"Қаратал ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 25 маусымдағы № 348 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 29 шілдеде № 3306 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 300 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 13.09.2016 № 300 қаулысымен.
      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Қаратал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қаратал ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. "Қаратал ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Тлеубаев Мұрат Михаилұлына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Тасыбаев Жәнібек Шоғалұлына жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Қ. Бисембаев

  Қаратал ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 25 маусымдағы "Қаратал ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 348 қаулысымен бекітілген қосымша

"Қаратал ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы

Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Қаратал ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Алматы облысы Қаратал ауданының аумағындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.
      3., Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. Бөлімнің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 041000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, Оспанов көшесі, № 8.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қаратал ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Бөлімнің миссиясы: Алматы облысы Қаратал ауданының аумағында ветеринария саласындағы мемлекеттiк басқару функцияларын іске асыру.
      15. Міндеттері:
      1) жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
      2) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
      3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      4) Қаратал ауданының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;
      5) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою.
      16. Функциялары:
      1) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
      2) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру;
      3) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығын қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
      4) Алматы облысы Қаратал ауданының аумағында жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      5) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
      6) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
      7) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
      ішкі сауда объектілерінде;
      жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
      ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда;
      экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
      тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;
      8) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      9) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
      10) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      11) уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;
      12) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      13) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және облыстың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;
      14) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну;
      15) облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;
      16) облыстың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;
      17) бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
      18) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
      19) Қазақстан Республикасының заңнамасымен Бөлімге жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;
      2) жедел басқару құқығындағы мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
      3) Бөлімнің құзыретіне жататын қала әкімінің, әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;
      4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. Бөлімнің бірінші басшысын Қаратал ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Бөлімнің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
      21. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкiлеттiктерiн өз құзыреті шегінде анықтайды;
      2) Бөлімнің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
      3) Бөлімнің қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
      4) өз құзыреті шегінде Бөлімнің қызметкерлері, Бөлімнің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің директорлары орындауға міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады;
      5) Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;
      6) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Бөлімнің мүддесін білдіреді;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Бөлімнің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі:
      "Қаратал ауданы әкімдігінің аудандық ветеринариялық станциясы" округтердегі ветеринриялық пункттерімен шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Отдел ветеринарии Каратальского района"

Постановление акимата Каратальского района Алматинской области от 25 июня 2015 года № 348. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 29 июля 2015 года № 3306. Утратило силу постановлением акимата Каратальского района Алматинской области от 13 сентября 2016 года № 300

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Каратальского района Алматинской области от 13.09.2016 № 300.
      В соответствии с подпунктом 8) статьи 18 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" и Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", акимат Каратальского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить Положение государственного учреждения "Отдел ветеринарии Каратальского района" согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Возложить на руководителя государственного учреждения "Отдел ветеринарии Каратальского района" Тлеубаева Мурата Михаиловича опубликование настоящего постановления после государственной регистрации в органах юстиции в официальных и периодических печатных изданиях, а также на интернет-ресурсе, определяемом Правительством Республики Казахстан, и на интернет-ресурсе акимата района.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Тасыбаева Жанибек Шогаловича.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким района К. Бисембаев

  Приложение утвержденное постановлением акимата Каратальского района от 25 июня 2015 года № 348 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Отдел ветеринарии Каратальского района"

Положение о государственном учреждении "Отдел ветеринарии Каратальского района"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии Каратальского района" (далее - Отдел) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере ветеринарии в соответствии с законодательством Республики Казахстан на территории Каратальского района Алматинской области.
      2. Отдел не имеет ведомств.
      3. Отдел осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Отдел является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      5. Отдел вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Отдел имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      7. Отдел по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Отдела и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      8. Структура и лимит штатной численности Отдела утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      9. Местонахождение юридического лица: индекс 041000, Республика Казахстан, Алматинская область, Каратальский район, город Уштобе, улица Оспанова, № 8.
      10. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Отдел ветеринарии Каратальского района".
      11. Настоящее Положение является учредительным документом Отдела.
      12. Финансирование деятельности Отдела осуществляется из местного бюджета.
      13..Отделу запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями Отдела.
      Если Отделу законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      14. Миссия Отдела: реализация на территории Каратальского района Алматинской области функции государственного управления в сфере ветеринарии.
      15. Задачи:
      1) защита животных от болезней и их лечение;
      2) охрана здоровья населения от болезней, общих для животных и человека;
      3) обеспечение ветеринарно-санитарной безопасности;
      4) охрана территории Каратальского района от заноса и распространения заразных и экзотических болезней животных из других государств;
      5) предупреждение и ликвидация загрязнения окружающей среды при осуществлении физическими и юридическими лицами деятельности в области ветеринарии.
      16. Функции:
      1) организация отлова и уничтожения бродячих собак и кошек;
      2) организация просветительной работы среди населения по вопросам ветеринарии;
      3) обезвреживание (обеззараживание) и переработка без изъятия животных, продукции и сырья животного происхождения, представляющих опасность для здоровья животных и человека;
      4) организация и осуществление государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора за соблюдением физическими и юридическими лицами законодательства Республики Казахстан в области ветеринарии на территории Каратальского района Алматинской области;
      5) проведение обследования эпизоотических очагов в случае их возникновения;
      6) выдача акта эпизоотологического обследования;
      7) осуществление государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора на предмет соблюдения требований законодательства Республики Казахстан в области ветеринарии:
      на объектах внутренней торговли;
      на объектах производства, осуществляющих выращивание животных, заготовку (убой), хранение, переработку и реализацию животных, продукции и сырья животного происхождения, а также в организациях по хранению и реализации ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок (за исключением связанных с импортом и экспортом);
      у лиц, осуществляющих предпринимательскую деятельность в области ветеринарии за исключением производства ветеринарных препаратов;
      при транспортировке (перемещении), погрузке, выгрузке перемещаемых (перевозимых) объектов в пределах соответствующей административно-территориальной единицы, за исключением их экспорта (импорта) и транзита;
      на всех видах транспортных средств, по всем видам тары, упаковочных материалов, которые могут быть факторами передачи возбудителей болезней животных, за исключением экспорта (импорта) и транзита;
      на скотопрогонных трассах, маршрутах, территориях пастбищ и водопоя животных, по которым проходят маршруты транспортировки (перемещения);
      на территориях, в производственных помещениях и за деятельностью физических и юридических лиц, выращивающих, хранящих, перерабатывающих, реализующих или использующих перемещаемые (перевозимые) объекты, за исключением экспорта (импорта) и транзита;
      8) осуществление государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора за соблюдением зоогигиенических и ветеринарных (ветеринарно-санитарных) требований при размещении, строительстве, реконструкции и вводе в эксплуатацию скотомогильников (биотермических ям), объектов государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора, связанных с содержанием, разведением, использованием, производством, заготовкой (убоем), хранением, переработкой и реализацией, а также при транспортировке (перемещении) перемещаемых (перевозимых) объектов;
      9) составление акта государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора в отношении физических и юридических лиц;
      10) организация проведения ветеринарных мероприятий по энзоотическим болезням животных на территории соответствующей административно-территориальной единицы;
      11) организация проведения ветеринарных мероприятий по профилактике, отбору проб биологического материала и доставке их для диагностики особо опасных болезней животных по перечню, утверждаемому уполномоченным органом, а также других болезней животных;
      12) организация проведения мероприятий по идентификации сельскохозяйственных животных, ведению базы данных по идентификации сельскохозяйственных животных;
      13) определение потребности в изделиях (средствах) и атрибутах для проведения идентификации сельскохозяйственных животных и передача информации в местный исполнительный орган области;
      14) свод, анализ ветеринарного учета и отчетности и их представление в местный исполнительный орган области;
      15) внесение предложений в местный исполнительный орган области по ветеринарным мероприятиям по профилактике заразных и незаразных болезней животных;
      16) внесение предложений в местный исполнительный орган области по перечню энзоотических болезней животных, профилактика и диагностика которых осуществляются за счет бюджетных средств;
      17) организация хранения ветеринарных препаратов, приобретенных за счет бюджетных средств;
      18) организация санитарного убоя больных животных;
      19) осуществление иных полномочий, возлагаемых на Отдел законодательством Республики Казахстан.
      17. Права и обязанности:
      1) запрашивать и получать необходимую в своей деятельности информацию от государственных органов и иных организаций;
      2) осуществлять пользование имуществом, находящимся на праве оперативного управления;
      3) разрабатывать проекты нормативных правовых актов акима, акимата города входящих в компетенцию Отдела;
      4) своевременно и качественно рассматривать обращения физических и юридических лиц;
      5) в пределах своей компетенции осуществлять иные права и обязанности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

3. Организация деятельности государственного органа

      18. Руководство Отдела осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Отдел задач и осуществление им своих функций.
      19. Первый руководитель Отдела назначается на должность и освобождается от должности акимом Каратальского района.
      20. Первый руководитель Отдела не имеет заместителей.
      21. Полномочия первого руководителя Отдела:
      1) в пределах своей компетенции определяет обязанности и полномочия работников Отдела;
      2) в соответствии с действующим законодательством назначает и освобождает от должности работников Отдела;
      3) в установленном законодательством порядке поощряет и налагает дисциплинарные взыскания на работников Отдела;
      4) в пределах своей компетенции издает приказы, инструкции, обязательные для исполнения работниками Отдела, директорами государственных учреждений находящихся в ведении Отдела;
      5) противодействует коррупции в Отделе с установлением за это персональной ответственности;
      6) в пределах своей компетенции представляет интересы Отдела в государственных органах и иных организациях;
      7) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Исполнение полномочий первого руководителя Отдела в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного органа

      22. Отдел может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество Отдела формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      23. Имущество, закрепленное за Отделом, относится к коммунальной собственности.
      24. Отдел не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      25. Реорганизация и упразднение Отдела осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Перечень государственных учреждений, находящихся в ведении Отдела:
      государственное коммунальное предприятие "Районная ветеринарная станция Акимата Каратальского района" с ветеринарными пунктами округов.