1. Қоса беріліп отырған облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолымен жүріп өту үшін ақы алу қағидалары бекітілсін.
2. "Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары М. Бигелдиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Баталов |
Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы "10" маусым № 247 қаулысымен бекітілген |
Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолымен жүріп өту үшін ақы алу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолымен жүріп өту үшін ақы алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолымен жүріп өту үшін ақы алу тәртібін айқындайды.2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ақылы жүруді ұйымдастырушы – Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор немесе концессионер;
2) ақылы жүруді ұйымдастыру – қазіргі заманғы ақы төлеу тәсілдерін, автокөлік құралдарының габариттерін, салмағын айқындайтын техникалық құралдарды пайдалану арқылы облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ ақылы автомобиль жолдары бойынша жүріп өту үшін ақы алу процесі;
3) ақы алу пункті – облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ ақылы автомобиль жолдарында орналасқан, автокөлік құралдарын бақылау мен бірдейлендіруге мүмкіндік беретін техникалық құралдармен жабдықталған және онда автомобиль жолдарын пайдаланушылар жүріп өту үшін ақы төлеуді жүзеге асыратын өткізу пункті;
4) POS-терминал – жүріп өту үшін ақы төлеу ретінде автоматты режимде қолма-қол ақша қабылдауды немесе төлем карточкаларын пайдалану арқылы қолма-қол жасалмайтын төлемдерді қабылдауды жүзеге асыратын электрондық-механикалық құрылғы;
5) аралық шеп – автокөлік құралдарын, оның ішінде ақы алу пункттерін айналып өтіп облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ ақылы автомобиль жолына шыққан автокөлік құралдарын бірдейлендіруге және есебін жүргізуге мүмкіндік беретін, ақылы автомобиль жолдарының бойында орналасқан техникалық құралдар;
6) қашықтықтан ақы төлеуге арналған құралдар – техникалық құрылғы, оны пайдалану кезінде автокөлік құралы ақы алу пункті арқылы жүріп өткен кезде облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ ақылы автомобиль жолы бойынша жүріп өту үшін ақы автоматты түрде жүзеге асырылады;
7) автомобиль жолдарын пайдаланушылар – жол қозғалысына қатысушылар болып табылатын немесе автомобиль жолдарына бөлінген белдеу мен жол бойындағы белдеу шегінде өзге де қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
2. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарымен жүріп өту үшін ақы алу тәртібі
3. Автокөлік құралдарының ақылы жүріп өтуін ұйымдастыру облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарына өту мен шығу жолдарында орналасқан ақы алу пункттерінде жүзеге асырылады.4. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолымен жүріп өту автомобиль жолын пайдаланушының Ұлттық оператормен немесе концессионермен жасасқан шарты негізінде жүзеге асырылады. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолына кіру пунктін кесіп өткен кез шартты жасасу кезі болып табылады. Ұлттық оператор немесе концессионер мен облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын пайдаланушылар арасындағы ақылы автомобиль жолдарын пайдалануға арналған шарт жария шарт болып табылады.
5. Автомобиль жолдарын пайдаланушылардан жүріп өту үшін ақы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері) бойынша жүріп өту үшін ақы ставкасына сәйкес алынады.
6. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өту үшін ақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі.
7. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы жүруді ұйымдастырушы ақылы автомобиль жолдарын пайдаланушылар үшін жүріп өту үшін ақы төлеудің мынадай тәсілдерін қамтамасыз етеді:
1) ақы төлеу жүргізгенін растайтын құжат пен артық ақшаны қайтарып беру арқылы POS-терминалға қолма-қол ақшамен;
2) POS-терминал арқылы төлем карточкасынан қолма-қол жасалмайтын төлем арқылы;
3) қашықтықтан ақы төлеуге арналған құралдардың көмегімен алдын ала ақы төлеу.
8. Ақылы жүруді ұйымдастырушы облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолына шығу алдында ақылы автомобиль жолына шығу туралы ақпараттық табло орнатады. Ақпараттық таблода сондай-ақ келесі ақпарат орналастырылады:
1) ақылы автомобиль жолдарымен жүріп өту үшін ақы ставкалары;
2) жолдың ұзындығы;
3) жүріп өту үшін ақы төлеудің ықтимал тәсілдері;
4) ақылы жолдарды пайдаланғаны үшін ақы төлеуден босатылған автомобиль жолдарын пайдаланушылардың тізбесі;
5) басқа да пайдалы ақпарат.
9. Ақылы жүруді ұйымдастырушының ақы алу пункттерінде өз өкілдері бар, олар облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарымен жүріп өту мен ақы төлеу тәртібіне қатысты пайдаланушыларға туындаған сұрақтар бойынша түсініктеме береді.
10. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарымен автокөлік құралдарының ақылы жүріп өтуін ұйымдастыруды ақылы жүруді ұйымдастырушы ақы алу пунктінде жол кептелістері қалыптаспайтындай қамтамасыз етеді.
11. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарымен жүріп өту үшін қашықтықтан ақы төлеуге арналған құралдардың көмегімен ақы төлеу үшін ақылы автомобиль жолдарын пайдаланушылар жүрместен бұрын алдын ала қашықтықтан ақы төлеуге арналған құралды ол сатылатын жерлерде сатып алады және оны осы құралдарға қоса берілген нұсқамаға сәйкес пайдаланады.
12. Егер ақы алу пункті арқылы жүріп өткен кезде автомобиль жолын пайдаланушының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолымен жүріп өту үшін ақы төлеуді жүзеге асыру мүмкіндігі болмаса, ақы төлеу үшін шотты ақылы жүруді ұйымдастырушы автокөлік құралының иесіне автокөлік құралының тіркелген мекенжайы бойынша жібереді.
13. Ақы алу пункті және/немесе аралық шеп арқылы жүріп өткен кезде ақылы жүруді ұйымдастырушы бірдейлендіруші техникалық жабдық арқылы автокөлік құралдары туралы деректерді жинауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Мұндай деректер автокөлік құралының тіркеу нөмірлік белгісін, жүріп өту күні мен уақытын бекітетін автокөлік құралдарының бейнесуреті болып табылады.
14. Осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген деректер тиісті пайдаланушылардың облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын нақты пайдаланғанын растау болып табылады және құпия ақпарат болып табылады.
Ақылы жүруді ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, оған үшінші тұлғалардың қолжетімділігін шектейді. Деректер ақылы жүруді ұйымдастырушының серверлік жабдығында жинақталады және бір жыл бойы сақталады.
15. Егер автокөлік құралы ақы алу пунктін айналып өтіп облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолына өткен болса, мұндай көлік құралы туралы деректер аралық шептерде белгіленіп, ақы мөлшерін айқындау үшін және автокөлік құралының кейіннен ақылы автомобиль жолы арқылы шығуы кезінде ақы алу үшін ақы алу пунктінің жабдығына жіберіледі.
16. Автокөлік құралы ақы алу пунктін айналып өтіп облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолынан шығып кеткен жағдайда жүріп өту үшін ақы осы Қағидалардың 11-тармағында белгіленген тәртіппен автокөлік құралының иесінен алынады.
17. Автокөлік құралы облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарымен басқа автокөлік құралын сүйреп жүріп өткен жағдайда ақы көлік құралдарының екі бірлігінен де алынады.
18. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын, оның ішінде концессияға берілгендер ақы төлеуден:
1) қызметтік міндеттерін орындаған кезде:
жедел медициналық жәрдем ұйымдарының;
өртке қарсы қызметтің;
авариялық-құтқару қызметтерінің;
жол-патруль қызметінің;
әскери техниканың арнаулы автокөлік құралдары босатылады;
2) қала маңындағы қатынастарда және облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолына іргелес елді мекендерді:
кенттерді, ауылдарды аудан немесе облыс орталықтарымен, астанамен немесе республикалық маңызы бар қалалармен қосатын қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автобустар;
облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген автобустары бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін;
жүк автокөлік құралдары, өздігінен жүретін доңғалақты ауыл шаруашылық, мелиорациялық машиналар таяу көлікке арналған айрықтары арасындағы жол кесінділері шегінде су тосқауылдары мен темір жолдарды кесіп өту үшін;
облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың жеке заңды тұлғаларының аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген жеңіл автомобильдерді бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін босатылады.