"Ұйғыр ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 03 қыркүйектегі № 09-259 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 16 қазанда № 3488 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 04 қыркүйектегі № 412 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 04.09.2018 № 412 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Ұйғыр ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ұйғыр ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. "Ұйғыр ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Миталипов Юлдашжан Мисалимовичке осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Нурахунов Шухрат Турдахуновичке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Қ. Бекмұханбетов

  Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 03 қыркүйектегі № 09-259 қаулысымен бекітілген қосымша

"Ұйғыр ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Ұйғыр ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі– Бөлім) Ұйғыр ауданы аумағында жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.
      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. Бөлімге егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 041800, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, Кинтал Исламов көшесі, № 70.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Ұйғыр ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
      13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттері

      14. Бөлімнің миссиясы: жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
      15. Міндеттері:
      1) жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, өзгертілуі мен тоқтатылуының негіздерін, шарттары мен шектерін, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу;
      2) жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлығын ұдайы қалпына келтіріп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу;
      3) шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшін жағдайлар жасау;
      4) жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің жерге құқықтарын қорғау;
      5) жылжымайтын мүлік рыногын жасау және дамыту;
      6) жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту.
      16. Функциялары:
      1) Ұйғыр ауданы әкімдігінің жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен қаулылардың жобаларын дайындау;
      2) Ұйғыр ауданы әкімдігінің іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
      3) жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
      4) жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
      5) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
      6) аудан бойынша жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
      7) Ұйғыр ауданының жер балансын жасау;
      8) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
      9) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді
      уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
      10) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      11) мемлекеттік мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;
      12) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
      13) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
      14) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
      15) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
      16) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
      17) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау;
      18) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу бойынша аудан әкімінің және аудандық мәслихаттың қарауына ұсыныстар енгізу;
      2) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты заңнамада белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
      3) оперативті басқару құқығымен қарасты мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
      4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау;
      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. Бөлімнің бірінші басшысын Ұйғыр ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Бөлімнің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
      21. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) Бөлімнің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін өз құзыреті шегінде айқындайды;
      2) Бөлімнің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
      3) Бөлімнің қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
      4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
      5) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Бөлімнің мүддесін білдіреді;
      6) Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;
      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. Бөлімде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделсе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Отдел земельных отношений Уйгурского района"

Постановление акимата Уйгурского района Алматинской области от 03 сентября 2015 года № 09-259. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 16 октября 2015 года № 3488. Утратило силу постановлением акимата Уйгурского района Алматинской области от 04 сентября 2018 года № 412

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Уйгурского района Алматинской области от 04.09.2018 № 412 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", с подпунктом 8) статьи 18 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" и Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", акимат Уйгурского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить Положение государственного учреждения "Отдел земельных отношений Уйгурского района" согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Возложить на испольняющий обязанности руководителя государственного учреждения "Отдел земельных отношений Уйгурского района" Миталипова Юлдашжана Мисалимовича опубликование настоящего постановления после государственной регистрации в органах юстиции в официальных и периодических печатных изданиях, а также на интернет-ресурсе, определяемом Правительством Республики Казахстан, и на интернет-ресурсе акимата района.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Нурахунова Шухрата Турдахуновича
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий
      обязанности акима района К. Бекмуханбетов

  Приложение утвержденное постановлением акимата Уйгурского района № 09-259 от 03 сентября 2015 года

Положение о государственном учреждении "Отдел земельных отношений Уйгурского района"

1. Общие положения

      1.Государственное учреждение "Отдел земельных отношений Уйгурского района" (далее – Отдел) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющее руководство в сфере земельных отношений на территории Уйгурского района.
      2. Отдел ведомств не имеет.
      3.Отдел осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Отдел является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      5. Отдел вступает гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Отдел имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      7. Отдел по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Отдела и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      8. Структура и лимит штатной численности Отдела утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      9. Местонахождение юридического лица: индекс 041800, Республика Казахстан, Алматинская область, Уйгурский район, село Шонжы, улица Кинтал Исламов, № 70.
      10. Полное наименование государственного органа: государственное учреждение "Отдел земельных отношений Уйгурского района".
      11. Настоящее Положение является учредительным документом Отдела.
      12. Финансирование деятельности Отдела осуществляется из республиканского и местных бюджетов.
      13. Отдел узапрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями Отдела.
      Если Отделу законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      14. Миссия Отдела: реализация государственной политики в сфере регулирования земельных отношений.
      15. Задачи:
      1) установление оснований, условий и пределов возникновения, изменения и прекращения права собственности на земельный участок и права землепользования, порядка осуществления прав и обязанностей собственников земельных участков и землепользователей;
      2) регулирование земельных отношений в целях обеспечения рационального использования и охраны земель, воспроизводства плодородия почв, сохранения и улучшения природой среды;
      3) создание условий для равноправного развития всех форм хозяйствования;
      4) охрана прав на землю физических и юридических лиц и государства;
      5) создание и развитие рынка недвижимости;
      6) укрепление законности в области земельных отношений.
      16. Функции:
      1) подготовка предложений и проектов постановлений акимата Уйгурского района по предоставлению, изъятию земельных участков и изменению их целевого назначения;
      2) подготовка предложений по выдаче разрешений акиматом Уйгурского района на использование земельных участков для проведения изыскательских работ;
      3) подготовка предложений по резервированию земель;
      4) организация разработки проектов зонирования земель, проектов и схем по рациональному использованию земель;
      5) подготовка предложений по переводу сельскохозяйственных угодий из одного вида в другой вид;
      6) организация проведения земельных торгов (аукционов, конкурсов) по району;
      7) составление баланса земель Уйгурского района;
      8) выдача паспортов земельных участков сельскохозяйственного назначения;
      9) заключение договоров купли-продажи и договоров аренды земельного участка и временного безвозмездного землепользования и осуществление контроля за исполнением условий заключенных договоров;
      10) выявление бесхозяйных земельных участков и организация работы по постановке их на учет;
      11) подготовка предложений по принудительному отчуждению земельных участков для государственных нужд;
      12) определение делимости и неделимости земельных участков;
      13) утверждение кадастровой (оценочной) стоимости конкретных земельных участков, продаваемых в частную собственность государством;
      14) организация проведения землеустройства и утверждение землеустроительных проектов по формированию земельных участков;
      15) проведение экспертизы проектов и схем районного значения, затрагивающих вопросы использования и охраны земель;
      16) ведение учета собственников земельных участков и землепользователей, а также других субъектов земельных правоотношений;
      17) выявление земель, неиспользуемых и используемых с нарушением законодательства Республики Казахстан;
      18) осуществление иных функций, в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;
      17. Права и обязанности:
      1) вносить на рассмотрение акима района и районного маслихата предложения по решению вопросов, относящихся к компетенции Отдела;
      2) запрашивать и получать в установленном законодательством порядке необходимую в своей деятельности информацию от государственных органов и иных организаций;
      3) осуществлять пользование имуществом, находящимся на праве оперативного управления;
      4) своевременно и качественно рассматривать обращения физических и юридических лиц;
      5) в пределах своей компетенции осуществлять иные права и обязанности, в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

3. Организация деятельности государственного органа

      18. Руководство Отдела осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Отдел задач и осуществление им своих функций.
      19. Первый руководитель Отдела назначает на должность и освобождается от должности акимом Уйгурского района.
      20. Первый руководитель Отдела не имеет заместителей.
      21. Полномочия первого руководителя Отдела:
      1) в пределах своей компетенции определяет обязанности и полномочия работников Отдела;
      2) в соответствии с действующим законодательством назначает и освобождает отдолжности работников Отдела;
      3) в установленном законодательством порядке поощряет и налагает дисциплинарные взыскания на работников Отдела;
      4) в пределах своей компетенции издает приказы;
      5) в пределах своей компетенции представляет интересы Отдела в государственных органах и иных организациях;
      6) противодействует коррупции в Отделе с установлением за это персональной ответственности;
      7) осуществляет иные полномочия в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      Исполнение полномочий первого руководителя Отдела в период его отсутствия осуществляется лицом, его заменяющим в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного органа

      22. Отдел может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество, Отдела формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а так же имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      23. Имущество, закрепленное за Отделом, относится к коммунальной собственности.
      24. Отдел не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      25. Реорганизация и упразднение Отдела осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.