Талдықорған қаласының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы

Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 04 қыркүйектегі № 338 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 29 қыркүйекте № 3456 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2020 жылғы 2 маусымдағы № 394 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 02.06.2020 № 394 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылдың 23 қантардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Талдықорған қаласының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Талдықорған қалалық мәслихаттың "Әлеуметтік қорғау заңдылықты сақтау, азаматтардың құқықтары және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Талдықорған қалалық мәслихатының аппарат басшысы Биғожанов Тимур Қапасұлына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қалалық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі


Кезектен тыс LIIІ


сессияның төрағасы

Р.Валишанов

Қалалық мәслихаттың хатшысы

М.Бопазов


О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии проживающим и работающим в сельских населенных пунктах города Талдыкорган

Решение Талдыкорганского городского маслихата Алматинской области от 04 сентября 2015 года № 338. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 29 сентября 2015 года № 3456. Утратило силу решением Талдыкорганского городского маслихата Алматинской области от 2 июня 2020 года № 394.

      Сноска. Утратило силу решением Талдыкорганского городского маслихата Алматинской области от 02.06.2020 № 394 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2011 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 5 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", Талдыкорганский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Оказать социальную помощь на приобретение топлива специалистам государственных организаций социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах города Талдықорган в размере 5 месячных расчетных показателей, за счет предусмотренных бюджетных средств.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию городского маслихата "По вопросам социальной защиты, соблюдению законности, защиты окружающей среды и прав граждан".

      3. Возложить на руководителя аппарата Талдыкорганского городского маслихата Бигожанова Тимура Капасовича опубликование настоящего решения после государственной регистрации в органах юстиции в официальных и периодических печатных изданиях, а также на интернет-ресурсе, определяемом Правительством Республики Казахстан, и на интернет-ресурсе городского маслихата.

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.


Председатель внеочередной


LІII сессии

Валишанов Р

Секретарь


городского маслихата

Бопазов М.