1. 2016 жылдың қаңтарынан наурызына дейiнгi кезеңде "Ақтөбе облысы Хромтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" Республикалық мемлекеттік мекемесінiң шақыру учаскесiне тiркеу жылы он жетi жасқа толатын 1999 жылы туған еркек жынысты азаматтарды, сонымен қатар, бұрын тiркеуден өтпеген Хромтау ауданының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарды тiркеуден өткiзу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етiлсiн.
2. "Ақтөбе облысы Хромтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" Республикалық мемлекеттік мекемесінiң бастығы азаматтардың шақыру учаскесiне тiркелуiн ұйымшылдықпен жүргiзудi қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдасын, тiркеу қорытындысы туралы 2016 жылдың 10 сәуiрiнде аудан әкiмiне хабарласын.
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Н.Аспеновке жүктелсiн.
4. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі | А.Усмангалиев |