Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы

Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 10 маусымдағы № 43/4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 1 шілдеде № 4846 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 10 ақпандағы № 12/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 10.02.2017 № 12/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдарына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тәртібі айқындалсын:
      1) үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалар және оларға қатысты ата-аналары, ата-ана құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың ата-анасының біреуіне және басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісіне тәуелсіз беріледі;
      2) шығындарды өтеу өтініш білдірген айдан бастап "Ақмола облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін беріледі;
      3) шығындарды өтеу қаржыландырудың түсуіне байланысты өткен тоқсанға жүргізіледі. Шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектер қатарындағы кемтар баланың 18 жасқа толуы, қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
      2. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындар әр балаға тоқсан сайын тоғыз айлық есептік көрсеткіш мөлшері айқындалсын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
К.Үстенбеков
      Аудандық мәслихатының
хатшысы
Ю.Сериков

      КЕЛІСІЛДІ
      Аршалы ауданының әкімі Ж.Нұркенов

      2015 жылғы 10 маусым

Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов

Решение Аршалынского районного маслихата Акмолинской области от 10 июня 2015 года № 43/4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 1 июля 2015 года № 4846. Утратило силу решением Аршалынского районного маслихата Акмолинской области от 10 февраля 2017 года № 12/5

      Сноска. Утратило силу решением Аршалынского районного маслихата Акмолинской области от 10.02.2017 № 12/5 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов Республики Казахстан", от 11 июля 2002 года "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями", Аршалынский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Определить порядок на возмещение затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями:
      1) возмещение затрат на обучение на дому (кроме детей-инвалидов, находящихся на полном государственном обеспечении и детей-инвалидов, в отношении которых родители лишены родительских прав) предоставляется одному из родителей и иным законным представителям детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов, независимо от дохода семьи;
      2) возмещение затрат предоставляется с месяца обращения до окончания срока, установленного в заключении межведомственной психолого-медико-педагогической консультации при государственном учреждении "Управление образования Акмолинской области";
      3) возмещение затрат производится за истекший квартал по мере поступления финансирования. При наличии обстоятельств, повлекших прекращение возмещения затрат (достижение возраста 18 лет, смерть ребенка с ограниченными возможностями из числа инвалидов, снятие инвалидности), выплата прекращается с месяца следующего за тем, в котором наступили соответствующие обстоятельства.
      2. Определить размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану - ежеквартально на каждого ребенка девять месячных расчетных показателей.
      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.
      Председатель сессии
районного маслихата
К.Устенбеков
      Секретарь
районного маслихата
Ю.Сериков

      СОГЛАСОВАНО
      Аким Аршалынского района Ж.Нуркенов

      10 июня 2015 год