"Панфилов ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 тамыздағы № 716 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 11 қыркүйекте № 3399 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 467 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 13.09.2016 № 467 қаулысымен.
      "Мемлекттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Панфилов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Панфилов ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. "Панфилов ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Тазабеков Арман Қасымовичқа осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Садыков Асқар Джұмахановичқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Абдулдаев

  Панфилов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 тамыздағы № 716 қаулысымен бекітілген қосымша

"Панфилов ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Панфилов ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Бөлімге егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 041500, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, № 129.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Панфилов ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Бөлімнің миссиясы: Панфилов ауданының аумағында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттiк басқарудың функцияларын іске асыру.
      14. Міндеттері:
      1) өз құзыреті шегінде автомобиль жолдарын мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру;
      2) автомобиль жолдарын салуды, пайдалануды және дамытуды ұйымдастыру.
      15. Функциялары:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елдi мекендердiң көшелерiн салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
      2) аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желiсiн, елдi мекендердiң көшелерiн басқару;
      3) аудандық маңызы бар, жалпыға ортақ автомобиль жолдарын, Панфилов ауданының шегіндегі өзге де елді мекендердегі көшелерді салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      4) аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру;
      5) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың және (немесе) олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарнама қызметі мәселелері бойынша өтініштерін қарау;
      6) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      7) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық), ауданішілік тасымалдауларды ұйымдастыру, олардың маршруттарын бекiту, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастыру және өткiзу, маршруттар бойынша жүру кестелерiн бекiту;
      8) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық), ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзу;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;
      2) жедел басқару құқығындағы мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
      3) Бөлімнің құзыретіне жататын аудан әкімінің, әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;
      4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

      17. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. Бөлімнің бірінші басшысын Панфилов ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. Бөлімнің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
      20. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін өз құзыреті шегінде айқындайды;
      2) Бөлім қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
      3) Бөлім қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
      4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
      5) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Бөлімнің мүддесін білдіреді;
      6) Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды. 

4. Бөлімнің мүлкі

      21. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Бөлімді қайта құру және тарату

      24. Бөлімді қайта ұйымдастыру мен тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Отдел пассажирского транспорта и автомобильных дорог Панфиловского района"

Постановление акимата Панфиловского района Алматинской области от 11 августа 2015 года № 716. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 11 сентября 2015 года № 3399. Утратило силу постановлением акимата Панфиловского района Алматинской области от 13 сентября 2016 года № 467

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Панфиловского района Алматинской области от 13.09.2016 № 467.
      В соответствии с подпунктом 8) статьи 18 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" и Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", акимат Панфиловского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить Положение государственного учреждения "Отдел пассажирского транспорта и автомобильных дорог Панфиловского района" согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Возложить на руководителя государственного учреждения "Отдел пассажирского транспорта и автомобильных дорог Панфиловского района" Тазабекова Армана Касымовича опубликование настоящего постановления после государственной регистрации в органах юстиции в официальных и периодических печатных изданиях, а также на интернет-ресурсе, определяемом Правительством Республики Казахстан, и на интернет-ресурсе акимата района.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима района Садыкова Аскара Джумахановича.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким района Б. Абдулдаев

  Приложение утвержденное постановлением акимата Панфиловского района от 11 августа 2015 года № 716

Положение о государственном учреждении "Отдел пассажирского транспорта и автомобильных дорог Панфиловского района"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел пассажирского транспорта и автомобильных дорог Панфиловского района" (далее - Отдел) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере пассажирского транспорта и автомобильных дорог.
      2. Отдел осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Отдел является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      4. Отдел вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      5. Отдел имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      6. Отдел по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Отдела и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      7. Структура и лимит штатной численности Отдела утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      8. Местонахождение юридического лица: индекс 041500, Республика Казахстан, Алматинская область, Панфиловский район, город Жаркент, улица Головацкого, № 129.
      9. Полное наименование государственного органа – государственное учреждение "Отдел пассажирского транспорта и автомобильных дорог Панфиловского района".
      10. Настоящее Положение является учредительным документом Отдела.
      11. Финансирование деятельности Отдела осуществляется из местного бюджета.
      12. Отделу запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями Отдела.
      Если Отделу законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности Отдела

      13. Миссия Отдела: реализация на территории Панфиловского района функций государственного управления в области пассажирского транспорта и автомобильных дорог.
      14. Задачи:
      1) в пределах своей компетенции организация государственного управления автомобильными дорогами;
      2) организация строительства, эксплуатации и развития автомобильных дорог.
      15. Функции:
      1) организация работ по строительству, реконструкции, ремонту и содержанию автомобильных дорог общего пользования районного значения, улиц населенных пунктов в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      2) управление сетью автомобильных дорог районного значения общего пользования, улиц населенных пунктов;
      3) осуществление государственного контроля при производстве работ по строительству, реконструкции, ремонту и содержанию автомобильных дорог районного значения общего пользования, улиц в населенных пунктах в пределах Панфиловского района;
      4) выдача разрешения на размещение объектов наружной (визуальной) рекламы в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования районного значения;
      5) рассмотрение обращений физических и (или) юридических лиц и (или) его филиалов и представительств по вопросам рекламной деятельности;
      6) в пределах своей компетенции осуществление контроля за соблюдением законодательства Республики Казахстан о рекламе;
      7) организация регулярных городских (сельских), внутрирайонных перевозок пассажиров и багажа, утверждение их маршрутов, организация и проведение конкурсов на право их обслуживания и утверждение расписания движения по маршрутам;
      8) ведение реестра маршрутов регулярных сельских, внутрирайонных автомобильных перевозок пассажиров и багажа;
      9) осуществление иных функций, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.
      16. Права и обязанности:
      1) запрашивать и получать необходимую в своей деятельности информацию от государственных органов и иных организаций;
      2) осуществлять пользование имуществом, находящимся на праве оперативного управления;
      3) разрабатывать проекты нормативных правовых актов акима, акимата района входящих в компетенцию Отдела;
      4) своевременно и качественно рассматривать обращения физических и юридических лиц;
      5) в пределах своей компетенции осуществлять иные права и обязанности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

3. Организация деятельности Отдела

      17. Руководство Отдела осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Отдел задач и осуществление им своих функций.
      18. Первый руководитель Отдела назначается на должность и освобождается от должности акимом Панфиловского района.
      19. Первый руководитель Отдела не имеет заместителей.
      20. Полномочия первого руководителя Отдела:
      1) в пределах своей компетенции определяет обязанности и полномочия работников Отдела;
      2) в соответствии с действующим законодательством назначает и освобождает от должности работников Отдела;
      3) в установленном законодательством порядке поощряет и налагает дисциплинарные взыскания на работников Отдела;
      4) в пределах своей компетенции издает приказы;
      5) в пределах своей компетенции представляет интересы Отдела в государственных органах и иных организациях;
      6) противодействует коррупции в Отделе с установлением за это персональной ответственности;
      7) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Исполнение полномочий первого руководителя Отдела в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество Отдела

      21. Отдел может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество Отдела формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      22. Имущество, закрепленное за Отделом, относится к коммунальной собственности.
      23. Отдел не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение Отдела

      24. Реорганизация и упразднение Отдела осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.