Балқаш ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 42-182 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 20 сәуірде № 3142 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының 2018 жылғы 14 тамыздағы № 34-166 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының 14.08.2018 № 34-166 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабының 2-тармағына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының бұйрығына сәйкес, Балқаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Балқаш ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Балқаш аудандық мәслихатының "Жұмыспен қамту, қоғамдық ұйымдармен байланыс, мәдениет, білім, заңдылық, денсаулық сақтау және экология жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Балқаш аудандық мәслихатының сектор меңгерушісі Баймантаев Асхат Тұрысбекұлына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Балқаш аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Қосаев Мақсат Әбсаматұлы
      Балқаш аудандық
      мәслихатының хатшысы Қамаубаев Марат Сейсенбайұлы

  Балқаш аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы "Балқаш ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" № 42-182 шешіміне қосымша

Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі

      Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабының 2-тармағына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына (бұдан әрі - стандарт), "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының бұйрығына сәйкес әзірленді және аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындайды.

1. Жалпы ереже

      1. Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібінде келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматтың) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
      2) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсандағы отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
      3) кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      4) уәкілетті орган - тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын "Балқаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      5) халыққа қызмет көрсету орталығы - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыратын, сондай-ақ ақпараттық жүйелерден мәліметтер алу арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
      6) веб-портал - электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
      7) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
      8) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар.
      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Балқаш ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;
      2) тұрғынжайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге беріледі.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      3. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгіленген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      4. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
      5. Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының жиынтық табысының он пайызы мөлшерінде белгіленеді.
      Тұрғын үй көмегі:
      1) мүгедектерді және стационарлық емделуде бір айдан астам уақыт кезеңінде болатын адамдарды, күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттар мен магистранттарды, сондай-ақ І және ІІ топтағы мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдарды, үш жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген жұмыссыздарға және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысудан жазбаша түрде бас тартқан Қазақстан Республикасының еңбекке жарамды азаматтарына;
      2) уәкілетті органдар ұсынған жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналастырудан, кәсіби даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілігін арттырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, осындай жұмыстарға қатысуды және оқуды өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздарға тағайындалмайды.

2. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі

      6. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін есептеу мерзімі өтінішімен қоса барлық қажетті құжаттарды өткізген жылдың тоқсаны болып саналады.
      Жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (пәтерлер, тұрғын үйлер) бар немесе тұрғынжайды жалға немесе пайдалануға беруші аз қамтылған отбасылар (азаматтар) тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.
      7. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) халыққа қызмет көрсету орталықтарына немесе веб-порталға келесі құжаттарды ұсынады:
      Халыққа қызмет көрсету орталығына:
      1) стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);
      3) стандарттың 2-қосымшаның 1, 5, 6, 7-тармақтарында, 8-тармағының 2) тармақшасында және 10-тармағында көрсетілген отбасының табысын растайтын құжаттар;
      4) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарнаның мөлшері туралы шот;
      5) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шот;
      6) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      7) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
      Веб-порталға:
      1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) стандарттың 2-қосымшаның 1, 5, 6, 7-тармақтарында, 8-тармағының 2) тармақшасында және 10-тармағында көрсетілген отбасының табысын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
      3) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарнаның мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі;
      4) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттың электрондық көшірмесі;
      5) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шоттың электрондық көшірмесі немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      6) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі.
      8. Өтініштер Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген мерзімдерде қаралады және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      9. Тұрғын үй көмегін алушылар күнтізбелік он бес күн мерзімде уәкілетті органды тұрғын үй көмегін алу құқығына немесе оның мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы хабардар етеді.
      Өтініш беруші тұрғын үй көмегін алу құқығына немесе мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақытылы хабарламаған жағдайда, қайта есептеу келесі тоқсанда жүргізіледі (анықталған уақыттан).
      Артық төленген сомалар ерікті түрде, ал бас тартылған жағдайда сот тәртібімен қайтарылуы тиіс.
      10. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу тәртібі "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының бұйрығы негізінде есептеледі.
      11. Өтемақы төлемдерiмен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үйлер аумағының нормалары заңнамамен белгiленген отбасының әр мүшесiне тұрғын үй беру нормаларына баламалы.
      12. Коммуналдық қызметті тұтыну нормалары табиғи монополияларды (монополистік қызметті) реттеу бойынша аумақтық уәкілетті орган қолданатын, олармен көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды) белгілеген кездегі коммуналдық қызметтерді босату нормаларына баламалы.
      13. Коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің нормалары мен тарифтерін қызмет көрсету мекемелері ұсынады.
      14. Тұрғын үй көмегін тағайындағанда келесі нормалар ескеріледі:
      1) газ тұтыну - айына бір отбасына 10 килограмм (1 кішкене газ баллон);
      2) электр энергиясын тұтыну: 1 адамға - бір айға 70 киловатт, 3 және одан да көп адамы бар отбасы үшін - бір айға 210 киловатт;
      3) сумен қамтамасыз ету нормасы - әр отбасы мүшесіне, есептеу құралдары болған жағдайда - көрсеткіштері бойынша, бірақ қолданыстағы нормалардан аспауы керек;
      4) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шоты;
      5) қатты отынды тұтынушылар үшін: пешпен жылытатын тұрғын үйлерге - жылыту маусымына үш тонна көмір.
      15. Қатты отынның құнын есептегенде аймақта өткен тоқсанда қалыптасқан орташа баға ескеріледі.

3. Қаржыландыру және төлеу

      16. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру аудан бюджетімен тиісті қаржылық жылға қарастырылған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
      17. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырады.

4. Қорытынды

      18. Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібімен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Балхашского района

Решение Балхашского районного маслихата Алматинской области от 30 марта 2015 года № 42-182. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 20 апреля 2015 года № 3142. Утратило силу решением Балхашского районного маслихата Алматинской области от 14 августа 2018 года № 34-166

      Сноска. Утратило силу решением Балхашского районного маслихата Алматинской области от 14.08.2018 № 34-166 (действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документе сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с пунктом 2 статьи 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам", постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 марта 2014 года № 185 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере жилищно-коммунального хозяйства", приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 5 декабря 2011 года № 471 "Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде", Балхашский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Определить размер и порядок оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Балхашского района согласно приложения.
      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Балхашского районного маслихата "По вопросам занятости, связи с общественными организациями, культуры, образования, законности, здравоохранения и экологии".
      3. Возложить на заведующего сектором аппарата Балхашского районного маслихата Баймантаева Асхата Турысбековича опубликование настоящего решения после государственной регистрации в органах юстиции в официальных и периодических печатных изданиях, а также на интернет-ресурсе, определяемом Правительством Республики Казахстан, и на интернет-ресурсе районного маслихата.
      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
      Балхашского районного маслихата Косаев Максат Абсаматович
      Секретарь Балхашского
      районного маслихата Камаубаев Марат Сейсенбаевич

  Приложение к решению Балхашского районного маслихата от 30 марта 2015 года № 42-182 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Балхашского района"

Размер и порядок оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам)

      Настоящий размер и порядок оказания жилищной помощи разработан в соответствии с пунктом 2 статьи 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам", постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 марта 2014 года № 185 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере жилищно-коммунального хозяйства" (далее - стандарт), приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 5 декабря 2011 года № 471 "Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде" и определяет размер и порядок оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам).

1. Общие положения

      1. В настоящих размерах и порядках оказания жилищной помощи используются следующие основные понятия:
      1) доля предельно-допустимых расходов - отношение предельно-допустимого уровня расходов семьи (гражданина) в месяц на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде,
      к совокупному доходу семьи (гражданина) в процентах;
      2) совокупный доход семьи (гражданина) - общая сумма доходов семьи (гражданина) за квартал, предшествующий кварталу обращения за назначением жилищной помощи;
      3) орган управления объектом кондоминиума - физическое или юридическое лицо, осуществляющее функции по управлению объектом кондоминиума;
      4) уполномоченный орган - государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Балхашского района" осуществляющее назначение жилищной помощи;
      5) центр обслуживания населения - Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Центр обслуживания населения" Комитета по контролю автоматизации государственных услуг и координации деятельности центров обслуживания населения Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан, осуществляющее организацию работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", а также обеспечивающее оказание государственных услуг в электронной форме посредствам получения сведений из информационных систем в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      6) веб-портал - веб-портал "электронного правительства" www.egov.kz - информационная система, представляющая собой единое окно доступа ко всей консолидированной правительственной информации, включая нормативную правовую базу, и к государственным услугам, оказываемым в электронной форме;
      7) расходы на содержание жилого дома (жилого здания) - обязательная сумма расходов собственников помещений (квартир) посредством ежемесячных взносов, установленных решением общего собрания, на эксплуатацию и ремонт общего имущества объекта кондоминиума, содержание земельного участка, расходы на приобретение, установку, эксплуатацию и проверку общедомовых приборов учета потребления коммунальных услуг, расходы на оплату коммунальных услуг, потребленных на содержание общего имущества объекта кондоминиума, а также взносы на накопление денег на предстоящий в будущем капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума или отдельных его видов;
      8) малообеспеченные семьи (граждане) - лица, которые в соответствии с жилищным законодательством Республики Казахстан имеют право на получения жилищной помощи.
      2. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в Балхашском районе на оплату:
      1) расходов на содержание общего имущества объекта кондоминиума семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилищах или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;
      2) потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, семьям (гражданам), являющимися собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;
      3) арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.
      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.
      3. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, в пределах норм и предельно-допустимого уровня расходов семьи (граждан) на эти цели, установленных местными представительными органами.
      4. Жилищная помощь, оказывается, по предъявленным поставщиками счетам на оплату коммунальных услуг на содержание жилого дома (жилого здания) согласно смете, определяющей размер ежемесячных и целевых взносов, на содержание жилого дома (жилого здания), за счет бюджетных средств лицам, постоянно проживающим в данной местности.
      5. Доля предельно допустимого уровня расходов устанавливается к совокупному доходу семьи в размере десяти процентов.
      Жилищная помощь не назначается:
      1) безработным, не зарегистрированным в уполномоченных органах по вопросам занятости и трудоспособным гражданам Республики Казахстан, письменно отказавшимся от участия в активных мерах содействия занятости, кроме инвалидов и лиц, в период их нахождения на стационарном лечении более одного месяца, учащихся, студентов, слушателей, курсантов и магистрантов очной формы обучения, а также граждан, занятых уходом за инвалидами І и ІІ группы, лицами старше восьмидесяти лет, детьми в возрасте до трех лет;
      2) безработным, без уважительных причин отказавшимся от предложенного уполномоченным органом трудоустройства, в том числе на социальное рабочее место или общественную работу, от профессиональной подготовки, переподготовки, повышение квалификации, самовольно прекратившим участие в таких работах и обучении.

2. Размер и порядок оказания жилищной помощи

      6. Расчетным периодом для назначения жилищной помощи считается квартал года, в котором подано заявление со всеми необходимыми документами.
      Малообеспеченные семьи (граждане), имеющие в частной собственности более одной единицы жилья (квартиры, дома) или сдающие жилые помещения в наем или аренду, теряет право на получение жилищной помощи.
      7. Для назначения жилищной помощи гражданин (семья) в центр обслуживания населения или веб-портал предоставляет следующие документы:
      В центр обслуживания населения:
      1) заявление по форме согласно приложению 1 к стандарту;
      2) документ, удостоверяющий личность услугополучателя (оригинал представляется для идентификации личности услугополучателя);
      3) документы, подтверждающие доходы семьи, указанные в пунктах 1, 5, 6, 7, подпункте 2) пункта 8 и пункте 10 приложения 2 к стандарту;
      4) счета о размерах ежемесячных взносов на содержание жилого дома (жилого здания);
      5) счета на потребление коммунальных услуг;
      6) квитанцию-счет за услуги телекоммуникаций или копия договора на оказание услуг связи;
      7) счет о размере арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, предъявленный местным исполнительным органом.
      На веб-портал:
      1) запрос в форме электронного документа, удостоверенный электронной цифровой подписью услугополучателя;
      2) электронные копии документов, подтверждающих доходы семьи, указанные в пунктах 1, 5, 6, 7, подпункте 2) пункта 8 и пункте 10 приложения 2 к стандарту;
      3) электронную копию счета о размерах ежемесячных взносов на содержание жилого дома (жилого здания);
      4) электронную копию счета на потребление коммунальных услуг;
      5) электронную копию квитанции-счета за услуги телекоммуникаций или копия договора на оказание услуг связи;
      6) электронную копию счета о размере арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, предъявленного местным исполнительным органом.
      8. Заявления рассматриваются в установленном законодательством Республики Казахстан сроки и результатом оказания государственной услуги является уведомление о назначении жилищной помощи или обоснованный ответ об отказе оказания государственной услуги.
      9. Получатели жилищной помощи в течении пятнадцати календарных дней извещают уполномоченный орган об обстоятельствах, влияющих на право получения жилищной помощи или ее размер.
      В случаях, когда заявитель своевременно не известил об обстоятельствах, влияющих на право получения жилищной помощи или ее размер, перерасчет производится в следующем квартале (по факту обнаружения).
      Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном порядке, а в случае отказа - в судебном порядке.
      10. Порядок исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи рассчитывается на основании Приказа Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 5 декабря 2011 года № 471 "Об утверждении правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде".
      11. Нормы площади жилья, обеспечиваемые компенсационными выплатами, эквивалентны нормам предоставления жилья на каждого члена семьи, установленным законодательством.
      12. Нормы потребления коммунальных услуг эквивалентны нормам отпуска коммунальных услуг, применяемых территориальным уполномоченным органом по регулированию естественных монополий (монополистической деятельности), при установлении ими тарифов (цен) на оказываемые услуги.
      13. Тарифы и нормы потребления коммунальных услуг предоставляются поставщиками услуг.
      14. При назначении жилищной помощи учитываются следующие нормы:
      1) потребление газа - 10 килограмм (1 маленький баллон) в месяц на семью;
      2) потребление электроэнергии: на 1-го человека - 70 киловатт в месяц, для семьи из 3-х и более человек - 210 киловатт в месяц;
      3) нормы на водоснабжение - на каждого члена семьи, при наличии приборов учета по показаниям, но не выше действующих норм;
      4) на содержание жилого дома (жилого здания) согласно счета о размере целевого взноса;
      5) для потребителей твердого топлива: на жилые дома с печным отоплением - три тонны угля на отопительный сезон.
      15. При расчете стоимости твердого топлива учитывается средняя цена сложившаяся за предыдущий квартал в регионе.

3. Финансирование и выплата

      16. Финансирование выплат жилищной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных бюджетом района на соответствующий финансовый год.
      17. Выплата жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется уполномоченным органом через банки второго уровня.

4. Заключение

      18. Отношения, не урегулированные настоящим размером и порядком оказания жилищной помощи, регулируются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.