1. "Ауданаралық теміржол қатынастарын анықтау туралы" 2010 жылғы 14 шілдедегі № 216/313 Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысына және мәслихатының шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3341 тіркелген, 2010 жылғы 10 тамызда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Ақтөбе-Шалқар" темір жол бағыты әлеуметтік маңызы бар ауданаралық қатынас болып анықталсын".
2. Осы әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. САПАРБАЕВ |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА |
Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы |
Л. ЖАЗЫҚОВА |