Тасымалдауды жүзеге асыру кезінде Ұлттық теміржол компаниясы мен тасымалдаушылардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 533 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 22 сәуірде № 13614 болып тіркелді

      «Темiржол көлiгі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiліп отырған Тасымалдауды жүзеге асыру кезінде Ұлттық теміржол компаниясы мен тасымалдаушылардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау қағидалары бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі           Ә. Исекешев

      «КЕЛІСІЛДІ»:
      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      _______________ Қ. Қасымов
      2016 жылғы 15 наурыз

      «КЕЛІСІЛДІ»:
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _______________ Е. Досаев
      2016 жылғы 19 қаңтар

Қазақстан Республикасы 
Инвестициялар және даму 
министрінің       
2015 жылғы 30 сәуірдегі 
№ 533 бұйрығымен     
бекітілген       

Тасымалдауды жүзеге асыру кезінде Ұлттық теміржол компаниясы мен тасымалдаушылардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тасымалдауды жүзеге асыру кезінде Ұлттық теміржол компаниясы мен тасымалдаушылардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабының 2-тармағының 34-25) тармақшасына сәйкес әзірленген және тасымалдауды жүзеғе асыру кезінде Ұлттық теміржол компаниясы мен тасымалдаушылардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қагидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) жергілікті атқарушы орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
      2) кеден органдары – өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасындағы кеден ісін іске асыруды жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік кіріс органдары;
      3) ішкі істер органдары – адамның және азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғауға, қоғамдық тәртінті сақтауға және қогамдық қауінсіздікті қамтамасыз етуге арналған құқық қорғау органдары.

2. Тасымалдауды жүзеге асыру кезінде Ұлттық теміржол компаниясы мен тасымалдаушылардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібі

      3. Теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк багаждарын және почта жөнелтілімдерін республикаішілік қатынаста тасымалдау Заңның 14-бабының 2-тармағының 34-15) тармақшасына сәйкес бекітілетін Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау қагидаларымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
      4. Заңның 8-бабының 4-тармағына сәйкес темiржол көлiгiмен халықаралық қатынаста және транзитпен жолаушыларды, багажды, жүктi және жүк-багажды тасымалдау Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
      5. Ұлттық теміржол компаниясы және тасымалдаушылар тасымалдарды жүзеге асыру кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдармен, сонымен қатар, уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайды.
      6. Жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүкті, почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау кезiнде және көлiктiк-экспедициялық қызметтерді жүзеге асыру кезінде тасымалдаушы арнайы және әскери тасымалдауларды жүзеге асыруға өздерінің құзыреттері шегінде мемлекеттік органдардың талаптарын орындайды.
      7. Тасымалдаушылармен теміржол көлігімен тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде уәкiлеттi орган орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен өзара iс-қимыл жасасады, бiрлескен бақылау шараларын қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.
      8. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 154-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттiк органдар мен ведомствоға қарасты ұйымдардың мамандары, кеңесшілері және сарапшылары уәкiлеттi органға теміржол көлiгi саласында қауiпсiздiктiң қамтамасыз етiлуiне көлiктiк бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттердi орындауда жәрдемдеседі.
      9. Тасымалдау проңесіне қатысушылар мен жылжымалы теміржол құрамының иелері уәкілетті органга жылжымалы теміржол құрамына, сондай-ақ магистральдық, станциялық және кірме жолдарға жүргізілген жоспарлы жөндеу туралы ақпарат береді.
      10. Теміржол көлігімен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушылар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 527 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 12993 болып тіркелген) бекітілген Уәкілетті мемлекеттік органға және (немесе) құқық қоргау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға ресімделген және (немесе) броньға қойылған билеттер туралы мәліметтерді беру қағидаларымен орнатылған тәртіпте уәкілетті мемлекеттік органға және (немесе) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға ресімделген және (немесе) броньға қойылған билеттер туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етеді.
      11. Көліктегі ішкі істер органдары мен тасымалдаушылар арасында өзара іс-қимыл жолаушылар поездарымен жолаушыларды, багаждарды, жүк багаждарын тасымалдау кезінде Заңмен және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 485 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 6018 болып тіркелген) бекітілген Көліктегі ішкі істер органдарының патрульдік полициясы саптық бөліністерінің жолаушылар поездарына ілесіп жүруін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықпен белғіленген нормалар шеңберінде жүзеге асырылады.
      12. Жолаушылар поездарына ілесіп жүру бойынша патрульдік полиңия саптық бөліністерінен бөлінетін полиция жасақшаларының жолаушылар поездарына ілесіп жүруі қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу, жолаушылардың жеке және мүліктік, вагон жабдықтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
      13. Жолаушылар поезындағы тасымалдаушының өкілі рейстік журналға поездарға ілесіп жүру жөніндегі полиция жасақшасына кіретін қызметкерлердің аты-жөнін, олардың қызмет куәліктері мен бағыт парағының нөмірін жазады.
      14. Теміржол көлігі жұмысшылары қызметтік міндеттерін орындау кезінде жолаушылар поездарына ілесіп жүруді қамтамасыз ететін патрульдік полиңия бөліністерінің жасақшаларына жан-жақты көмек көрсету қажет.
      15. Жолаушылар поезындағы тасымалдаушының өкілі қызметтік міндеттерін орындау кезінде:
      полиңия жасақшаларының бағыт парағына поездағы жедел жағдай туралы ақпарат, қызметкерлердің өз міндеттерін орындауда ескертулер және оларды жою жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      көліктегі ішкі істер органдарын полиция поезда ілесіп жүретін жасақшаларының жол жүру кезінде қызметтік тәртінті өрескел бұзғаны туралы ақпараттандырады.

Об утверждении Правил взаимодействия Национальной железнодорожной компании и перевозчиков с государственными органами при осуществлении перевозок

Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 533. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 апреля 2016 года № 13614

      В соответствии с подпунктом 34-25) пункта 2 статьи 14 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 2001 года «О железнодорожном транспорте» ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила взаимодействия Национальной железнодорожной компании и перевозчиков с государственными органами при осуществлении перевозок.
      2. Комитету транспорта Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Асавбаев А.А.) обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе «Әділет»;
      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;
      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) пункта 2 настоящего приказа.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр по инвестициям и развитию
      Республики Казахстан                       А. Исекешев

      «СОГЛАСОВАН»:
      Министр внутренних дел
      Республики Казахстан
      ________________ К. Касымов
      15 марта 2016 года

      «СОГЛАСОВАН»:
      Министр национальной экономики
      Республики Казахстан
      ________________ Е. Досаев
      19 января 2016 года

Утверждены        
приказом Министра    
по инвестициям и развитию
Республики Казахстан  
от 30 апреля 2015 года № 533

Правила
взаимодействия Национальной железнодорожной компании и
перевозчиков с государственными органами при
осуществлении перевозок

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила взаимодействия Национальной железнодорожной компании и перевозчиков с государственными органами при осуществлении перевозок (далее – Правила), разработаны в соответствии с подпунктом 34-25) пункта 2 статьи 14 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 2001 года «О железнодорожном транспорте» (далее – Закон) и определяют порядок взаимодействия Национальной железнодорожной компании и перевозчиков с государственными органами при осуществлении перевозок.
      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:
      1) местный исполнительный орган – коллегиальный исполнительный орган, возглавляемый акимом области, города республиканского значения и столицы, района (города областного значения), осуществляющий в пределах своей компетенции местное государственное управление и самоуправление на соответствующей территории;
      2) таможенные органы – органы государственных доходов, в пределах своей компетенции осуществляющие реализацию таможенного дела в Республике Казахстан, а также выполняющие иные полномочия, предусмотренные законодательством Республики Казахстан;
      3) органы внутренних дел – правоохранительные органы, предназначенные для защиты жизни, здоровья, прав и свобод человека и гражданина, интересов общества и государства от противоправных посягательств, охраны общественного порядка и обеспечения общественной безопасности.

2. Порядок взаимодействия Национальной железнодорожной
компании и перевозчиков с государственными органами
при осуществлении перевозок

      3. Перевозка пассажиров, багажа, грузов, грузобагажа и почтовых отправлений во внутриреспубликанском сообщении железнодорожным транспортом осуществляется согласно подпункту 34-15) пункта 2 статьи 14 Закона.
      4. Согласно пункту 4 статьи 8 Закона, перевозка пассажиров, багажа, грузов и грузобагажа железнодорожным транспортом в международном сообщении и транзитом осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан и международными договорами Республики Казахстан.
      5. Национальная железнодорожная компания и перевозчики при осуществлении перевозок взаимодействуют с центральными и местными исполнительными органами, в том числе, с уполномоченным органом.
      6. При перевозке грузов, пассажиров, багажа, почтовых отправлений и при осуществлении транспортно-экспедиционных услуг перевозчик выполняет требования государственных органов в пределах их компетенции на осуществление специальных и воинских перевозок.
      7. Уполномоченный орган взаимодействует с центральными и местными исполнительными органами, принимает совместные меры контроля, обеспечивает взаимный обмен информацией при осуществлении перевозчиками перевозок железнодорожным транспортом.
      8. Согласно подпункту 3) пункта 1 статьи 154 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан, специалисты, консультанты и эксперты государственных органов и подведомственных организаций оказывают содействие уполномоченному органу в выполнении задач по осуществлению контроля за обеспечением безопасности в области железнодорожного транспорта.
      9. Участники перевозочного процесса и владельцы железнодорожного подвижного состава предоставляют уполномоченному органу информацию о проведенном плановом ремонте железнодорожного подвижного состава, а также магистральных, станционных и подъездных путей.
      10. Перевозчики, осуществляющие перевозки пассажиров железнодорожным транспортом, обеспечивают передачу сведений об оформленных и (или) забронированных билетах на железнодорожном транспорте в уполномоченный государственный орган и (или) правоохранительные и специальные государственные органы в порядке, установленным Правилами передачи сведений об оформленных и (или) забронированных билетах в уполномоченный государственный орган и (или) правоохранительные и специальные государственные органы, утвержденной приказом исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 29 апреля 2015 года № 527 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12993).
      11. Взаимодействие органов внутренних дел и перевозчиков на транспорте осуществляется при перевозке пассажиров, багажа, грузобагажа пассажирскими поездами в пределах норм, установленных пунктом 3 статьи 33 Закона и Инструкцией по сопровождению пассажирских поездов строевыми подразделениями патрульной полиции органов внутренних дел на транспорте, утвержденной приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 21 декабря 2009 года № 485 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6018).
      12. Сопровождение пассажирских поездов нарядами полиции, выделяемых от строевых подразделений патрульной полиции по сопровождению пассажирских поездов, осуществляется в целях охраны общественного порядка, предупреждения, выявления и пресечения преступлений и административных правонарушений, обеспечения личной и имущественной безопасности пассажиров, и вагонного оборудования.
      13. Представитель перевозчика в пассажирском поезде вносит в рейсовый журнал фамилии и инициалы сотрудников, входящих в наряд полиции по сопровождению поезда, номера их служебных удостоверений и маршрутных листов.
      14. При исполнении служебных обязанностей работникам железнодорожного транспорта необходимо всесторонне содействовать нарядам строевых подразделений патрульной полиции, обеспечивающим сопровождение пассажирских поездов.
      15. Представитель перевозчика в вагоне при исполнении служебных обязанностей:
      вносит в маршрутные листы нарядов полиции информацию об оперативной обстановке в поезде, замечания по исполнению сотрудниками своих обязанностей и предложения по их устранению;
      информирует органов внутренних дел на транспорте о фактах грубого нарушения служебной дисциплины в пути следования нарядами полиции, сопровождающими поезд.