1. 2016 жылдың қаңтарынан наурызына дейiнгi кезеңде "Ақтөбе облысы Темір ауданы қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң шақыру учаскесiне тiркеу жылы он жеті жасқа толатын 1999 жылы туған еркек жынысты азаматтарды, сонымен қатар, бұрын тiркеуден өтпеген, Темір ауданының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарды тiркеуден өткiзу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етiлсiн.
2. "Ақтөбе облысы Темір ауданы қорғаныс iстер жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы азаматтардың шақыру учаскесiне тiркелуiн ұйымшылдықпен жүргiзудi қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдасын, тiркеу қорытындысы туралы 2016 жылдың 10 сәуiрiнде аудан әкiмiне хабарласын.
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б.Ізбасовқа жүктелсiн.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Қаниев |