"Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № а-4/161 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 мамырда № 4792 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 сәуірдегі № а-4/131 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 23.04.2016 № а-4/131 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесіне сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімі аппаратының басшысы Д.Б.Есжановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А.Қалжанов

  Есіл ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 17 сәуірдегі
№ а-4/161 қаулысымен
бекітілген

"Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер

      1. "Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің шегінде Есіл ауданының ветеринария саласында біртұтас мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын, сонымен қатар ветеринария саласында орындау және бақылау-қадағалау функцияларын, ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын азық-түлік тағамдарының қауіпсіздігін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 020900, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Есіл ауданы, Есіл қаласы, Қонаев көшесі, 13 үй.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы:
      мемлекеттік тілде – "Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде - государственное учреждение "Отдел ветеринарии Есильского района".
      11. Осы Ереже "Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қәсіпкерлік субьектілерімен "Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, және құқықтары мен міндеттері

      14. "Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы аудан аумағында жануарлардың аса қауіпті ауруларынан эпизоотиялық тұрақтылықты және тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ветеринария саласындағы заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
      15. Міндеттері:
      1) халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.
      16. Функциялары:
      1) жануарлар өсіруді, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жем қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды үйымдастыру;
      2) аудан аумағында энзоотиялық ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуін үйымдастыру;
      3) ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер дайындау;
      4) ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер дайындау;
      5) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
      6) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
      7) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      8) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
      9) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды алып қоймай, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
      10) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, жануарларды алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
      11) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту;
      12) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтау мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауын және қадағалауын ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      13) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
      14) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
      15) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
      ішкі сауда объектілерінде;
      жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жем қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
      ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда;
      экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
      тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;
      16) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      17) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
      18) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      19) уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасын, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;
      20) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      21) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;
      22) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну;
      23) облыстық жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;
      24) облыстық жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;
      25) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
      26) облыстық жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
      27) ауру жануарлардың санитариялық союлуын ұйымдастыру;
      28) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      18. Құқықтары мен міндеттері:
      1) "Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне құзыретіне енетін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттар, құжаттар және басқа да материалдар, лауазымды тұлғалардан ауызша және жазбаша түсіндірмелерді сұрастыру және алу;
      2) "Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарауына енетін мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;
      3) "Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
      4) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізу;
      5) өкілеттіктер шегінде актілер шығару;
      6) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары бұзылған жағдайда сотқа талап қою;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

2. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      19. "Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      20. "Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын ауданның әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      21. "Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінін бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда "Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерiн бiлдiредi;
      2) "Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын басқарады және оған жүктелген функциялар мен міндеттерді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс әрекеттер шараларының қабылданбауына жеке жауап береді;
      3) қабылдау кестесіне сәйкес азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамамен белгіленген мерзімдерде қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды;
      4) қызметкерлерді заңнамамен белгіленген тәртіпте тағайындау және босату, тәртіптік жауапкершілікке тарту, марапаттау, материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді;
      5) аудан әкімі аппаратының қызметкерлерімен орындалуы міндетті нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаларға қол қояды;
      6) бюджеттік қаражаттардың нысаналы қолданылуына бақылауды жүзеге асырады;
      7) оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Отдел ветеринарии Есильского района"

Постановление акимата Есильского района Акмолинской области от 17 апреля 2015 года № а-4/161. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 14 мая 2015 года № 4792. Утратило силу постановлением акимата Есильского района Акмолинской области от 23 апреля 2016 года № а-4/131

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Есильского района Акмолинской области от 23.04.2016 № а-4/131 (вводится в действие со дня подписания).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", Типовым положением государственного органа Республики Казахстан, утвержденным Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410, акимат Есильского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение государственного учреждения "Отдел ветеринарии Есильского района".
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима Есильского района Есжанова Д.Б.
      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.
      Аким района А.Калжанов

  Утверждено
постановлением акимата
Есильского района
от 17 апреля 2015
года № а-4/161

ПОЛОЖЕНИЕ
государственного учреждения "Отдел ветеринарии Есильского района"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии Есильского района" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим в пределах своей компетенции реализацию единой государственной политики в области ветеринарии, а также реализационные и контрольно-надзорные функции в области ветеринарии, безопасности пищевой продукции, подлежащей ветеринарно-санитарному контролю Есильского района.
      2. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии Есильского района" не имеет ведомств.
      3. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии Есильского района" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии Есильского района" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      5. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии Есильского района" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии Есильского района" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      7. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии Есильского района" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Отдел ветеринарии Есильского района" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      9. Местонахождение юридического лица: 020900, Республика Казахстан, Акмолинская область, Есильского района, улица Конаева 13.
      10. Полное наименование государственного органа:
      на государственном языке – "Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      на русском языке - государственное учреждение "Отдел ветеринарии Есильского района".
      11. Настоящее положение является учредительным документом государственного учреждения "Отдел ветеринарии Есильского района".
      12. Финансирование деятельности государственного учреждения "Отдел ветеринарии Есильского района" осуществляется из местного бюджета.
      13. Государственному учреждению "Отдел ветеринарии Есильского района" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Отдел ветеринарии Есильского района".
      Если государственному учреждению "Отдел ветеринарии Есильского района" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      14. Миссией государственного учреждения "Отдел ветеринарии Есильского района" является реализация государственной политики в области ветеринарии в установленном законодательством порядке, в целях обеспечения эпизоотического благополучия района по особо опасным заболеваниям животных и безопасности пищевой продукции.
      15. Задачи:
      1) охрана здоровья населения от болезней, общих для животных и человека и организация проведения ветеринарных мероприятий по обеспечению ветеринарно-санитарной безопасности;
      2) иные задачи, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.
      16. Функции:
      1) организация государственных комиссий по приему в эксплуатацию объектов производства, осуществляющих выращивание животных, заготовку (убой), хранение, переработку и реализацию животных, продукции и сырья животного происхождения, а также организаций по производству, хранению и реализации ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок;
      2) организация проведения ветеринарных мероприятий по энзоотическим болезням животных на территории района;
      3) подготовка решения о карантине или ограничительных мероприятий по представлению главного государственного ветеринарно–санитарного инспектора соответствующей территории в случае возникновения заразных болезней животных на территории района;
      4) подготовка решения о снятии ограничительных мероприятий или карантина по представлению главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора соответствующей территории после проведения комплекса ветеринарных мероприятий по ликвидации очагов заразных болезней животных на территории района;
      5) организация отлова и уничтожения бродячих собак и кошек;
      6) организация строительства скотомогильников (биотермической ямы) и обеспечение их содержания в соответствии с ветеринарными (ветеринарно-санитарными) требованиями;
      7) организация и обеспечение предоставления заинтересованным лицам информации о проводимых ветеринарных мероприятиях;
      8) организация и проведение просветительной работы среди населения по вопросам ветеринарии;
      9) обезвреживание (обеззараживание) и переработка без изъятия животных, продукции и сырья животного происхождения, представляющих опасность для здоровья животных и человека;
      10) возмещение владельцам стоимости обезвреженных (обеззараженных) и переработанных без изъятия животных, продукции и сырья животного происхождения, представляющих опасность для здоровья животных и человека;
      11) подготовка списка государственных ветеринарных врачей, имеющих право выдачи ветеринарно-санитарного заключения на объекты государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора;
      12) организация и осуществление государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора за соблюдением физическими и юридическими лицами законодательства Республики Казахстан в пределах соответствующей административно-территориальной единицы;
      13) проведение обследования эпизоотических очагов в случае их возникновения;
      14) выдача акта эпизоотологического обследования;
      15) осуществление государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора на предмет соблюдения требований законодательства Республики Казахстан в области ветеринарии:
      на объектах внутренней торговли;
      на объектах производства, осуществляющих выращивание животных, заготовку (убой), хранение, переработку и реализацию животных, продукции и сырья животного происхождения, а также в организациях по хранению и реализации ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок (за исключением связанных с импортом и экспортом);
      у лиц, осуществляющих предпринимательскую деятельность в области ветеринарии за исключением производства ветеринарных препаратов;
      при транспортировке (перемещении), погрузке, выгрузке перемещаемых (перевозимых) объектов в пределах соответствующей административно-территориальной единицы, за исключением их экспорта (импорта) и транзита;
      на всех видах транспортных средств, по всем видам тары, упаковочных материалов, которые могут быть факторами передачи возбудителей болезней животных, за исключением экспорта (импорта) и транзита;
      на скотопрогонных трассах, маршрутах, территориях пастбищ и водопоя животных, по которым проходят маршруты транспортировки (перемещения);
      на территориях, в производственных помещениях и за деятельностью физических и юридических лиц, выращивающих, хранящих, перерабатывающих, реализующих или использующих перемещаемые (перевозимые) объекты, за исключением экспорта (импорта) и транзита;
      16) осуществление государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора за соблюдением зоогигиенических и ветеринарных (ветеринарно-санитарных) требований при размещении, строительстве, реконструкции и вводе в эксплуатацию скотомогильников (биотермических ям), объектов государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора, связанных с содержанием, разведением, использованием, производством, заготовкой (убоем), хранением, переработкой и реализацией, а также при транспортировке (перемещении) перемещаемых (перевозимых) объектов;
      17) составление акта государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора в отношении физических и юридических лиц;
      18) организация проведения ветеринарных мероприятий по энзоотическим болезням животных на территории соответствующей административно-территориальной единицы;
      19) организация проведения ветеринарных мероприятий по профилактике, отбору проб биологического материала и доставке их для диагностики особо опасных болезней животных по перечню, утверждаемому уполномоченным органом, а также других болезней животных;
      20) организация проведения мероприятий по идентификации сельскохозяйственных животных, ведению базы данных по идентификации сельскохозяйственных животных;
      21) определение потребности в изделиях (средствах) и атрибутах для проведения идентификации сельскохозяйственных животных и передача информации в местный исполнительный орган области;
      22) свод, анализ ветеринарного учета и отчетности и их представление в местный исполнительный орган области;
      23) внесение предложений в местный исполнительный орган области по ветеринарным мероприятиям по профилактике заразных и незаразных болезней животных;
      24) внесение предложений в местный исполнительный орган области, по перечню энзоотических болезней животных, профилактика и диагностика которых осуществляются за счет бюджетных средств;
      25) организация хранения ветеринарных препаратов, приобретенных за счет бюджетных средств, за исключением республиканского запаса ветеринарных препаратов;
      26) внесение предложений в местный исполнительный орган области о ветеринарных мероприятиях по обеспечению ветеринарно-санитарной безопасности на территории соответствующей административно-территориальной единицы;
      27) организация санитарного убоя больных животных;
      28) осуществляет иные функции в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      18. Права и обязанности:
      1) запрашивать и получать в установленном порядке от государственных органов и должностных лиц, иных организаций, необходимую информацию, документы, иные материалы, устные и письменные объяснения от должностных лиц по вопросам, отнесенным к компетенции государственного учреждения "Отдел ветеринарии Есильского района";
      2) вести служебную переписку с государственными и негосударственными органами и организациями по вопросам, отнесенным к ведению государственного учреждения "Отдел ветеринарии Есильского района";
      3) осуществлять информационно - аналитическое, организационно - правовое и материально - техническое обеспечение деятельности государственного учреждения "Отдел ветеринарии Есильского района";
      4) проводить государственный ветеринарно-санитарный контроль и надзор;
      5) издавать акты в пределах своих полномочий;
      6) предъявлять иски в суд в случае нарушения законодательства Республики Казахстан в области ветеринарии;
      7) осуществлять иные права и обязанности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

3. Организация деятельности государственного органа

      19. Руководство государственного учреждения "Отдел ветеринарии Есильского района" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Отдел ветеринарии Есильского района" задачи осуществление им своих функций.
      20. Первый руководитель государственного учреждения "Отдел ветеринарии Есильского района" назначается на должность и освобождается от должности акимом района.
      21. Полномочия первого руководителя государственного учреждения "Отдел ветеринарии Есильского района":
      1) представляет интересы государственного учреждения "Отдел ветеринарии Есильского района" во взаимоотношениях с государственными органами, организациям и гражданами;
      2) руководит работой государственного учреждения "Отдел ветеринарии Есильского района" и несет персональную ответственность за выполнение возложенных на него функций и задач, а также за непринятие мер по противодействию коррупции;
      3) проводит личный прием граждан согласно графику приема, рассматривает в установленные законодательством сроки обращения физических и юридических лиц, принимает по ним необходимые меры;
      4) в установленном законодательством порядке решает вопросы принятия и увольнения, привлечения к дисциплинарной ответственности, поощрения, оказания материальной помощи работников;
      5) дает указания, обязательные для исполнения работниками отдела, подписывает служебную документацию;
      6) осуществляет контроль за целевым использованием бюджетных средств;
      7) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан по вопросам, отнесенным к его компетенции.
      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения "Отдел ветеринарии Есильского района" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного органа

      22. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии Есильского района" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Отдел ветеринарии Есильского района" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      23. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Отдел ветеринарии Есильского района" относится к коммунальной собственности.
      24. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии Есильского района" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного орган

      25. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Отдел ветеринарии Есильского района" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.