Қазақстан Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 17-бабына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы әкімдігінің 10.12.2018 № 545 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).1. "Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрылсын.
2. Ветеринария саласындағы функциялар "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінен "Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесіне берілсін.
3. Күші жойылды – Ақтөбе облысы әкімдігінің 16.09.2016 № 398 қаулысымен.4. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі, "Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі, "Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
5. "Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.С.Жұмағазиевке жүктелсін.
7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | Б.Сапарбаев |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 413 қаулысымен бекітілген |
"Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
Ескерту. Ереженің күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 16.09.2016 № 398 қаулысымен.