РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 23-бабының 1-тармағына, "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3-тармағына сәйкес Панфилов ауданының әкімі ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Панфилов ауданы әкімінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы "Панфилов ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы" № 01-02 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 6 ақпанында № 3031 тіркелген, аудандық "Жаркент өңірі" газетінің 2015 жылдың 21 ақпанында № 8 (8746) жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасындағы № 616 сайлау учаскесі алынып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Панфилов ауданы әкімінің орынбасары Магрупова Роза Азаматқызына жүктелсін.
3. Аудан әкімінің аппарат басшысы Садыков Аскар Джумахановичке осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Панфилов ауданының әкімі | Б. Абдулдаев |