Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 17-бабына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Ақтөбе облысы әкімдігінің келесі қаулылары жойылсын:
2013 жылғы 1 шілдедегі № 203 "Ақтөбе облысының Дін істері басқармасын құру туралы" қаулысының 2-тармағы;
2014 жылғы 13 қарашадағы № 401 "Ақтөбе облысы әкімдігінің 2013 жылғы 1 шілдедегі № 203 қаулысына толықтыру енгізу туралы" қаулысы.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары С. Қ.Нұрқатоваға жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | Б.Сапарбаев |
Облыс әкімдігінің 2015 жылғы "2" қазандағы № 367 қаулысымен бекітілді |
"Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Осы "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі (одан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес әзірленеді және "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мәртебесін және өкілеттігін айқындайды."Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі Ақтөбе облысының аумағында азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыруын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
3. "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаменті" мемлекеттік мекемесінде шоттары болады.
5. "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 030010, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40.
10. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
11. Мемлекеттік органның толық атауы - "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
12. Осы Ереже "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
13. "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
14. "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер облыстық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
15. "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы ретінде азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыру және іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.16. "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын іске асыру және діни бірлестіктердің және миссионерлердің қызметі саласында болып жатқан процестерді жан-жақты және объективті зерделеу, қорыту және талдау;
17. "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мынадай функцияларды атқарады:
1) Өңірде жұмыс істеп тұрған діни бірлестіктердің, миссионерлердің рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметін зерделеуді және талдауды жүргізеді;
2) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетiлдiру жөнінде ұсыныстар енгiзедi;
3) діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
4) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметiне тыйым салу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
5) Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
6) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi;
7) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуына ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын бекітуге келіседі;
8) ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақүйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеуге (функционалдық мақсатын өзгерту) ұсыныстар енгізеді;
9) діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтардың тізімдеріне тексеру жүргізуді қамтамасыз етедi;
10) миссионерлiк қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді жүргізеді;
11) Ақтөбе облысы әкімдігінің 2013 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысымен бекітілген Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңес отырыстарының жұмыстарын ұйымдастыруды;
18. Құқықтары мен міндеттері:
"Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзінің міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыру мақсатында өз құзыреті шегінде:
1) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
2) діни бірлестіктерді құру және олардың қызметі, сондай-ақ азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізуге;
3) өз құзіретіне жататын мәселелер бойынша құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауға;
4) басқарманың құзіретіне кіретін мәселелер бойынша мәжілістер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзге де отырыстар өткізуге;
5) гендерлік және отбасылық-демографиялық саясаттың қалыптастыру және іске асыру мәселелерін қарастыруға;
"Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
1) азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын іске асыру саласындағы заң нормаларының сақталуын өз құзыреті шеңгінде қамтамасыз етеді;
2) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмысын жүргізеді;
3. "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
19. "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты басшы жүзеге асырады.20. "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысын Ақтөбе облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
21. "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысының өкілеттігі:
1) құрылымдық бөлімшелердің басшыларын, бас және жетекші мамандарды, мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын қызметкерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, көтермелеу және жазалау шараларын қолданады;
2) "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бұйрықтарын шығарады;
3) "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің атынан мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар мен коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда өкілдік етеді;
4) "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қолдануға дербес жауапты болады;
22. "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
23. "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайлардажедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.24. "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесініңмүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақөз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінебекiтiлген мүлiк коммуналдықменшiкке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
26.1. Ақтөбе облысының қаржы басқармасы "Ақтөбе облысының Дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органы болып табылады.