РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармағына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Зеренді аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 138 ұсынысы негізінде, Исаковка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Исаковка ауылы аумағында малдардың жұқпалы құтыру ауруының пайда болуына байланысты шектеулі іс-шаралар белгіленсін.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Исаковка ауылдық
округінің әкімі Қ.Сағандықова
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігі Ветеринариялық
бақылау және қадағалау
комитетінің Зеренді
аудандық аумақтық
инспекциясы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы К.Аманов
«04» 05 2015 жыл
«Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министірлігі
Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитетінің Ақмола облысы
тұтынушылардың құқықтарын
қорғау департаментінің
Зеренді аудандық
тұтынушылардың құқықтарын
қорғау басқармасы» мемлекеттік
мекемесі басшысының
міндетін атқарушы О.Нұржанов
«04» 05 2015 жыл