1. Талдықорған қаласының жаңа көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1) Талдықорған қаласы "Шайқорған" тұрғын үй алабының солтүстік-батысында орналасқан бірінші көшеге – "Балқарағай", екінші көшеге – "Бәйтерек"; солтүстік-шығысында орналасқан төртінші көшеге – "Астана"; оңтүстік-шығысында орналасқан алтыншы көшеге – "Тұран", жетінші көшеге – "Данабұлақ", сегізінші көшеге – "Жастерек"; солтүстігінде орналасқан тоғызыншы көшеге – "Қыран", оныншы көшеге – "Жаскент", он бірінші көшеге – "Қайнар", он екінші көшеге – "Сұңқар", он бесінші көшеге – "Наурыз", он алтыншы көшеге – "Парасат"; оңтүстігінде орналасқан жиырма бірінші көшеге – "Бестерек"; оңтүстік-шығысында орналасқан жиырма бесінші көшеге – "Арасан", жиырма алтыншы көшеге – "Арқарлы", жиырма жетінші көшеге – "Құлан", жиырма сегізінші көшеге – "Қарағаш";
2) Талдықорған қаласы "Жеміс тәлім бағы" тұрғын үй алабының оңтүстік-батысында орналасқан төртінші көшеге – "Сарыбұлақ", бесінші көшеге – "Жарбұлақ"; сегізінші көшеге – "Матай", тоғызыншы көшеге – "Асылтас", оныншы көшеге – "Жетікөл", он бірінші көшеге – "Сұлутөр", он екінші көшеге – "Олжас Құлжабеков", он үшінші көшеге – "Нұрила Жидебаева";
3) Талдықорған қаласының "Алматы-Талдықорған" трассасы бойындағы коттедж қалашығының солтүстігінде орналасқан бірінші көшеге – "Тәнеке Дөсетұлы", үшінші көшеге – "Шұғыла"; батысында орналасқан екінші көшеге – "Шалбай Райымбеков"; оңтүстігінде орналасқан алтыншы көшеге – "Көксай", жетінші көшеге – "Ақжол"; шығысында орналасқан сегізінші көшеге – "Еламан";
4) Талдықорған қаласы "Солтүстік" тұрғын үй алабының солтүстік-батысында орналасқан бірінші көшеге – Шиелі, үшінші көшеге – "Тоқжайлау";
5) Талдықорған қаласы "Қаратал" шағын ауданының оңтүстігінде орналасқан бірінші көшеге – "Райымбек батыр".
2. Талдықорған қаласының солтүстігінде орналасқан "И. Белов" көшесі – "Әбубәкір Тыныбаев" көшесі болып қайта аталсын.
3. Текелі қаласының "П. Козлов" орталық алаңы – "Тәуелсіздік" алаңы болып қайта аталсын.
4. Текелі қаласының келесі көшелері:
Бауман көшесі – Ойқоныс көшесі; Горняцкая көшесі – Мыңбұлақ көшесі; Ключевая көшесі – Қайнар көшесі; Лермонтов көшесі – Тұрар Рысқұлов көшесі; Островский көшесі – күйші Дәулеткерей көшесі; Подгорная көшесі – Бөктерлі көшесі; С. Лазо көшесі – Ынтымақ көшесі; Тимирязев көшесі – Күншығыс көшесі; Западная көшесі – Батыс көшесі; Ватутин көшесі – Ойсаз көшесі; Энергетиков көшесі – Жиделі көшесі; Железнодорожная көшесі – Теміржол көшесі; Ломоносов көшесі – Жүсіп Баласағұн көшесі; Чкалов көшесі – Қасым хан көшесі; Пархоменко көшесі – Маржантас көшесі; Подхозная көшесі – Шұғыла көшесі; Титов көшесі – Ертай Берікбаланов көшесі; Октябрьская көшесі – Теректі көшесі; Молодежная көшесі – Көктем көшесі; Пионерская көшесі – Ұлан көшесі болып қайта аталсын.
5. Текелі қаласының оңтүстік-батысында орналасқан бірінші көшеге – "Шалқар", екінші көшеге – "Жетісу", үшінші көшеге – "Бірлік", төртінші көшеге – "Береке", бесінші көшеге – "Алмалы" атаулары берілсін.
6. Осы бірлескен Алматы облысы мәслихатының шешімі мен Алматы облысы әкімдігінің қаулысын әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста жариялау Алматы облысының мәслихатына жүктелсін.
7. Осы бірлескен Алматы облысы мәслихатының шешімі мен Алматы облысы әкімдігі қаулысының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Бахтияр Алтайұлы Өнербаевқа (келісім бойынша) жүктелсін.
8. Осы бірлескен Алматы облысы мәслихатының шешімі мен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысы мәслихаты сессиясының төрағасы |
В. Маткава |
Алматы облысы мәслихатының хатшысы |
Е. Келемсеиіт |
Алматы облысының әкімі | А. Баталов |