Ескерту. Қаулының күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 28.11.2016 № 107-2083 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Отбасы және балалар саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 107-890 (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде 2014 жылғы 10 шілдеде № 820 болып тіркелген, 2014 жылғы 15 шілдедегі № 77 (3134) «Астана ақшамы», 2014 жылғы 15 шілдедегі № 76 (3152) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының преамбуласындағы «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 бұйрығына» деген сөздер мен сандар алып тасталсын.
2. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны кейіннен ресми және мерзімдік баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялаумен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы әкімінің м.а. С. Хорошун