Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 150 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 сәуірде № 4751 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № А-3/165 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 15.04.2016 № А-3/165 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37 бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Зеренді ауданының әкімі А.Мұратұлы

  Зеренді ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "13" 03 № 150
қаулысымен бекітілген

Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомствосы бар:
      Зеренді ауданы әкімдігінің жанындағы "Зеренді ветеринарлық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.
      3. Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүргізеді.
      4. Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілдегі өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланктері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте өз құзыры шегіндегі мәселелер бойынша Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 021200, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Мир көшесі, 52.
      10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
      13. Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындауға кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнама актілерімен табыс әкелетін қызметті іске асыруға құқық берілсе, онда осындай қызметтен алынған табыстар мемлекеттік бюджет табыстарына бағытталады.

2. Мемлекеттік мекеменің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: аудан аумағында адамдар мен малдарға ортақ аурудан тұрғындардың денсаулығын қорғау мақсатында ветеринария саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.
      15. Міндеттері:
      халықтың денсаулығын адамдар мен малдарға ортақ аурулардан қорғау;
      малдарды аурудан қорғау және емдеу;
      ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден малдардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуын қорғау;
      ветеринария саласында жеке және заңды тұлғалар қызметiнің жүзеге асырылуында қоршаған ортаның бұзылуын алдын алу және жою;
      заңнамамен жүктелген басқа да міндеттер.
      16. Функциялары:
      1) Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      облыстың жергiлiктi өкiлдi органына бекiту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгізу;
      қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
      ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
      мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
      жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
      жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
      жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
      ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
      ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс- шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
      мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту;
      тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
      эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
      Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
      ішкі сауда объектілерінде;
      жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
      ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда;
      экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
      тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;
      мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
      тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;
      ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;
      ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына ұсыну;
      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;
      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;
      ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
      облыстың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
      ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
      жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
      2) ведомствоның функциялары:
      жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді;
      ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді;
      ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуді;
      жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсетуді;
      құрылысын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырған мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын) күтіп-ұстауды;
      қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды;
      ветеринариялық анықтама береді;
      ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізуді және одан үзінді көшірме беруді;
      биологиялық материалдың сынамаларын алуды және оларды зертханаға жеткізуді;
      ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар құрады;
      Аудандардың жергілікті атқарушы органдары құратын мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар ветеринариялық пункттерімен құрылады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      өкілетті мемлекеттік органнан және басқа да ұйымдардан ветеринарлық салада міндеттерге қарай қажетті ақпаратты сұрауға және алуға;
      малдардың жұқпалы немесе жұқпалы емес ауру түрлерінің алдын алу бойынша ветеринарлық іс-шаралары жөнінде облыстық жергілікті атқарушы органына ұсыныс енгізуге;
      профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін малдардың энзоотикалық ауруларының тізімдемесі бойынша облыстық жергілікті атқарушы органына ұсыныс енгізуге;
      ауданның аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринарлық іс-шаралар туралы жергілікті атқарушы органға ұсыныс енгізу.

3. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру

      18. Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеменің басшылығы Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді орындауға және өз қызметтерін атқаруға дербес жауапкершілікте болатын басшымен жүзеге асырылады.
      19. Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеменің басшысы лауазымға Зеренді ауданының әкімімен тағайындалады және босатылады.
      20. Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы дара басшылық принципі негізінде әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған және осы Ережеге сәйкес, өз құзыреттілігінде бөлім қызыметінің мәселелерін өздігінен шешеді.
      Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеме басшысының өкілетілігі:
      Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеменің лауазымды тұлғаларының функционалдық міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеменің қызметшілерін лауазымға тағайындайды және босатады;
      Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеменің жұмыс регламентін бекітеді;
      Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне бекітілген заңнамаларға сәйкес тәртіптік жаза қолданады;
      Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеменің бұйрықтарына қол қояды;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан барлық мемлекеттік мекемелерде және де басқа да ұйымдарда өкілдік етеді;
      сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдайды және осыған жауапты болып табылады.
      Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттерді жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік мекеменің мүлкі

      21. Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен қарастырылған жағдайларда, оқшауланған мүлікке жедел түрде басқару құқығын иелене алады.
      Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметінің нәтижесінде сатып алынған (ақша табыстарын қоса алғанда) мүлік есебінен қалыптастырылады.
      22. Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
      23. Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамада өзгеше көзделмесе, бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі және оның ведомстваларының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1. Зеренді ауданының әкімдігі жанындағы "Зеренді ветеринарлық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.

7. Зеренді ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі

      Алексеевка поселкінің ветеринарлық пункті;
      Ақкол ауылдық округінің ветеринарлық пункті;
      Айдабол селосының ветеринарлық пункті;
      Бәйтерек селолық округінің ветеринарлық пункті;
      Бұлақ ауылдық округінің ветеринарлық пункті;
      Викторовка ауылдық округінің ветеринарлық пункті;
      Исаковка селолық округінің ветеринарлық пункті;
      Зеренді ауылдық округінің ветеринарлық пункті;
      Қызылегіс селолық округінің ветеринарлық пункті;
      Қанай би атындағы селолық округінің ветеринарлық пункті;
      Қонысбай селолық округінің ветеринарлық пункті;
      Қызылсая ауылдық округінің ветеринарлық пункті;
      Күсеп ауылдық округінің ветеринарлық пункті;
      Ортақ селолық округінің ветеринарлық пункті;
      Приречен ауылдық округінің ветеринарлық пункті;
      М.Ғабдуллин ауылдық округінің ветеринарлық пункті;
      Симферополь селолық округінің ветеринарлық пункті;
      С.Сейфуллин атындағы селолық округінің ветеринарлық пункті;
      Садовый селолық округінің ветеринарлық пункті;
      Сарыөзек селолық округінің ветеринарлық пункті;
      Троицк ауылдық округінің ветеринарлық пункті;
      Чаглинка ауылдық округінің ветеринарлық пункті.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Отдел ветеринарии" Зерендинского района

Постановление акимата Зерендинского района Акмолинской области от 13 марта 2015 года № 150. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 16 апреля 2015 года № 4751. Утратило силу постановлением акимата Зерендинского района Акмолинской области от 15 апреля 2016 года № А-3/165

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Зерендинского района Акмолинской области от 15.04.2016 № А-3/165 (вступает в силу со дня подписания).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии со статьей 37 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", акимат Зерендинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение государственного учреждения "Отдел ветеринарии" Зерендинского района.
      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.
      Аким Зерендинского района А.Муратулы

  Утверждено
постановлением акимата
Зерендинского района
от "13" 03 2015 года № 150

Положение государственного учреждения "Отдел ветеринарии" Зерендинского района
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии" Зерендинского района является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим функции в сфере ветеринарии.
      2. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии" Зерендинского района имеет ведомство:
      государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Зерендинская ветеринарная станция" при акимате Зерендинского района.
      3. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии" Зерендинского района осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и Законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан и иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии" Зерендинского района является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, а также в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      5. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии" Зерендинского района вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии" Зерендинского района имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      7. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии" Зерендинского района по вопросам своей компетенции, в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Отдел ветеринарии" Зерендинского района и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Отдел ветеринарии" Зерендинского района утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      9. Местонахождение государственного учреждения "Отдел ветеринарии" Зерендинского района 021200, Республика Казахстан, Акмолинская область, Зерендинский район, село Зеренда, улица Мира, 52.
      10. Полное наименование государственного учреждения государственное учреждение "Отдел ветеринарии" Зерендинского района.
      11. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Отдел ветеринарии" Зерендинского района.
      12. Финансирование деятельности государственного учреждения "Отдел ветеринарии" Зерендинского района осуществляется из местного бюджета.
      13. Государственному учреждению "Отдел ветеринарии" Зерендинского района запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Отдел ветеринарии" Зерендинского района.
      Если государственному учреждению "Отдел ветеринарии" Зерендинского района предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного учреждения

      14. Миссия: Государственное учреждение "Отдел ветеринарии" Зерендинского района осуществляет государственную политику в области ветеринарии, в целях охраны здоровья населения от болезней общих для человека и животных на территории района.
      15. Задачи:
      охрана здоровья населения от болезней, общих для человека и животных;
      защита животных от болезней и их лечение;
      обеспечение ветеринарно-санитарной безопасности;
      охрана территории Республики Казахстан от заноса и распространения заразных и экзотических болезней животных из других государств;
      предупреждение и ликвидация загрязнения окружающей среды при осуществлении физическими и юридическими лицами деятельности в области ветеринарии.
      16. Функции:
      1) функции государственного учреждения "Отдел ветеринарии" Зерендинского района:
      внесение в местный представительный орган области для утверждения правил содержания животных, правил содержания и выгула собак и кошек, правил отлова и уничтожения бродячих собак и кошек, предложений по установлению границ санитарных зон содержания животных;
      организация отлова и уничтожения бродячих собак и кошек;
      организация строительства скотомогильников (биотермических ям) и обеспечение их содержания в соответствии с ветеринарными (ветеринарно-санитарными) требованиями;
      организация и обеспечение предоставления заинтересованным лицам информации о проводимых ветеринарных мероприятиях;
      организация и проведение просветительной работы среди населения по вопросам ветеринарии;
      организация государственных комиссий по приему в эксплуатацию объектов производства, осуществляющих выращивание животных, заготовку (убой), хранение, переработку и реализацию животных, продукции и сырья животного происхождения, а также организаций по производству, хранению и реализации ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок;
      обезвреживание (обеззараживание) и переработка без изъятия животных, продукции и сырья животного происхождения, представляющих опасность для здоровья животных и человека;
      возмещение владельцам стоимости обезвреженных (обеззараженных) и переработанных без изъятия животных, продукции и сырья животного происхождения, представляющих опасность для здоровья животных и человека;
      принятие решений об установлении карантина или ограничительных мероприятий по представлению главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора соответствующей территории в случае возникновения заразных болезней животных на территории района (города областного значения);
      принятие решений о снятии ограничительных мероприятий или карантина по представлению главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора соответствующей территории после проведения комплекса ветеринарных мероприятий по ликвидации очагов заразных болезней животных на территории района (города областного значения);
      утверждение списка государственных ветеринарных врачей, имеющих право выдачи ветеринарно-санитарного заключения на объекты государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора;
      организация и осуществление государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора за соблюдением физическими и юридическими лицами законодательства Республики Казахстан в области ветеринарии в пределах соответствующей административно-территориальной единицы;
      проведение обследования эпизоотических очагов в случае их возникновения;
      выдача акта эпизоотологического обследования;
      осуществление государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора на предмет соблюдения требований законодательства Республики Казахстан в области ветеринарии:
      на объектах внутренней торговли;
      на объектах производства, осуществляющих выращивание животных, заготовку (убой), хранение, переработку и реализацию животных, продукции и сырья животного происхождения, а также в организациях по хранению и реализации ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок (за исключением связанных с импортом и экспортом);
      у лиц, осуществляющих предпринимательскую деятельность в области ветеринарии за исключением производства ветеринарных препаратов;
      при транспортировке (перемещении), погрузке, выгрузке перемещаемых (перевозимых) объектов в пределах соответствующей административно-территориальной единицы, за исключением их экспорта (импорта) и транзита;
      на всех видах транспортных средств, по всем видам тары, упаковочных материалов, которые могут быть факторами передачи возбудителей болезней животных, за исключением экспорта (импорта) и транзита;
      на скотопрогонных трассах, маршрутах, территориях пастбищ и водопоя животных, по которым проходят маршруты транспортировки (перемещения);
      на территориях, в производственных помещениях и за деятельностью физических и юридических лиц, выращивающих, хранящих, перерабатывающих, реализующих или использующих перемещаемые (перевозимые) объекты, за исключением экспорта (импорта) и транзита;
      осуществление государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора за соблюдением зоогигиенических и ветеринарных (ветеринарно-санитарных) требований при размещении, строительстве, реконструкции и вводе в эксплуатацию скотомогильников (биотермических ям), объектов государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора, связанных с содержанием, разведением, использованием, производством, заготовкой (убоем), хранением, переработкой и реализацией, а также при транспортировке (перемещении) перемещаемых (перевозимых) объектов;
      составление акта государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора в отношении физических и юридических лиц;
      организация проведения ветеринарных мероприятий по энзоотическим болезням животных на территории соответствующей административно-территориальной единицы;
      организация проведения ветеринарных мероприятий по профилактике, отбору проб биологического материала и доставке их для диагностики особо опасных болезней животных по перечню, утверждаемому уполномоченным органом, а также других болезней животных;
      организация проведения мероприятий по идентификации сельскохозяйственных животных, ведению базы данных по идентификации сельскохозяйственных животных;
      определение потребности в изделиях (средствах) и атрибутах для проведения идентификации сельскохозяйственных животных и передача информации в местный исполнительный орган области, города республиканского значения, столицы;
      свод, анализ ветеринарного учета и отчетности и их представление в местный исполнительный орган области, города республиканского значения, столицы;
      внесение предложений в местный исполнительный орган области, города республиканского значения, столицы по ветеринарным мероприятиям по профилактике заразных и незаразных болезней животных;
      внесение предложений в местный исполнительный орган области, города республиканского значения, столицы по перечню энзоотических болезней животных, профилактика и диагностика которых осуществляются за счет бюджетных средств;
      организация хранения ветеринарных препаратов, приобретенных за счет бюджетных средств, за исключением республиканского запаса ветеринарных препаратов;
      внесение предложений в местный исполнительный орган области о ветеринарных мероприятиях по обеспечению ветеринарно-санитарной безопасности на территории соответствующей административно-территориальной единицы;
      организация санитарного убоя больных животных;
      осуществление в интересах местного государственного управления иных полномочий, возлагаемых на местные исполнительные органы законодательством Республики Казахстан.
      2) функции ведомства:
      проведения ветеринарных мероприятий против особо опасных, незаразных и энзоотических болезней животных;
      проведения идентификации сельскохозяйственных животных;
      оказания услуг по искусственному осеменению сельскохозяйственных животных;
      оказания услуг по транспортировке (доставке), хранению ветеринарных препаратов против особо опасных и энзоотических болезней животных, а также транспортировке (доставке) изделий (средств) и атрибутов для проведения идентификации сельскохозяйственных животных;
      содержания скотомогильников (биотермических ям), убойных площадок (площадок по убою сельскохозяйственных животных), строительство которых организовано местными исполнительными органами соответствующих административно-территориальных единиц;
      отлова и уничтожения бродячих собак и кошек;
      выдачи ветеринарной справки;
      ведения базы данных по идентификации сельскохозяйственных животных и выдачи выписки из нее;
      отбора проб биологического материала и доставки их в ветеринарную лабораторию;
      оказание услуг по транспортировке больных животных на санитарный убой.
      Государственные ветеринарные организации, образуемые местными исполнительными органами районов, создаются с ветеринарными пунктами.
      17. Права и обязанности:
      запрашивать и получать необходимую информацию от уполномоченного государственного органа в области ветеринарии и иных организаций для осуществления возложенных на него задач;
      внесение предложений в местный исполнительный орган области по ветеринарным мероприятиям по профилактике заразных и незаразных болезней животных;
      внесение предложений в местный исполнительный орган области по перечню энзоотических болезней животных, профилактика и диагностика которых осуществляется за счет бюджетных средств;
      внесение предложений в местный исполнительный орган области о ветеринарных мероприятиях по обеспечению ветеринарно-санитарной безопасности на территории района.

3. Организация деятельности государственного учреждения

      18. Руководство государственного учреждения "Отдел ветеринарии" Зерендинского района осуществляется руководителям, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Отдел ветеринарии" Зерендинского района задач и осуществление им своих функций.
      19. Руководитель государственного учреждения "Отдел ветеринарии" Зерендинского района назначается на должность и освобождается от должности акимом Зерендинского района.
      20. Полномочия руководителя государственного учреждения "Отдел ветеринарии" Зерендинского района:
      определяет функциональные обязанности и полномочия должностных лиц государственного учреждение "Отдел ветеринарии" Зерендинского района;
      в соответствии с законодательством Республики Казахстан назначает на должности и освобождает от должностей работников государственного учреждения "Отдел ветеринарии" Зерендинского района;
      утверждает регламент работы государственного учреждения "Отдел ветеринарии" Зерендинского района;
      в установленном законодательством порядке налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников государственного учреждения "Отдел ветеринарии" Зерендинского района;
      подписывает приказы государственного учреждения "Отдел ветеринарии" Зерендинского района;
      представляет государственное учреждение "Отдел ветеринарии" Зерендинского района во всех государственных учреждениях и иных организациях в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;
      принимает меры по противодействию коррупции и несет за это персональную ответственность.
      осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество государственного учреждения

      21. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии" Зерендинского района может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Отдел ветеринарии" Зерендинского района формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      22. Имущество, закрепленное за государственное учреждение "Отдел ветеринарии" Зерендинского района относится к коммунальной собственности Зерендинского района.
      23. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии" Зерендинского района не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного учреждения

      24. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Отдел ветеринарии" Зерендинского района осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

6. Перечень организаций, находящихся в ведении отдела ветеринарии и его ведомств

      1. Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Зерендинская ветеринарная станция" при акимате Зерендинского района.

7. Перечень территориальных органов, находящихся в ведении государственного учреждения "Отдел ветеринарии" Зерендинского района

      Ветеринарный пункт поселка Алексеевка;
      Ветеринарный пункт Аккольского сельского округа
      Ветеринарный пункт села Айдабол;
      Ветеринарный пункт Байтерекского сельского округа;
      Ветеринарный пункт Булакского сельского округа;
      Ветеринарный пункт Исаковского сельского округа;
      Ветеринарный пункт Зерендинского сельского округа;
      Ветеринарный пункт Кызылегисского сельского округа;
      Ветеринарный пункт сельского округа имени Канай би;
      Ветеринарный пункт Конысбайского сельского округа;
      Ветеринарный пункт Кызылсаянского сельского округа;
      Ветеринарный пункт Кусепского сельского округа;
      Ветеринарный пункт Ортакского сельского округа;
      Ветеринарный пункт Приреченского сельского округа;
      Ветеринарный пункт сельского округа М.Габдуллина;
      Ветеринарный пункт Симферопольского сельского округа;
      Ветеринарный пункт сельского округа С.Сейфуллина;
      Ветеринарный пункт Садовского сельского округа;
      Ветеринарный пункт Сарыозекского сельского округа;
      Ветеринарный пункт Троицкого сельского округа;
      Ветеринарный пункт Чаглинского сельского округа.