"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Балқаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Балқаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі - Ереже) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Манат Ришат Манатұлына жүктелсін.
3. Аудан әкімі аппаратының басшысы Манат Ришат Манатұлына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Жүнісов |
"Балқаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Балқаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Бөлім азаматтық–құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілер мен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Бөлім құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 040300, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Қонаев көшесі, № 66.
9. Мемлекеттік органның толық атауы: "Балқаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Бөлімнің мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
12. Бөлім кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері.
13. Бөлімнің миссиясы: халықтың өмір сүру денгейі мен сапасын арттыру мақсатында халықты әлеуметтік қорғау саласын дамыту және жетілдіру мемлекеттік саясатын іске асыру бойынша жәрдемдесуде жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыру.14. Міндеттері:
1) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру және үйлестіру;
3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
15. Функциялары:
1) нормативтік құқықтық актілерді, халықтың өмір деңгейін көтеру және тұрақтандыруға бағытталған аумақтық бағдарламаларды дайындауға қатысу,
олардың орындалуын талдау;
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бюджет қаражаты қажеттілігін болжау және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру;
3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу, жергілікті бюджет қаражаты есебінен басқа да әлеуметтік көмек түрлерін көрсету;
5) жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін өтініштерін қарау, қабылдау және кеңес беру;
6) еңбек рыногын талдау және болжау, еңбек рыногының жай-күйі туралы халыққа және жергілікті атқарушы органдарға хабарлау;
7) еңбек рыногы бойынша деректер банкін түзу;
8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыссыздарға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру;
10) қолданыстағы заңнамаға, еңбек рыногының қажеттілігіне сәйкес жұмыссыздар мен азаматтарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
11) жиырма тоғыз жастан аспайтын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім берудің кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары түлектерінің қатарынан тіркелген жұмыссыздарға арналған жастар практикасын ұйымдастыру;
12) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларының әлеуметтік бөлігін орындау;
13) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
16. Құқықтары мен мiндеттерi:
1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты заңнамада белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
2) оперативті басқару құқығымен қарасты мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
17. Бөлімде басшылықты Бөлімге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.18. Бөлімнің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. Бөлімнің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
20. Бөлімнің бірінші басшысының өкiлеттiгi:
1) Бөлімнің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін өз құзыреті шегінде айқындайды;
2) Бөлімнің қызметкерлерін қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
3) Бөлімнің қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
5) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Бөлімнің мүддесін білдіреді;
6) Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4.Мемлекеттік органның мүлкі
21. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.