Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 145 "Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдары "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4354 тіркелген, 2015 жылғы 23 маусымда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдары "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жыл сайынғы бағалау әдістемесінде:
19-тармақта "22-дан 33 балға дейін – "қанағаттанарлық"," деген сөздер "21-ден 33 балға дейін – "қанағаттанарлық"," деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Ақтөбе облысы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысы К.В. Петровқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннең соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А.Мұхамбетов |