1. 2016 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде "Ақтөбе қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толатын 1999 жылы туған еркек жынысты азаматтарды, сонымен қатар, бұрын тіркеуден өтпеген, Ақтөбе қаласының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарды тіркеуден өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. "Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы азаматтардың шақыру учаскесіне тіркелуін ұйымшылдықпен жүргізуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын, тіркеу қорытындысы туралы 2016 жылдың 11 сәуірінде қала әкіміне хабарласын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Арынғазиеваға және "Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы Қ.Сүндетовке жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Б.Сағын |