1. 2015 жылға Бурабай ауданында халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) зейнеткерлік жас алдындағы жасқа жеткенге дейінгі елу жастан жоғары жастағы ер адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
2) зейнеткерлік жас алдындағы жасқа жеткенге дейінгі қырық бес жастан жоғары жастағы әйел адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
3) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар (үш айдан астам);
4) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Б. Нұрпановаға жүктелсiн.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бурабай ауданының әкімі | Т.Ташмағамбетов |