РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Субсидиялар көлемдері бекітілсін:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша 1- қосымшаға сәйкес;
2) мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2- қосымшаға сәйкес.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтүзбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 19 наурыздағы № 55 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 2142 болып тіркелген, 2014 жылғы 5 сәуірде "Ақ жол" № 45 және 2014 жылғы 5 сәуірде "Знамя труда" № 36 облыстық газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ. Әбдірайымовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің міндетін атқарушы | Б. Орынбеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
А.С. Мамытбеков
2015 жыл
Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 10 қаулысына 1-қосымша |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Жамбыл облысы әкімдігінің 10.12.2015 № 308 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 10 қаулысына 2-қосымша |