"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Панфилов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Панфилов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Панфилов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Мусахметова Гаухар Ахылбекқызына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Садыков Аскар Жумахановичке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Абдулдаев |
Панфилов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 7 шілдедегі "Панфилов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 659 қаулысымен бекітілген қосымша |
"Панфилов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Панфилов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Панфилов ауданының аумағында бюджетті атқару, аудандық коммуналдық мүлікті басқаруды үйлестіру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Панфилов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Панфилов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Панфилов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
5. "Панфилов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Панфилов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Панфилов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
7. "Панфилов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 041300, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Масанчи көшесі, №17а.
9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Панфилов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже "Панфилов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Панфилов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Панфилов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Панфилов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Панфилов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. "Панфилов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: бюджетті атқару, аудандық коммуналдық мүлікті басқаруды үйлестіру саласында мемлекеттiк басқару функцияларын іске асыру.14. Міндеттері:
1) бюджетті атқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті басқаруды үйлестіру.
15. Функциялары:
1) бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру;
2) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, жергілікті бюджет бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, мемлекеттік мекемелердің ақылы қызмет көрсетуінің түрлері бойынша шығыстарын қаржыландыру және кірістердің жиынтық жоспарын жасау, бекіту, нақтылау және түзету;
3) бюджетке түсетін түсімдердің толық және уақтылы есепке алуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу;
4) бюджет ақшасын басқару;
5) жергілікті атқарушы органның резервтегі қаржысының жұмсалуын есепке алуды және талдауды жүргізу;
6) үзіліссіз есеп арқылы, ақшалай түрдегі бюджеттік операциялар жүйесінің ақпараттарын тіркеуін, толық жинауын, реттеуін және қорытындылауын қамтамасыз ету;
7) Облыстың жергілікті атқарушы органына, ауданның жергілікті өкiлдi және атқарушы органдарына заңнамада белгіленген тәртіппен және белгіленген мерзімде тапсыру үшін бюджеттің орындалуы туралы есеп беру нысандарының барлық түрлерін қалыптастыру;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурс өткізу;
9) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалға (жалдауға), сенімгерлік басқаруға беру;
10) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастыру;
11) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асыру, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тарту, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын әзірлеу мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуы бойынша жұмыстарын үйлестіру;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен "Панфилов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асыру.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;
2) өзінің құзыреті шегінде шешімдер қабылдау;
3) жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындау;
4) "Панфилов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын аудан әкімінің, әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;
5) "Панфилов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін барлық құзыретті, мемлекеттік, әкімшілік органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында білдіру;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа да құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
17. "Панфилов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемеге басшылықты "Панфилов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемеге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.18. "Панфилов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. "Панфилов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
20. "Панфилов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкiлеттiгi:
1) "Панфилов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкiлеттiктерiн өз құзыреті шегінде анықтайды;
2) "Панфилов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
3) "Панфилов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
4) өз құзыреті шегінде "Панфилов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады;
5) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде "Панфилов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Панфилов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21. "Панфилов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн."Панфилов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады
22. "Панфилов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Панфилов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.