Текелі қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және біріңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 41-274 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2015 жылы 23 қазанда № 3497 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 2016 жылғы 05 ақпандағы № 47-303 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 05.02.2016 № 47-303 шешімімен.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387-бабының 1-1-тармағына, 444-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Текелі қаласы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және біріңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
      2. "Текелі қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысына ( келісім бойынша Б. Есболатов) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қалалық мәслихатының интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихатының "Бюджет және экономика мәселесі бойынша" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Д. Нүсіпов
      Мәслихат хатшысы Н. Калиновский

О повышении ставок земельного налога и единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения по городу Текели

Решение Текелийского городского маслихата Алматинской области от 23 сентября 2015 года № 41-274. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 23 октября 2015 года № 3497. Утратило силу решением Текелийского городского маслихата Алматинской области от 05 февраля 2016 года № 47-303

      Сноска. Утратило силу решением Текелийского городского маслихата Алматинской области от 05.02.2016 № 47-303.
      В соответствии с пунктом 1-1 статьи 387, пунктом 1 статьи 444 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый Кодекс), статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Текелийский городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Повысить ставки земельного налога и единого земельного налога в десять раз на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения по городу Текели.
      2. Возложить на руководителя государственного учреждения "Отдел земельных отношений города Текели" (по согласованию Б. Есболатов) опубликование настоящего решения после государственной регистрации в органах юстиции в официальных и периодических печатных изданиях, а также на интернет-ресурсе, определяемом Правительством Республики Казахстан, и на интернет-ресурсе городского маслихата.
      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Текелийского городского маслихата "По вопросам бюджета и экономики".
      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Председатель сессии Д. Нусупов
      Секретарь маслихата Н. Калиновский