РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының Үлгі ережесіне сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берліген "Есіл ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімі аппаратының басшысы Д.Б.Есжановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Қалжанов |
Есіл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № а-6/252 қаулысымен бекітілген |
"Есіл ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. "Есіл ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өз құзыреті шегінде кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Есіл ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Есіл ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Есіл ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. "Есіл ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Есіл ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Есіл ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен ""Есіл ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Есіл ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 020900, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Есіл ауданы, Есіл қаласы, Қонаев көшесі, 6 үй.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Есіл ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Есіл ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемеснің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Есіл ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемеснің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Есіл ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Есіл ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Есіл ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, және құқықтары мен міндеттері
14. "Есіл ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің негізгі миссиясы кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласында мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.15. Міндеттері:
1) кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту мен қолдау, бәсекелестікті қорғау, сондай-ақ ғылыми-техникалық салада, инновациялық қызметте кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту үшін жағдайлар жасау;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.
16. Функциялары:
1) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын жүзеге асырады;
2) жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасайды;
3) өңiрде шағын және орта кәсiпкерлiктi және инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымының объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз етедi;
4) жергiлiктi атқарушы органдардың жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің бiрлестiктерiмен, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындайды;
5) сарапшылық кеңестердiң қызметiн ұйымдастырады;
6) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;
7) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына өз құзыреті шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
8) шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн мамандар мен персоналды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) "Есіл ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзіреттілігіне қатысты сауалдарға лауазымды тұлғалардан, мемлекеттік ұйымдардың жауапты тұлғаларынан, басқа да ұйымдардан, қажетті ақпаратты, құжатты, басқада материалдарды, ауызша және жазбаша түсініктемені сұратуға және алуға;
2) мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардан және ұйымдардан "Есіл ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қатысты қызметтік ақпарат алмасу;
3) "Есіл ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ақпараттық талдауын жүзеге асыру, құқықтық материалдық–техникалық қызметін қамтамасыз ету;
4) кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласында қажетті мәселелерді шешу үшін, арнайы уақытша және тұрақты жұмыс топтарын, комиссияларды немесе басқа ұжымдық ұйымдарды құру;
5) өз өкілеттілігінің шеңберінде акті шығару;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласында құқық бұзушылық орын алған жағдайда сотқа арыз беру;
7) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. "Есіл ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Есіл ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. "Есіл ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Есіл ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда "Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерiн бiлдiредi;
2) "Есіл ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы жүктелген міндеттерді орындауға, функцияларды атқаруға, сонымен қатар жемқорлыққа қарсы шара қолданылмағаны үшін жауапқа тартылады;
3) қабылдау кестесіне сәйкес азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамамен белгіленген мерзімдерде қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды;
4) қызметкерлерді заңнамамен белгіленген тәртіпте тағайындау және босату, тәртіптік жауапкершілікке тарту, марапаттау, материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді;
5) аудан әкімі аппаратының қызметкерлерімен орындалуы міндетті нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаларға қол қояды;
6) бюджеттік қаражаттардың нысаналы қолданылуына бақылауды жүзеге асырады;
7) оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Есіл ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21. "Есіл ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін."Есіл ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. "Есіл ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Есіл ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.