ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кеңдала ауылдық округіндегі Кеңдала ауылының "Колхозная" көшесі "Әубәкір Миерманов" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. "Талғар ауданының Кеңдала ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы Ауелбаева Жазира Касенкановнаға осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет ресурсында жариялау жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Б.Кадырсизов |