспортными средствами на территории Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11779)

В случае транспортировки автомобильным транспортом

17

Наличие специального разрешения на осуществление перевозки опасного груза классов 1, 6 и 7

Специальное разрешение на осуществление перевозки опасного груза классов 1, 6 и 7, выданного уполномоченным органом в сфере транспортного контроля в соответствии с приказом исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 17 апреля 2015 года № 460 "Об утверждении Правил перевозки опасных грузов автомобильным транспортом и перечня опасных грузов, допускаемых к перевозке автотранспортными средствами на территории Республики Казахстан" (зарегистрировант в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11779)

В случае транспортировки автомобильным транспортом

Гражданские пиротехнические вещества и изделия с их применением

18

Наличие разрешения на приобретение гражданских пиротехнических веществ и изделий

Копия лицензии на приобретение гражданских пиротехнических веществ и изделий, выданной территориальным органом внутренних дел


19

Наличие разрешения на хранение гражданских пиротехнических веществ и изделий с их применением 1-4 классов

Разрешение на хранение гражданских пиротехнических веществ и изделий с их применением юридическим лицам, выданной территориальным органом внутренних дел в соответствии приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 19 февраля 2018 года № 133 "Об утверждении форм разрешений и (или) приложений к ним, в сферах оборота гражданского и служебного оружия и патронов к нему, гражданских пиротехнических веществ и изделий с их применением, на открытие и функционирование стрелковых тиров (стрельбищ) и стендов, а также о внесении изменений в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 16733)

Допускается предоставление договора хранения гражданских пиротехнических веществ и изделий с их применением 4 класса организацией, имеющей лицензию на хранение промышленных взрывчатых и пиротехнических веществ и изделий с их применением

      *проверка подлинности сертификата конечного пользователя, международного импортного сертификата, заверения о мирном использовании или иного гарантийного документа, выданного компетентным органом страны-получателя, осуществляется Министерством иностранных дел Республики Казахстан.

      ** Заверения должны содержать:

      информацию о конечном пользователе, номере и дате внешнеторгового контракта и (или) иного документа отчуждения, количестве товара;

      информацию о целях использования и местах размещения получаемой продукции;

      обязательства о том, что полученные предметы ядерного экспорта (импорта), а также произведенные на их основе или в результате их использования ядерные и специальные неядерные материалы, установки и оборудования:

      будут использоваться в заявленных целях;

      не будут использоваться для производства ядерного оружия и других ядерных взрывных устройств или для достижения какой-либо военной цели;

      будут находиться под гарантиями Международного агентства по атомной энергии (далее – МАГАТЭ) в течение всего срока их фактического использования;

      будут обеспечены мерами физической защиты на уровнях, не ниже рекомендованных МАГАТЭ;

      будут реэкспортироваться (экспортироваться) или передаваться из-под юрисдикции страны-получателя только на условиях, предусмотренных вышеуказанных условиях и при наличии письменного согласия уполномоченного органа в сфере экспортного контроля Республики Казахстан.

      *** Заверения должны содержать:

      информацию о конечном пользователе, номере и дате внешнеторгового контракта и (или) иного документа отчуждения, количестве товара;

      информацию о целях использования и местах размещения получаемой продукции;

      обязательства о том, что полученные предметы ядерного экспорта (импорта), а также произведенные на их основе или в результате их использования ядерные и специальные неядерные материалы, установки и оборудование:

      не будут использоваться для производства ядерного оружия и других ядерных взрывных устройств или для достижения какой-либо военной цели;

      не будут использоваться в деятельности в области ядерного топливного цикла, не поставленной под гарантии МАГАТЭ;

      будут реэкспортироваться (экспортироваться) или передаваться из-под юрисдикции страны-получателя только на условиях, предусмотренных вышеуказанных условиях и при наличии письменного согласия уполномоченного органа в сфере экспортного контроля Республики Казахстан.