2016 жылы әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 10 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 желтоқсанда № 4655 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі басқару туралы" Занының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 16 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 "Әскери міндеттілері мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Қобда ауданының әкiмі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 2016 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде "Ақтөбе облысы Қобда ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толатын 1999 жылы туған еркек жынысты азаматтарды, сонымен қатар, бұрын тіркеуден өтпеген, Қобда ауданының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарды тіркеуден өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

      2. "Ақтөбе облысы Қобда ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) азаматтардың шақыру учаскесіне тіркелуін ұйымшылдықпен жүргізуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын, тіркеу қорытындысы туралы 2016 жылдың 10 сәуірінде аудан әкіміне хабарласын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Елеусіноваға жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.Жүсібалиев

Об организации и обеспечении проведения приписки к призывному участку в 2016 году

Решение акима Хобдинского района Актюбинской области от 11 декабря 2015 года № 10. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 28 декабря 2015 года № 4655. Прекращено действие в связи с истечением срока

      В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 16 Закона Республики Казахстан от 16 февраля 2012 года "О воинской службе и статусе военнослужащих", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 27 июня 2012 года № 859 "Об утверждении Правил ведения воинского учета военнообязанных и призывников", аким Хобдинского района РЕШИЛ:

      1. Организовать и обеспечить проведение приписки к призывному участку республиканского государственного учреждения "Отдел по делам обороны Хобдинского района Актюбинской области" граждан мужского пола 1999 года рождения, которым в год приписки исполняется 17 лет, а также граждан старших возрастов, не прошедших ранее приписку, проживающих постоянно или временно на территории Хобдинского района, в период с января по март 2016 года.

      2. Начальнику республиканского государственного учреждения "Отдел по делам обороны Хобдинского района Актюбинской области" (по согласованию) принять меры по обеспечению организованного проведения приписки граждан к призывному участку, о результатах приписки информировать акима района к 10 апреля 2016 года.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на заместителя акима района Б.О.Елеусинову.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района А. Джусибалиев