РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақкөл ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақкөл аудандық мәслихат сессиясының төрайымы | А.Мананбаева |
Ақкөл аудандық мәслихат хатшысы | Ж.Салыбекова |
КЕЛІСІЛДІ
Ақкөл ауданының әкімі | Т.Қ.Едігенов |
30 наурыз 2015 жыл |
Ақкөл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы № С 46-3 шешіміне қосымша |
Ақкөл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері
1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі
1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Ақкөл ауданында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) ұсынылады.2. "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес, тұрғын үй көмегін тағайындауды және төлеуді жүзеге асыратын уәкілетті органмен жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер қабылдау және нәтижесін беру келесі арқылы жүзеге асырылады:
1) "Халыққа қызмет көрсету орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақмола облысы бойынша филиалы Ақкөл ауданының бөлімі;
2) "электрондық үкімет" www.egov.kz (порталы) веб-порталы.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер қабылдау және нәтижесін беру "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін көрсету" мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес жүргізіледі.
4. Тұрғын үй көмегі толық ағымдағы тоқсанға өтініш берген айдан бастап тағайындалады, бұл ретте отбасының (азаматтардың) өткен тоқсандағы табыстары мен жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысының шығындары есепке алынады.
5. Жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, тұрғынжайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақылардың шығындары қызметтер төлемақысына жеткізушілер ұсынған шоттар (түбіртектер) бойынша алынады.
6. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша өкілетті орган болып "Ақкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) анықталды.
7. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлемдер түрінде іске асырылады.
Тұрғын үй көмегінің төлемдері ай сайын бюджеттік қаражатты бөлу бойынша уәкілетті органның қаржыландыру шамасына сай жүргізіледі.
Тұрғын үй көмегі төлемдері екінші деңгейдегі банктер арқылы уәкілетті органмен жүргізіледі.
Тұрғын үй көмегін алуға үміткерлердің жеке өтінішіне сәйкес келесі төлемдер жүзеге асырады: тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне өтемақы; жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға өтемақы; отын (көмір) құнының шығындарына өтемақы өтініш берушілердің жеке шотына аударылады.
2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері
8. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын өкілетті орган қолданыстағы заңнамаларда белгіленген тәртіпте тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептейді.9. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық кірісінің 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді:
жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға;
тұрғынжайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақы.
10. Өтем шараларымен қамсыздандырылатын тұрғын үй алаңының мөлшері ретінде бір адамға он сегіз шаршы метрден белгіленеді. Жалғыз тұратын азаматтарға өтем шараларымен қамсыздандырылатын тұрғын үй алаңының нормасы отыз шаршы метр болып белгіленеді.
11. Қатты отынды пайдаланғаны үшін өтемақы жергілікті жылуы бар үйлер үшін өтемақы нормасы жылу маусымына 5 (бес) тонна, өтініш беру тоқсанында отбасыға (азаматқа) пайдалы ауданына байланысты белгіленеді. Шығын 1 шаршы метріне 83 килограмм мөлшерінде (қазан айы мен сәуір айы аралығындағы жылу беру мерзіміне) ескеріледі. Көмір бағасы өткен тоқсанда жинақталған облыстық статистика басқармасының мәліметтері бойынша орташа бағамен алынады.
12. Электр қуатын беру нормасы бір адамға бір айда 100 киловатт және отбасыға 250 киловатт мөлшерінде бекітілсін.
13. Телекоммуникация тораптарына қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеу ережесіне сәйкес жүргізіледі.