Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 15.01.2016 № 5С 36/3 (қол қойылған күннен бастап күшіне еніп және қолданысқа енгізіледі)шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» кодексінің 387 бабының 1-1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Атбасар ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығы мөлшерлемесі он есе жоғарылатылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясынын төрағасы Исмағұлов Б.Қ.
Атбасар аудандық
мәслихатының хатшысы Борұмбаев Б.А.
«Келісілді»
Атбасар ауданының әкімі А.Н.Никишов
9 ақпан 2015 жыл
«Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі Мемлекеттік кірістер
комитеті Мемлекеттік кірістер
департаменттерінің Атбасар
ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы» Республикалық
мемлекеттік мекеме басшысы Б.Ж.Үсембаев
9 ақпан 2015 жыл