Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдары "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 145 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 маусымда № 4354 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 14 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 19.01.2016 № 14 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдары "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жыл сайынғы бағалау әдістемесі бекітілсін.
      2. "Ақтөбе облысы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысы К.В. Петровқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннең соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі А.Мұхамбетов

  Облыс әкімдігінің
2015 жылғы 8 мамырдағы
№ 145 қаулысымен
бекітілген

Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдары "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жыл сайынғы бағалау әдістемесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдары "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Жарлығын іске асыру үшін әзірленді және "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – қызметшілер) қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу тәсілін айқындайды.
      2. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
      3. Бағалау мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзiмде жүргізіледі.
      4. Қызметшілерді бағалау мыналардан:
      1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауынан;
      2) айналмалы бағалаудан (қызметшінің қарамағындағы немесе әріптестерінің бағалауы).
      Лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға қызметшінің тікелей басшысы болып табылады.
      Жергілікті бюджеттен қаржыланатын облыстық атқарушы органдар басшылары үшін бағалау облыс әкімі немесе оның уәкілеттік беруімен жетекшілік ететін бағыттар бойынша орынбасарларымен өткізілуі мүмкін.
      5. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.
      6. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі "қанағаттанарлықсыз" деген баға алуы, оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.
      Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.
      7. "Қанағаттанарлықсыз" деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
      8. Қызметшінің қорытынды бағасын тұрақты жұмыс істейтін Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) бекітеді, оны қызметшілерді лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы бар тұлға құрады.
      9. Комиссия кем дегенде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.
      10. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      Облыстық атқарушы органдардың жергілікті бюджетті қаржыландыратын басшылары үшін облыс әкімінің бірінші орынбасары, ал қызметкерлер үшін – тиісті мемлекеттік органның басшысы комиссия төрағасы болып табылады.
      Мемлекеттік органның персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) қызметкері комиссия хатшысы болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
      Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.

2. Бағалау жүргізуге дайындық

      11. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін әзірлейді.
      Персоналды басқару қызметі бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және оларға бағалау өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей толтыру үшін бағалау парағын жібереді.

3. Тікелей басшының бағалауы

      12. Тікелей басшы осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағын персоналды басқару қызметінен алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын персоналды басқару қызметіне қайтарады.
      Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметiнiң қызметкерi және тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

4. Айналмалы бағалау

      13. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда – қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.
      Мұндай адамдардың тізімін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай персоналды басқару қызметі бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.
      14. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда бағалау парағын толтырады.
      15. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен толтырылған бағалау парағы персоналды басқару қызметіне оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне жіберіледі.
      16. Персоналды басқару қызметі осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың бағалауының орташа есебін жүргізеді.
      17. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың бағалауы жасырын түрде жүргізіледі.

5. Қызметшінің қорытынды бағасы

      18. Персоналды басқару қызметі қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:

            a = b + c

      a – қызметшінің қорытынды бағасы,
      b – тікелей басшының бағасы,
      c – осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасы.
      19. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:
      21 баллдан төмен – "қанағаттанарлықсыз",
      21-ден 33 балға дейін – "қанағаттанарлық",
      33 балдан жоғары – "тиімді".
      Ескерту. 19 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысының әкімдігінің 20.07.2015 № 270 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).

6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      20. Персоналды басқару қызметі осы Әдістеменің 11-тармағында көрсетілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
      Персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысына мына құжаттарды:
      1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;
      2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;
      3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;
      4) осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды баға көрсетілген Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
      21. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
      1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
      2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:
      1) егер қызметшінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса, бұл ретте қызметшінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;
      2) қызметшінің бағалау нәтижесін санауда қате жіберілсе.
      Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.
      22. Персоналды басқару қызметі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.
      Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметiнiң қызметкерi танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
      23. Осы Әдістеменің 20-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару қызметінде сақталады.

7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      24. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      25. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағым қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
      26. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.

  Ақтөбе облысының жергілікті
атқарушы органдары "Б"
корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің жыл
сайынғы бағалау әдістемесіне
1-қосымша

Тікелей басшысының бағалау парағы

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә.: _______________________________
      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _____________________________


р/н
Өлшем
Көрсеткіштің мәні (саны)
Баға (балл)
1.
Бастамашылығы
2-ден 5-ке дейін
 
2.
Лауазымды міндеттерін орындау сапасы
2-ден 8-ге дейін
 
3.
Әрекеттестікке икемділігі
2-ден 5-ке дейін
 
4.
Қызметтік этиканы сақтауы
2-ден 5-ке дейін
 
БАРЛЫҒЫ (барлық бағалардың бағасы)
 
 
Таныстым:
Қызметші (Т.А.Ә.) _______________
күні ___________________________
қолы ___________________________
Тікелей басшы ( Т.А.Ә.) ________
күні ___________________________
қолы ___________________________

  Ақтөбе облысының жергілікті
атқарушы органдары "Б"
корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің жыл
сайынғы бағалау әдістемесіне
2-қосымша

Айналмалы бағалау парағы

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә.:_______________________________
      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _____________________________


р/н
Өлшем
Көрсеткіштің мәні
Баға (балл)
Бағынышты адам
1
Жұмысты жоспарлай алу қабілеті
2-ден 5-ке дейін
 
2
Жұмысқа ынталандыру қабілеті
2-ден 5-ке дейін
 
3
Қызметтік этиканы сақтауы
2-ден 5-ке дейін
 
 
Барлығы (барлық бағалардың бағасы)
 
Әріптесі
1
Топта жұмыс істей алу қабылеті
2-ден 5-ке дейін
 
2
Қызметтік этиканы сақтауы
2-ден 5-ке дейін
 
3
Лауазымды міндеттерін орындау сапасы
2-ден 5-ке дейін
 
 
Барлығы (барлық бағалардың бағасы)
 
 

  Ақтөбе облысының жергілікті
атқарушы органдары "Б"
корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің жыл
сайынғы бағалау әдістемесіне
3-қосымша

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
______________________________________________________
(мемлекеттік орган атауы)


р/р
Қызметшінің Т.А.Ә.
Тікелей басшының бағасы
Айналмалы баға
Қорытынды баға
1
 
 
 
 

 
 
 
 

      Комиссия қорытындысы:
      Тексерген:
      Комиссия хатшысы: _______________________ Күні: ____________________
(Т.А.Ә., қолы)
Комиссия төрағасы:_______________________ Күні: ____________________
(Т.А.Ә., қолы)
Комиссия мүшесі: ________________________ Күні: ____________________
(Т.А.Ә., қолы)

Об утверждении методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" местных исполнительных органов Актюбинской области

Постановление акимата Актюбинской области от 8 мая 2015 года № 145. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 12 июня 2015 года № 4354. Утратило силу постановлением акимата Актюбинской области от 19 января 2016 года № 14

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Актюбинской области от 19.01.2016 № 14.
      Примечание РЦПИ.
В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии со статьей 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Указом Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года № 327 "Об утверждении Правил проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих", приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 29 декабря 2014 года № 86 "Об утверждении Типовой методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б"" акимат Актюбинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемую методику ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" местных исполнительных органов Актюбинской области.
      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Актюбинской области" обеспечить размещение настоящего постановления в информационно-правовой системе "Әділет".
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима Актюбинской области Петрова К.В.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким области А.Мухамбетов

  Утверждена
постановлением акимата
области от 8 мая 2015 года
№ 145

Методика ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" местных исполнительных органов Актюбинской области

1. Общие положения

      1. Настоящая методика ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" местных исполнительных органов Актюбинской области разработана в реализацию Указа Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года № 327 "Об утверждении Правил проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих" и определяет методы ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" (далее – служащие).
      2. Ежегодная оценка деятельности служащих (далее – оценка) проводится для определения эффективности и качества их работы.
      3. Оценка проводится по истечении каждого года пребывания на государственной службе, не позднее трех месяцев со дня его наступления, но не ранее шести месяцев со дня занятия данной должности.
      4. Оценка служащего складывается из:
      1) оценки непосредственного руководителя служащего;
      2) круговой оценки (оценки подчиненных или коллег служащего).
      Непосредственным руководителем служащего является лицо, которому он подчиняется согласно своей должностной инструкции. 
      Для руководителей областных исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета, оценка проводится акимом области либо по его уполномочию его заместителями по курируемым направлениям.
      5. По результатам оценки вырабатываются предложения по устранению недостатков в деятельности служащих, определяются направления их деятельности, требующие улучшения, вырабатываются предложения по карьерному продвижению и стажировке служащих.
      6. Получение служащим двух оценок "неудовлетворительно" в течение последних трех лет является основанием для проведения аттестации.
      При принятии решения о проведении аттестации не учитываются результаты оценки, которые являлись основанием для проведения предыдущей аттестации.
      7. Служащий, получивший оценку "неудовлетворительно", не закрепляется наставником за лицами, впервые принятыми на административные государственные должности.
      8. Итоговая оценка служащего утверждается постоянно действующей Комиссией по оценке (далее – Комиссия), которая создается лицом, имеющим право назначения на должности и освобождения от должностей служащих.
      9. Комиссия состоит не менее, чем из трех членов, в том числе председателя.
      10. Результаты голосования определяются большинством голосов членов Комиссии. При равенстве голосов голос председателя комиссии является решающим.
      Председателем Комиссии для руководителей местных исполнительных органов финансируемых из местного бюджета является первый заместитель акима области, а для сотрудников – руководитель соответствующего государственного органа.
      Секретарем Комиссии является сотрудник службы управления персоналом (кадровой службы) государственного органа (далее – служба управления персоналом). Секретарь Комиссии не принимает участие в голосовании.
      В случае, если в состав Комиссии входит непосредственный руководитель служащего, в отношении которого проводится оценка, а также служащие, указанные в подпункте 2) пункта 4 настоящей Методики, они не принимают участия в голосовании и принятии решений по данному служащему.

2. Подготовка к проведению оценки

      11. Служба управления персоналом формирует график проведения оценки по согласованию с председателем Комиссии.
      Служба управления персоналом уведомляет служащего, подлежащего оценке, а также лиц, указанных в подпунктах 1) и 2) пункт 4 настоящей Методики, о проведении оценки и направляет им оценочные листы для заполнения не позднее одного месяца до ее проведения.

3. Оценка непосредственного руководителя

      12. Непосредственный руководитель заполняет оценочный лист по форме согласно приложению 1 к настоящей Методике в течение трех рабочих дней со дня его получения от службы управления персоналом, ознакамливает служащего с заполненным оценочным листом и направляет заполненный оценочный лист в службу управления персоналом в течение двух рабочих дней.
      Ознакомление служащего с заполненным оценочным листом осуществляется в письменной или электронной форме.
      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для направления документов на заседание Комиссии. В этом случае работником службы управления персоналом и непосредственным руководителем служащего в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.

4. Круговая оценка

      13. Круговая оценка представляет собой оценки подчиненных служащего, а в случае отсутствия подчиненных – лиц, занимающих должности в структурном подразделении, в котором работает служащий (в случае их наличия).
      Перечень таких лиц (не более трех) определяется службой управления персоналом не позднее одного месяца до проведения оценки, исходя из должностных обязанностей и служебных взаимодействий служащего.
      14. Лица, указанные в пункте 13 настоящей Методики, заполняют оценочный лист по форме согласно приложению 2 к настоящей Методике.
      15. Оценочные листы, заполненные лицами, указанными в пункте 13 настоящей Методики, направляются в службу управления персоналом в течение двух рабочих дней со дня их получения от службы управления персоналом.
      16. Служба управления персоналом осуществляет расчет средней оценки лиц, указанных в пункте 13 настоящей Методики.
      17. Оценка лицами, указанных в пункте 13 настоящей Методики, осуществляется на анонимной основе.

5. Итоговая оценка служащего

      18. Итоговая оценка служащего вычисляется службой управления персоналом не позднее пяти рабочих дней до заседания Комиссии по следующей формуле:

            a = b + c

      где a – итоговая оценка служащего,
      b – оценка непосредственного руководителя,
      c – средняя оценка лиц, указанных в пункте 13 настоящей Методики.
      19. Итоговая оценка выставляется по следующей шкале:
      менее 21 балла – "неудовлетворительно",
      от 21 до 33 баллов – "удовлетворительно",
      выше 33 баллов – "эффективно".
      Сноска. Пункт 19 с изменениями, внесенными постановлением акимата Актюбинской области от 20.07.2015 № 270 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

6. Рассмотрение результатов оценки Комиссией

      20. Служба управления персоналом обеспечивает проведение заседания Комиссии по рассмотрению результатов оценки в соответствии с графиком, указанным в пункте 11 настоящей Методики.
      Служба управления персоналом предоставляет на заседание Комиссии следующие документы:
      1) заполненный оценочный лист непосредственного руководителя;
      2) заполненный лист круговой оценки;
      3) должностная инструкция служащего;
      4) проект протокола заседания Комиссии с указанием итоговой оценки по форме согласно 2 настоящей Методики.
      21. Комиссия рассматривает результаты оценки и принимает одно из следующих решений:
      1) утвердить результаты оценки;
      2) пересмотреть результаты оценки.
      В случае принятия решения о пересмотре результатов оценки Комиссия корректирует оценку с соответствующим пояснением в протоколе в следующих случаях:
      1) если эффективность деятельности служащего результат оценки, при этом представляется документальное подтверждение результатов работы служащего;
      2) при допущении ошибки службой управления персоналом при расчете результата оценки служащего.
      При этом не допускается снижение оценки служащего.
      22. Служба управления персоналом ознакамливает служащего с результатами оценки в течение пяти рабочих дней со дня ее завершения.
      Ознакомление служащего с результатами оценки осуществляется в письменной или электронной форме.
      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для внесения результатов оценки в его послужной список. В этом случае работником службы управления персоналом в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.
      23. Документы, указанные в пункте 20 настоящей Методики, а также подписанный протокол заседания Комиссии хранятся в службе управления персоналом.

7. Обжалование результатов оценки

      24. Обжалование решения Комиссии служащим в уполномоченном органе по делам государственной службы или его территориальном департаменте осуществляется в течение десяти рабочих дней со дня вынесения решения.
      25. Уполномоченный орган по делам государственной службы или его территориальный департамент в течение десяти рабочих дней со дня поступления жалобы служащего осуществляет ее рассмотрение и в случаях обнаружения нарушений рекомендует государственному органу отменить решение Комиссии.
      26. Информация о принятом решении представляется государственным органом в течение двух недель в уполномоченный орган по делам государственной службы или его территориальный департамент.

  Приложение 1
к методике ежегодной
оценки деятельности
административных
государственных служащих
корпуса "Б" местных
исполнительных органов
Актюбинской области

Оценочный лист непосредственного руководителя

      Ф.И.О. оцениваемого служащего: ________________________________
      Должность оцениваемого служащего: _____________________________


п/п
Критерий
Значение показателя
Оценка (баллы)
1.
Инициативность
от 2 до 5
 
2.
Качество исполнения должностных обязанностей
от 2 до 8
 
3.
Способность к сотрудничеству
от 2 до 5
 
4.
Соблюдение служебной этики
от 2 до 5
 
ИТОГО (сумма всех оценок):
 
 
Ознакомлен(а):
Служащий (Ф.И.О.) __________________
дата _______________________________
подпись ____________________________
Непосредственный руководитель (Ф.И.О.)
______________________________
дата _________________________________
подпись ______________________________

  Приложение 2
к методике ежегодной
оценки деятельности
административных
государственных служащих
корпуса "Б" местных
исполнительных органов
Актюбинской области

Лист круговой оценки

      Ф.И.О. оцениваемого служащего:_________________________________
      Должность оцениваемого служащего: _____________________________

п/п
Критерий
Значение показателя
Оценка (баллы)
Подчиненный
1.
Умение планировать работу
от 2 до 5
 
2.
Умение мотивировать к работе
от 2 до 5
 
3.
Соблюдение служебной этики
от 2 до 5
 
 
Итого (сумма всех оценок)
 
 
Коллега
1.
Умение работать в команде
от 2 до 5
 
2.
Соблюдение служебной этики
от 2 до 5
 
3.
Качество исполнения должностных обязанностей
от 2 до 5
 
 
Итого (сумма всех оценок)
 
 

  Приложение 3
к методике ежегодной
оценки деятельности
административных
государственных служащих
корпуса "Б" местных
исполнительных органов
Актюбинской области

Протокол заседания Комиссии по оценке
______________________________________________________
(наименование государственного органа)


п/п
Ф.И.О. служащего
Оценка непосредственного руководителя
Круговая оценка
Итоговая оценка
1
 
 
 
 

      Заключение Комиссии:
      __________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
      Проверено:
      Секретарь Комиссии:____________________ Дата: _________________
(Ф.И.О., подпись)
      Председатель Комиссии:_____________________ Дата: _____________
(Ф.И.О., подпись)
      Член Комиссии:__________________________ Дата: ________________
(Ф.И.О., подпись)