"Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы

Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қазандағы № 107-1899 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2015 жылы 25 қарашада № 972 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 107-166 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 29.01.2018 № 107-166 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің № 172 бұйрығына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      2. "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Э.А. Суханбердиеваға осы қаулыны, әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Әкім

Ә. Жақсыбеков


  Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 26 қазандағы
№ 107-1899 қаулысымен
бекітілген

"Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау
және балаларды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрстілетін қызмет) Астана қаласының барлық үлгідегі және түрдегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

      "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172 бұйрығымен бекітілген "Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленген.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі: баланың ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің өтініші негізінде баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) басталуы үшін Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы негіз болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттердің) мазмұны, орындалу ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты тұлғасы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдайды, құжаттар топтамасының Стандарттың 9-тармағымен қарастырылған тізімге сәйкестігіне тексеріс жүргізеді. Құжаттар Стандарттың талаптарына сәйкес болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетілген, көрсетілетін қызметті алушының кеңсесінде тіркелуін растай отырып, өтінішіне белгі қояды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оны алмастыратын тұлғаға бұрыштама қою үшін береді – 15 (он бес) минут ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оны алмастыратын тұлға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының құжаттарымен танысады және баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдауға жолдаманы тіркеу немесе тіркеуден бас тарту үшін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты тұлғасына жібереді – құжаттарды тапсырған күні 5 (бес) минуттан аспайды;

      3) мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің (әрекеттің) нәтижесі Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қызметті алушының құжаттарын қабылдау немесе Регламентке 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы қолхаты болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық
бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті
берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын құрылымдық-функционалдық бірлік (бұдан әрі – ҚФБ):

      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты тұлғасы;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі.

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл рәсімінің (әрекетінің) реттілігінің нақты сипаттамасы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес блок-сызбасында көрсетілген.

  "Мектепке дейінгі білім беру
ұйымдарына құжаттарды қабылдау
және балаларды қабылдау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша

Көрсетілетін қызметті беруші мектепке дейінгі ұйымға
өтініш білдірген кезде көрсетілетін мемлекеттік қызметті
алудың блок-сызбасы



  "Мектепке дейінгі білім беру
ұйымдарына құжаттарды қабылдау
және балаларды қабылдау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің
анықтамалығы



      *ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің, орталықтың, порталдың құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдары;



Об утверждении Регламента государственной услуги "Прием документов и зачисление детей в дошкольные организации образования"

Постановление акимата города Астаны от 26 октября 2015 года № 107-1899. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Астаны 25 ноября 2015 года № 972. Утратило силу постановлением акимата города Астаны от 29 января 2018 года № 107-166 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата г. Астаны от 29.01.2018 № 107-166 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах", приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 7 апреля 2015 года № 172 "Об утверждении стандартов государственных услуг, оказываемых местными исполнительными органами в сфере дошкольного воспитания и обучения", акимат города Астаны ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемый регламент государственной услуги "Прием документов и зачисление детей в дошкольные организации образования".

      2. Возложить на руководителя Государственного учреждения "Управление образования города Астаны" Суханбердиеву Э.А. опубликование настоящего постановления после государственной регистрации в органах юстиции в официальных и периодических печатных изданиях, а также на интернет-ресурсе, определяемом Правительством Республики Казахстан и на интернет-ресурсе акимата города.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Астаны Аманшаева Е.А.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Аким

А. Джаксыбеков


  Утвержден
постановлением акимата
города Астаны
от 26 октября 2015 года
№ 107-1899

Регламент государственной услуги
"Прием документов и зачисление детей в дошкольные организации
образования"
1. Общие положения

      1. Государственная услуга "Прием документов и зачисление детей в дошкольные организации образования" (далее – государственная услуга) оказывается дошкольными организациями города Астаны всех типов и видов (далее – услугодатель).

      Регламент государственной услуги разработан в соответствии со стандартом государственной услуги "Прием документов и зачисление детей в дошкольные организации образования", утвержденным приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 7 апреля 2015 года № 172 "Об утверждении стандартов государственных услуг, оказываемых местными исполнительными органами в сфере дошкольного воспитания и обучения" (далее – Стандарт).

      2. Форма оказания государственной услуги: бумажная.

      3. Результат оказания государственной услуги: зачисление ребенка в дошкольную организацию на основании заявления одного изродителей или законного представителя.

2. Описание порядка действий структурных подразделений
(работников) услугодателя в процессе оказания государственной
услуги

      4. Государственной услуги является предоставление услугополучателем пакета документов, указанных в пункте 9 Стандарта.

      5. Содержание каждой процедуры (действия), входящей в состав процесса оказания государственной услуги, длительность его выполнения:

      1) ответственное лицо услугодателя принимает документы услугополучателя, проводит проверку пакета документов на соответствие перечню, предусмотренному пунктом 9 Стандарта. При соответствии документов требованиям Стандарта, на заявлении услугополучателя ставит отметку с подтверждением регистрации в канцелярии услугополучателя, с указанием даты и времени приема пакета документов и передает руководителю услугодателя либо лицу его замещающему для резолюции – в течение 15 (пятнадцати) минут;

      2) руководитель услугодателя либо лицо его замещающее ознакамливается с поступившими документами услугополучателя и отправляет ответственному лицу услугодателя для регистрации направления либо отказа в регистрации в зачислении ребенка в дошкольную организацию образования – не более 5 (пяти) минут дня подачи документов;

      3) результатом процедуры (действия) по оказанию государственной услуги является прием документов услугополучателя, указанных в пункте 9 Стандарта, либо расписка об отказе в оказании государственной услуги согласно приложению 1 к Регламенту.

3. Описание порядка взаимодействия структурных подразделений
(работников) услугодателя в процессе оказания государственной
услуги

      6. Структурно-функциональные единицы (далее – СФЕ) услугодателя, которые участвуют в процессе оказания государственной услуги:

      1) ответственное лицо услугодателя;

      2) руководитель услугодателя;

      3) канцелярия услугодателя.

      7. Подробнее описание последовательности процедур (действий) взаимодействий структурных подразделений (работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги указано в блок-схеме согласно приложению 2 к Регламенту.

  Приложение 1
к Регламенту государственной
услуги "Прием документов и
зачисление детей в дошкольные
организации образования"

Блок-схема получения государственной услуги при обращении
в дошкольную организацию услугодателя


  Приложение 2
к Регламенту государственной
услуги "Прием документов и
зачисление детей в дошкольные
организации образования"

Справочник
бизнес-процессов оказания государственной услуги