Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қойайдар" жер қорынан жалпы көлемі 1 317,0 гектар жайылымдық жер учаскелерін қосу жолымен Жамбыл облысы Шу ауданы Дулат селолық округінің әкімшілік шекарасы (шегі) қосымшаға сәйкес өзгертілсін.
2. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау Жамбыл облысы мәслихатының аймақты, әкімшілік-аумақтық құрылымды, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері және жер учаскесін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссиясына және Жамбыл облысы әкімінің орынбасары А. Нұралиевке жүктелсін.
3. Осы нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс Әкімі | К. Көкрекбаев |
Облыстық мәслихаттың сессиясының төрағасы | А. Еділбаев |
Облыстық мәслихаттың | Б. Қарашолақов |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 277 қаулысы мен Жамбыл облысы мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 43-10 шешіміне қосымша |