"Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 111-876 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2015 жылы 23 маусымда № 919 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 06-400 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 28.02.2018 № 06-400 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) туралы ереже бекітілсін.

      2. Басқарма басшысы осы қаулыны кейіннен ресми және мерзімдік баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет – ресурсында жариялаумен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Н.Р. Әлиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

      Әкім Ә. Жақсыбеков

  Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 3 маусымдағы
№ 111-876 қаулысымен
бекітілді

"Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Астана қаласында кәсіпкерлік, өнеркәсіп және сауда саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық–құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Басқарма егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарманың құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, "Сарыарқа" ауданы, Бейбітшілік көшесі, № 11.

      10. Басқарманың толық атауы: "Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Басқарманың қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.

      13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      14. Басқарманың миссиясы: Астана қаласында кәсіпкерлік қызметті қолдауды және дамытуды қамтамасыз ету.

      15. Міндеттері:

      1) өнеркәсіптік өндірістің инфрақұрылымын дамыту;

      2) қоғамдық тамақтану орындарында қызмет көрсету деңгейі мен сапасын арттыру;

      3) кәсіпкерлік саласында гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру;

      4) өнеркәсіптік өндірісті әртараптандыру және инфрақұрылым жұмысын үйлестіру;

      5) инвестициялық жобаларды іске асыруға мониторинг жүргізу және ықпал ету;

      6) индустриялық саясатты іске асыру.

      16. Функциялары:

      1) Астана қаласының шағын және орта кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту және қолдау көрсету бойынша мониторингті жүзеге асыру;

      2) кәсіпкерлікті қорғаудың әкімшілік-құқықтық нормалары мен дамытуды жетілдіру;

      3) басым салалары бойынша жобаларды қаржыландыру және несиелендіру мәселелері бойынша банктермен және қаржылық ұйымдармен өзара әрекеттестікті жүзеге асыру;

      4) бәсекелес ортаны қалыптастыру;

      5) Астана қаласының жүйе қалыптастырушы кәсіпорындарын қазақстандық қамтуға мониторингі;

      6) сауда саласында, оның ішінде көтерме-бөлшек, қоғамдық тамақтану, тұрақты және көшпелі сауда, базарлар қызметі, қызмет және тұрмыстық қызмет көрсету саласында меншік нысанына қарамастан, құзыреті шегінде бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;

      7) тұтынушылар нарығына ауыл шаруашылық өндірушілердің қолжетімділігі үшін қолайлы жағдай жасау;

      8) азық-түлік тауарларын өткізушелердің бәсекеге қабілетті ортасын кеңейту (жәрмеңкелер, коммуналдық сауда объектілерінің санын арттыру);

      9) базар инфрақұрылымын дамыту;

      10) Алынып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 02.06.2017 № 111-1154 қаулысымен.

      11) заңды тұлғалардың түрлі-түсті және қара металдар сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті бастағандығы немесе тоқтатқандығы туралы хабарламаларды қабылдау;

      12) жүзеге асырылып отырған қызмет саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану тәжірибесін талдау және жалпылау, оны жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу, жобалар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілерді дайындауға қатысу, оларды Астана қаласы әкімінің (бұдан әрі – әкім) қарауына енгізу;

      13) атқарушы биліктің республикалық органдарымен және ұйымдарымен өзара әрекеттестікті жүзеге асыру;

      14) отбасылық бизнесті дамыту;

      15) Астана қаласын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің жұмыс органы функцияларын жүзеге асыру;

      16) Астана қаласы әкімдігінің жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің жұмыс органы функцияларын жүзеге асыру;

      17) Астана қаласында жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шараларын орындау;

      18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру.

      19) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      20) ұлттық қауіпсіздік органдарын хабардар ете отырып, бизнес-көшiп келушiлердің уақытша тұруға арналған рұқсаттарының қолданылу мерзiмiн ұзартуға немесе қысқартуға өтінішхат беру.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 02.06.2017 № 111-1154 қаулысымен.

      17. Құқықтары мен міндеттері;

      1) әкімнің қарауына Астана қаласын дамыту мақсаттары мен басымдылықтарын анықтау және оларды мемлекеттік басқару органдарымен орындалуын бақылауды жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      2) нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын және Басқарма құзыретіне кіретін мәселелерді реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар қызметінің сауда, базарлар қызметі, қоғамдық тамақтану, заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзуі жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыру саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне тексеріс жүргізу;

      4) мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдар мен олардың басшыларынан, азаматтардан берілген тапсырмаларды орындау үшін қажетті ақпаратты белгіленген тәртіпте сұрату және алу;

      5) жергілікті атқарушы биліктің өзге органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      6) ведомстволық бағынысты коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;

      7) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте мәжілістер шақыру;

      8) шағым жасауға, талап-арыз жазу, соттарда талапкер және жауапкер ретінде әрекет ету.

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

      18. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға, сондай-ақ Басқарма қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы нормаларын сақтамағаны үшін дербес жауапты болатын Басқарма басшысы жүзеге асырады;

      19. Басқарма басшысы әкімнің өкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      20. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      21. Басқарма басшысының өкілеттігі:

      1) қызметкерлердің белгіленген саны шегінде Басқарманың құрылымы мен штаттық саны бойынша ұсыныстарды ұсынады;

      2) Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;

      3) өз орынбасарлары мен құрылымдық бөлімшелер басшыларының міндеттерін анықтайды және жауапкершілік деңгейін белгілейді;

      4) Басқарма қызметкерлерін, ведомстволық бағынысты мекемелер мен ұйымдардың басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

      5) Басқарма қызметкерлеріне, ведомстволық бағынысты мекемелер мен ұйымдардың басшыларына тәртіптік жазалар қолданады;

      6) өз құзыреті шегінде Басқарма қызметкерлері үшін орындауға міндетті бұйрықтар шығарады;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Басқарма мүддесін білдіреді;

      8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде хаттамалар жасауға немесе өкілеттігін өзінің орынбасарына тапсыруға құқылы;

      9) дербес жауапкершілікті белгілеумен Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасайды;

      10) оның құзыретіне жататын өзге де мәселер бойынша шешім қабылдайды.

      Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      22. Басқарма басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.

      23. Басқарманы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Басқарма басшысы басқарады.

4. Басқарманың мүлкі

      24. Басқарманың Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      25. Басқармаға бекітілген мүлік Астана қаласының коммуналдық меншігіне жатады.

      26. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      27. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения о Государственном учреждении "Управление предпринимательства и промышленности города Астаны"

Постановление акимата города Астаны от 3 июня 2015 года № 111-876. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Астаны 23 июня 2015 года № 919. Утратило силу постановлением акимата города Астаны от 28 февраля 2018 года № 06-400 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата г. Астаны от 28.02.2018 № 06-400 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", акимат города Астаны ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о Государственном учреждении "Управление предпринимательства и промышленности города Астаны" (далее – Управление).

      2. Руководителю Управления произвести государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции с последующим опубликованием в официальных и периодических печатных изданиях, а также на интернет-ресурсе, определяемом Правительством Республики Казахстан, и на интернет-ресурсе акимата города Астаны.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Астаны Алиева Н.Р.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

Аким

А. Джаксыбеков


  Утверждено
постановлением акимата
города Астаны
от 3 июня 2015 года
№ 111-876

Положение
о Государственном учреждении "Управление предпринимательства и промышленности города Астаны"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Управление предпринимательства и промышленности города Астаны" (далее – Управление) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере предпринимательства, промышленности и торговли в городе Астане.

      2. Управление не имеет ведомств.

      3. Управление осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Управление является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.

      5. Управление вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Управление имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Управление по вопросам своей компетенции в установленном законодательством Республики Казахстан порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Управления и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности Управления утверждаются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      9. Местонахождение Управления: Республика Казахстан, 010000, город Астана, район "Сарыарка", улица Бейбітшілік, № 11.

      10. Полное наименование Управления: Государственное учреждение "Управление предпринимательства и промышленности города Астаны".

      11. Настоящее Положение является учредительным документом Управления.

      12. Финансирование деятельности Управления осуществляется из республиканского и местного бюджетов.

      13. Управлению запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями Управления.

      Если Управлению законодательными актами Республики Казахстан предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности Управления

      14. Миссия Управления: обеспечение поддержки и развития предпринимательской деятельности в городе Астане.

      15. Задачи:

      1) развитие инфраструктуры промышленных производств;

      2) повышение уровня и качества обслуживания в пунктах общественного питания;

      3) реализации гендерной и семейно-демографической политики в сфере предпринимательства;

      4)координация работы по диверсификации и инфраструктуре промышленных производств;

      5) мониторинг и оказание содействия в реализации инвестиционных проектов;

      6) реализация индустриальной политики.

      16. Функции:

      1) осуществление мониторинга по развитию и поддержке малого и среднего предпринимательства и промышленности города Астаны;

      2) совершенствование административно-правовых норм защиты и развития предпринимательства;

      3) осуществление взаимодействия с банками и финансовыми организациями по вопросам финансирования и кредитования проектов по приоритетным сферам;

      4) формирование конкурентной среды;

      5) мониторинг казахстанского содержания системообразующих предприятий города Астаны;

      6) проведение единой государственной политики в области торговли, в том числе оптово-розничной, общественного питания, стационарной и выездной торговли, деятельности рынков, сферы услуг и бытового обслуживания независимо от форм собственности в пределах компетенции;

      7) создание благоприятных условий для доступа сельхозпроизводителей на потребительский рынок;

      8) расширение конкурентной среды реализаторов продовольственных товаров (ярмарки, увеличение количества коммунальных торговых объектов);

      9) развитие рыночной инфраструктуры;

      10) исключен постановлением акимата города Астаны от 02.06.2017 № 111-1154.

      11) прием уведомлений о начале или прекращении деятельности по сбору (заготовке), хранению, переработке и реализации юридическими лицами лома и отходов цветных и черных металлов;

      12) анализ и обобщение практики применения законодательства Республики Казахстан в сфере осуществляемой деятельности, разработка предложений по ее совершенствованию, участие в подготовке проектов и иных нормативных правовых актов, внесение их на рассмотрение акиму города Астаны (далее – аким);

      13) осуществление взаимодействия с республиканскими органами исполнительной власти и организациями;

      14) развитие семейного бизнеса;

      15) осуществление функций рабочего органа Координационного совета по форсированному индустриальному развитию города Астаны;

      16) осуществление функций рабочего органа Экспертного совета по вопросам предпринимательства при акимате города Астаны;

      17) выполнение мероприятий по мобилизационной подготовке и мобилизации в городе Астане;

      18) осуществление иных видов деятельности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      19) реализация в пределах своей компетенции государственной политики в области государственно-частного партнерства;

      20) выдача ходатайства с уведомлением органов национальной безопасности на продление или сокращение срока действия разрешений на временное проживание бизнес-иммигрантам.

      Сноска. Пункт 16 с изменением, внесенным постановлением акимата города Астаны от 02.06.2017 № 111-1154.

      17. Права и обязанности:

      1) вносить на рассмотрение акиму предложения по определению целей, приоритетов развития города Астаны и об осуществлении контроля за их исполнением городскими органами управления;

      2) разрабатывать проекты нормативных правовых актов и предложения о внесении изменений и дополнений в нормативные правовые акты, регулирующие вопросы, входящие в компетенцию Управления;

      3) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке осуществлять проверку деятельности предприятий и организаций всех форм собственности на соответствие требованиям законодательства Республики Казахстан в области торговли, деятельности рынков, общественного питания, оказания услуг сбора (заготовки), хранения, переработки и реализации юридическими лицами лома черных и цветных металлов;

      4) запрашивать и получать в установленном порядке от государственных органов, должностных лиц, организаций и их руководителей, граждан информацию, необходимую для выполнения поставленных задач;

      5) осуществлять взаимодействие с другими государственными органами местной исполнительной власти;

      6) вносить предложения по вопросам создания, реорганизации и ликвидации подведомственных коммунальных государственных предприятий и организаций;

      7) созывать в установленном порядке совещания по вопросам, входящим в компетенцию Управления;

      8) предъявлять претензии, иски, вступать в судах в качестве истца и ответчика;

      9) осуществлять иные права и обязанности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

3. Организация деятельности Управления

      18. Руководство Управлением осуществляется руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Управление задач и осуществление им своих функций, а также за несоблюдение сотрудниками Управления норм антикоррупционного законодательства Республики Казахстан.

      19. Руководитель Управления назначается на должность и освобождается от должности распоряжением акима.

      20. Руководитель Управления имеет заместителей, которые назначаются на должность и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      21. Полномочия руководителя Управления:

      1) представляет предложения по структуре и штатной численности Управления в пределах установленной численности работников;

      2) утверждает положения о структурных подразделениях Управления;

      3) определяет обязанности и устанавливает степень ответственности своих заместителей и руководителей структурных подразделений Управления;

      4) назначает на должность и освобождает от должности работников Управления, руководителей подведомственных учреждений и организаций;

      5) налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников Управления и руководства подведомственных учреждений и организаций;

      6) в пределах своей компетенции издает приказы, обязательные для исполнения сотрудниками Управления;

      7) в пределах своей компетенции представляет Управление в государственных органах и организациях в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      8) в соответствии с действующим законодательством имеет право составлять протоколы об административных правонарушениях или передавать полномочия своему заместителю;

      9) противодействует коррупции в Управлении с установлением за это персональной ответственности;

      10) принимает решения по другим вопросам, отнесенным к его компетенции.

      Исполнение полномочий руководителя Управления в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      22. Руководитель Управления определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      23. Управление возглавляется руководителем Управления, назначаемым на должность и освобождаемым от должности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество Управления

      24. Управление может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.

      Имущество Управления формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      25. Имущество, закрепленное за Управлением, относится к коммунальной собственности города Астаны.

      26. Управление не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

5. Реорганизация и упразднение Управления

      27. Реорганизация и упразднение Управления осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.