РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңдардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, халықтың пікірі ескере отырып, Шұңқыркөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Новомариновка ауылының № 4 көшесі Мәншүк Мәметова көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Атбасар ауданының
Шұңқыркөл ауылдық округі
әкімінің міндетін атқарушы С.Бахтина
«КЕЛІСІЛДІ»
«Атбасар ауданының мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Кайдаулова
«21» 05 2015 жыл
«Атбасар ауданының сәулет және
қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы З.Кенжебаев
«21» 05 2015 жыл