Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 05.01.2016 № А-04 қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына сәйкес, Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тізбесі белгіленсін:
1) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан артық);
2) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жасты қоса алғанда;
3) маусымдық және уақытша жұмыстардың мерзімінің аяқталуына байланысты босатылған тұлғалар;
4) техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының түлектері;
5) адам ағзасындағы қорғаныс қабілеті жетіспейтін және қорғаныс қабілетінің төмендеуі салдарының қоздырғышын жұқтырғандар;
6) әлеуметтік-психологиялық оңалту курсынан өткен, есірткіге тәуелді тұлғалар;
7) елу жастан асқан тұлғалар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімінің орынбасары А.Е. Мысырәлімоваға жүктелсін.
3. Аршалы ауданы әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аршалы ауданының әкімі Ж.Нұркенов