"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Панфилов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қастеев Тұрар Бақышұлына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Садықов Асқар Жұмаханұлына жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Абдулдаев |
Панфилов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "26" тамыздағы №744 қаулысымен бекітілген қосымша |
"Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) білім саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2.Бөлімнің ведомстволары жоқ.
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есеп шоттары болады.
5. Бөлім азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Бөлімнің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Бөлім құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 041300, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Розыбакиев көшесі, № 22.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Бөлім құрылтай құжаты болып табылады.
12. Бөлім қызметiн қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттерден жүзеге асырылады.
13. Бөлім кәсіпкерлік субъектілерімен бөлім функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер бөлімге заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Мемлекеттік органныңмиссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Бөлімнің миссиясы: білім беру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.15. Міндеттері:
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;
3) мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алуына арнайы жағдайлар жасау;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкесөз құзыреті шегінде өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
16. Функциялары:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді ұсынуды қамтамасыз ету;
2) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастыру;
3) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастыру;
4) мемлекеттік білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құру, қайта ұйымдастыру және тарату бойыншаұсыныс енгізу;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыру;
6) мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беруұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастыру;
7) аудандық әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету;
8) балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз ету;
9) аудан ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету;
10) мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен
тәрбиеленушілеріне қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсау;
11) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беруұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекеленген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру;
13) білім беру ұйымдарында оқу бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;
14) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;
15) білім беру мониторингін жүзеге асыру;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдарының білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруін және солармен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру;
17) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін жүзеге асыру;
18) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің әдістемелік басшылығын қамтамасыз ету;
19) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру;
20) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімінің және аудандық мәслихаттың қарауына ұсыныстар енгізу;
2) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;
3) жедел басқару құқығындағы мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгілеген тәртіппен қарау;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оныңфункцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын біріншібасшы жүзеге асырады.
19. Бөлімнің бірінші басшысын Панфилов ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Бөлімнің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
21. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкiлеттiктерiн өз құзыреті шегінде айқындайды;
2) Бөлімнің қызметкерлерін, бөлімнің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің директорларын қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
3) Бөлімнің қызметкерлерін, бөлімнің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің директорларын заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
4) өз құзыреті шегінде бөлімнің қызметкерлері, Бөлімнің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің директорлары орындауға міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады;
5) Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;
6) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Бөлімнің мүддесін білдіреді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату
25. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.26. Бөлімнің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбегі:
1) "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жамбыл атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4) "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№6 орта мектеп интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5) "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еңбекші орта мектебі мектепке дейінгі шыған орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6) "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Х.Хамраев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шыған орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
7) "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Билал-Назым атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шыған орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8) "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Н.Крупская атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9) "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "А.В.Луначарский атындағы орта мектеп-гимназия мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
10) "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Көктал орта мектебі мектепке дейінгі шыған орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
11) "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Абай атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
12) "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жамбыл атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шыған орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
13) "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
14) Панфилов ауданының білім бөлімі "Розыбакиев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
15) "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Төменгі Пенжім орта мектебі мектепке дейінгі шыған орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
16) "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Пенжім орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
17) "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қорғас орта мектебі мектепке дейінгі шыған орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
18) Панфилов ауданының білім бөлімі "Ават орта мектебі мектепке дейінгі шыған орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
19) "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Үлкеншыған орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
20) "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Кішішыған орта мектебі мектепке дейінгі шыған орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
21) "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жаркент орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
22) "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сатай батыр атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
23) "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шыған орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
24) "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Садыр орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
25) "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қожбанбет би атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
26) "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Соцжол орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
27) "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Аманбайұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шыған орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
28) "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сарытөбе орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
29) "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Керімағаш-Арасан ауылындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
30) "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ә.Қастеев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шыған орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
31) "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Надек орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
32) "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шежін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
33) "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Д.Рақышұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шыған орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
34) "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Е.Сыпатаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шыған орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
35) "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Нағарашы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
36) "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ж.Бусаков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шыған орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
37) "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дихан-Қайрат ауылындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
38) "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Елтінді батыр атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
39) "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Крылов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
40) "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Головацкий атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шыған орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
41) "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сұптай орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
42) "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Әулиеағаш орта мектеп мектепке дейінгі шыған орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
43) "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Көктал-Арасан орта мектебі 50 орындық интернатымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
44) "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Айдарлы орта мектеп мектепке дейінгі шыған орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
45) "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дарбазақұм негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
46) "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Үшарал орта мектебі мектепке дейінгі шыған орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
47) "Панфилов ауданы Жаркент қаласындағы "Өнер мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
48) "Панфилов ауданы әкімдігінің "Таңшолпан" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
49) "Панфилов ауданы әкімдігінің "Қарлығаш" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
50) "Панфилов ауданы Жаркент қаласында 45 орынды "Сауықтыру санаторлық балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
51) "Панфилов ауданы әкімдігінің "Балдырған" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
52) "Панфилов ауданы әкімдігінің "Қызғалдақ" балабақшасы" мемлекттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
53) "Панфилов ауданы әкімдігінің "Шұғыла" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
54) "Панфилов ауданы әкімдігінің "Бөбек" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
55) "Панфилов ауданы әкімдігінің "Шамшырақ" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
56) "Панфилов ауданы әкімдігінің "Айгөлек" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
57) "Панфилов ауданы әкімдігінің "Арай" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;