Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 15.01.2016 № 5ВС-46-5 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» кодексінің 387 бабы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жақсы ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығы мөлшерлемесі он есе жоғарылатылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жақсы аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы Б.Жанәділов
Жақсы аудандық
мәслихатының хатшысы Б.Жанәділов
КЕЛІСІЛГЕН
Жақсы ауданы әкімінің
міндетін атқарушы
_____________А.Жапаров
«19» 02 2015 жыл
Қазақстан Республикасы Қаржы
Министрілігі Мемлекеттік кірістер
комитеті Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті
Жақсы ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасының басшысы
____________Т.Коваленко
«19» 02 2015 жыл