1. Жұрын ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 20 қарашадағы № 12 "Жұрын ауылдық округіне қарасты Көбелей ауылының көшесеіне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-75 болып тіркелген, 2008 жылғы 10 желтоқсанда аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округі Көбелей ауылының көшесіне атау беру туралы";
орыс тіліндегі шешімнің 1 тармағында "мнение", "дать название" сөздері "мнения", "присвоить наименование" сөздерімен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің 2 және 3 тармақтары келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
"2. "Астана" көшесіне Көбелей ауылында орналасқан барлық үйлер жатады.";
"3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.".
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жұрын ауылдық округінің әкімі | Т.Абдірзақ |