РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 22.01.2016 № 47-377 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. Зеренді ауданында тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері қосымшаға сәйкес анықталсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | В.Соболев |
Аудандық мәслихаттың | |
хатшысы | Қ.Ауғалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Зеренді ауданының әкімі | А.Мұратұлы |
Зеренді аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 4 наурыздағы № 35-280 шешіміне қосымша |
Зеренді ауданында тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері
1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі
1. Тұрғын үй көмегi аудандық бюджет қаражаты есебiнен Зеренді ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) ұсынылады.2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген, "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 22.01.2016 № 47-377 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
3. Тұрғын үй жәрдемақысы өтініш берілген күнінен ағымдағы тоқсанға толық тағайындалады, оны есептеу барысында отбасының өткен тоқсандағы табыстары мен коммуналдық қызметтерінің шығындары есепке алынады.
4. Коммуналдық тұрғын үйде тұратындар үшін жылу беру шығындары жоспарлық есеппен алынып, нақты төлем жасалғаннан кейін қайта есептеледі.
5. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып "Зеренді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі анықталды (бұдан әрі-уәкілетті орган).
6. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу "Зеренді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен екінші деңгейдегі банктер арқылы өтініш берушілердің жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері
7. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысы уәкілетті органмен қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептеледі.8. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі:
жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
тұрғынжайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абонеттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге 11 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
9. Жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға белгіленген көлемінің нормасынан жоғары болса, төлем жалпыға бірдей негізде жүргізіледі. Жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр. Жалғыз тұратын азаматтар үшін жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы отыз шаршы метр.
10. Жергілікті жылумен қатты отынды тұтынуға өтемақы нормасы өтініш беру тоқсанында отбасыға (азаматқа), жылу беру маусымына бес тонна деп белгіленсін. Бір шаршы метрге шығын айына 20,83 килограмм мөлшерінде есептеледі. Статистикалық мәліметке сәйкес өткен тоқсанда қалыптасқан көмірдің орташа бағасы алынады.
11. Электр энергиясының шығын нормасы бір адамға айына 50 (елу) киловаттан белгіленсін.
12. Телекоммуникациялар желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген, әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесіне сәйкес жүргізіледі.