Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7 бабы 3 тармағының 4) тармақшасына, 18 бабы 8 тармағына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 199 "Алға ауданының ауылдық елді мекендеріне 2015 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау,білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4306 тіркелген, 2015 жылғы 21 cәуірдегі аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің атауындағы "айқындау туралы" сөздері "ұсыну туралы";
және бірінші тармақтағы "айқындалсын" сөзі "ұсынылсын" сөздерімен өзгертілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрайымы | Г. Джармухамбетова |
Аудандық мәслихат хатшысы | А. Кайрушев |