Жамбыл облысы Талас ауданының елді мекендерінде жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы

Жамбыл облысы мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 43-14 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 20 қаңтарда № 2911 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облыстық мәслихатының 2018 жылғы 6 сәуірдегі №22-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облыстық мәслихатының 06.04.2018 №22-6 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-2 тармағына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған Жамбыл облысы Талас ауданының елді мекендерінде жануарларды асырау Қағидалары бекітілсін.
      2. Осы шешімінің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың аймақты әкімшілік аумақтық құрылымды ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері және жер участкесін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау туралы тұрақты комиссияға жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Облыстық мәслихаттың
      сессия төрағасы А. Еділбаев
      Облыстық мәслихаттың
      хатшысы Б. Қарашолақов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылығы министрлігі
      Ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Жамбыл
      облыстық аумақтық инспекциясының
      басшысы
      _________________ С.Н.Солтанбеков
      "____ " ______________ 2015 жыл
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы Ұлттық
      экономика министрлігі Тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл
      облысы тұтынушылардың құқықтарын
      қорғау департаментінің басшысы
       _________________ Т.С.Төлендиев
      "____ " ______________ 2015 жыл

  Жамбыл облыстық маслихатының
2015 жылғы "14" желтоқсандағы
№43-14 шешімімен бекітілген

Жамбыл облысы Талас ауданының елді мекендерінде жануарларды асырау Қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы жануарларды асырау Қағидалары (бұдан әрi - Қағида) "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес (бұдан әрі – Заң) әзірленді және Жамбыл облысы Талас ауданының елді мекендерінде жануарларды асырау тәртібін белгілейді.
      2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) жануарлар – фаунаға жататын биологиялық объектілер: ауыл шаруашылығы, үй және жабайы жануарлар;
      2) карантин – эпизоотия ошағын жою және аурудың таралуына жол бермеу мақсатында эпизоотия ошағы, қолайсыз пункт пен ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақ арасындағы шаруашылық байланыстарды шектеуге немесе тоқтатуға және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды (орнын ауыстыруды) тоқтата тұруға бағытталған ветеринариялық және әкімшілік-шаруашылық іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим.
      3) ветеринариялық пункт – ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін ауданның жергілікті атқарушы органы құрған, аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылдық округте орналасқан мемлекеттік ветеринариялық ұйымның оқшау бөлімшесі;
      4) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәліметтерді енгізе отырып және ветеринариялық паспортты бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмір беруді қамтитын, жануарларды есепке алу рәсімі;
      5) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар - мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық, зоогигиеналық) талаптарды белгілейтін, сондай-ақ ветеринариялық нормативтердің негізінде ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайтын, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылатын нормативтік құқықтық акт;
      6) ветеринариялық паспорт – уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат, онда: жануарды есепке алу мақсатында жануарлардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы көрсетіледі;
      3. Осы Қағидалар асыл тұқымды мал шаруашылығын қоса алғанда жануарларды өсірумен, асыраумен, бағумен, көбейтумен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне қолданылады.

2. Жануарларды тіркеу және асырау шарттары

      4. Әрбір тіркелген жануарға жеке нөмір мен ветеринариялық паспорт беріледі.
      Ауыл шаруашылығы жануарларын белгілеу түріне байланысты мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады:
      1) жапсырмалау (ірі қара мал, ұсақ мал, түйе, шошқа);
      2) таңбалау (жылқы);
      3) чиптау (электрондық бірдейлендіру түру) (ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері).
      5. Жануарлар иелерi:
      1) санитариялық-гигиеналық, зоогигиеналық талаптарды және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды ұстануы;
      2) ветеринариялық ұйымдар мамандарының негізделген талабы бойынша, диагностикалық зерттеу, аса қауіпті ауруларға егу және вакциналау жұмыстарын жүргізу үшін жануарларды кедергісіз көрсетулері;
      3) жануарлардың тіркелу мекендері өзгерген (сатылған, сыйлыққа берілген) жағдайда, оларды өзгерген мекендері бойынша қайта тіркетулері;
      4) жануарларды белгіленген орындарда асырағанда, сонымен қатар, шошқаның жағымсыз иістерін болдырмау үшін ветеринарлық нормативтерге сай санитариялық-гигиеналық тазалығын қатаң сақтаулары қажет.
      6. Жануарларды асыраған кезде жануарлар иелеріне:
      1) ветеринариялық ұйымдар мен ветеринариялық пункттер берген арнаулы үлгідегі ветеринариялық паспорты мен жүргізілген алдын ала емдеу және денсаулығы туралы ветеринариялық анықтамасы болмаса, жануарларды тасымалдауға (мекенін өзгертуге);
      2) жануарларды адамдардың демалу және шомылу орындарында, су бұрқақтарда, табиғи және жасанды су айдындарында шомылдыруға;
      3) жануарларға қатыгездік жасауға;
      4) сумен қамтудың жер үсті су көздерінің санитарлық қорғау аймақтарында және жер асты суларын алуды қамтамасыз ететін құрылғылардан жиырма метрден жақын радиуста малдарды суаруға;
      5) аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округ әкімі айқындаған, мал жаятын орындардан басқа орындарда жануарларды жаюға;
      6) ауыл шаруашылық жануарларын қараусыз қалдыруға және өз бетімен жіберуге, жасыл-желектерді таптатып, бүлдіруге рұқсат етілмейді.
      7. Жеке меншіктегі барлық ауыл шаруашылығы жануарларының жергілікті атқарушы органдар құрған ветеринариялық ұйымдар және ветеринариялық пункттер беретін ветеринариялық паспорттары болуы және бірдейлендірілуі тиіс. Ірі қара және ұсақ малдардың төлдерін, сондай-ақ боталарды туғаннан кейін 7 (жеті) күн өткен соң, бірақ туған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей бірдейлендіреді. Құлындарды 4 айлық жасында бірдейлендіреді. Торайларды бір айға толғанда бірдейлендіреді.
      8. Жануарды сату, сатып алу, оның өлу, жоғалу немесе өзге адамға сыйлау жағдайларында оларды есептен алуды немесе тipкeyді жергілікті атқарушы органдар құрған ветеринариялық ұйымдар мен ветеринариялық пункттер жүзеге асырады.
      9. Жануарлардың иелері олардың өлгені туралы ветеринариялық ұйымдар мен ветеринариялық пункттерге хабар беріп, олардың өлекселері арнайы малқорымында немесе арнайы өртеу пештерде жойылуы қажет.

3. Жануарларды асырау тәртібі

      10. Ауыл шаруашылығы жануарларын серуендету, жаю кезінде (айдап өткенде) тұрғындардың қауіпсіздігіне жануарлардың иелері жауапты. Көшелерде, алаңдарда, гүлзарларда, басқа да қоғамдық ортақ пайдаланылатын орындарда жануарларды жаюға тыйым салынады.
      11. Қараусыз жүрген ауыл шаруашылығы жануарларын асырау, оларды иесіне қайтару Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен айқындалады.
      12. Жануарлар иелері жануарлардың кенеттен өлгені, бірнеше жануардың бір мезгілде ауырғаны немесе олар әдеттен тыс мінез көрсеткені туралы ветеринарлық мамандарға хабарлап, олар келгенше ауруға сезікті жануарларды оқшаулап ұстауға шара қабылдаулары тиіс.
      13. Аумақта (шаруашылықта) карантин (шектеу) енгізілген кезде:
      1) жануарлардың барлық түрлерін кіргізуге және әкелуге, шығаруға және әкетуге;
      2) жануарлардан алынатын шикізат пен өнімді дайындауға және әкетуге, шаруашылық ішінде жануарларды айдауға;
      3) ауру жануарлардың сүтін пайдалануға;
      4) жануарларды етке союға;
      5) өлген жануарларды ашуға және олардың терісін алуға;
      6) кезек күттірмейтіннен басқа ветеринариялық хирургиялық операцияларды жүргізуге;
      7) стационарлық-қолайсыз пункт аумағына бөгде адамдардың кіруіне, оның аумағына объектіге қызмет көрсетуге байланысты емес көліктің кіруіне;
      8) табиғи су қоймаларынан жануарларды суаруға.

4. Қорытынды ереже

       14. Осы Қағидаларды бұзғаны үшiн жануарлардың иелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Об утверждении Правил содержания животных в населенных пунктах Таласского района Жамбылской области

Решение маслихата Жамбылской области от 14 декабря 2015 года № 43-14. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 20 января 2016 года № 2911. Утратило силу решением Жамбылского областного маслихата от 6 апреля 2018 года № 22-6

      Сноска. Утратило силу решением Жамбылского областного маслихата от 06.04.2018 № 22-6 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии Кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года "Об административных правонарушениях" и пунктом 2-2 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Жамбылский областной маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила содержания животных в населенных пунктах Таласского района Жамбылской области.
      2. Контроль за исполнением данного решения возложить на постоянную комиссию областного маслихата по вопросу развития региона, административно-территориального обустройства, сельского хозяйства и по рассмотрению проектов договоров по закупу земельных участков.
      3. Настоящее решение вступает в силу со дня его государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования.

      Председатель сессии
      областного маслихата А. Едильбаев
      Секретарь
      областного маслихата Б. Карашолаков

      "СОГЛАСОВАНО"
      Руководитель Жамбылской областной
      территориальной инспекции Комитета
      ветеринарного контроля и надзора
      Министерства сельского хозяйства
      Республики Казахстан
      ________________ С.Н.Солтанбеков
      "____ " ______________ 2015 год
      "СОГЛАСОВАНО"
      Руководитель департамента по защите прав
      потребителей Жамбылской области Комитета
      по защите прав потребителей Министерства
      национальной экономики Республики Казахстан
      ________________ Т.С.Тулендиев
      "____ " ______________ 2015 год

  Утвержден решением
Жамбылского областного
маслихата от "14" декабря
2015 года №43- 14

Правила содержания животных в населенных пунктах Таласского района

Жамбылской области

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила содержания животных (далее – Правила) в разработаны в соответствии Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии" (далее Закон) и определяют порядок содержания животных в населенных пунктах Таласского района Жамбылской области.
      2. В настоящих правилах используются следующие основные понятия:
      1) животные – биологические объекты, принадлежащие к фауне: сельскохозяйственные, домашние и дикие животные;
      2) карантин – правовой режим, предусматривающий систему ветеринарных и административно-хозяйственных мероприятий, направленных на ограничение или прекращение хозяйственных связей и приостановку транспортировки (перемещений) перемещаемых (перевозимых) объектов между эпизоотическим очагом, неблагополучным пунктом и территорией ветеринарно-санитарного благополучия в целях ликвидации эпизоотического очага и недопущения распространения заболевания;
      3) ветеринарный пункт – расположенное в городе районного значения, поселке, селе, сельском округе обособленное подразделение государственной ветеринарной организации, созданной местными исполнительными органами района для осуществления деятельности в области ветеринарии;
      4) идентификация сельскохозяйственных животных - процедура учета животных, включающая присвоение индивидуального номера животным путем использования изделий (средств) для проведения идентификации, таврения с включением сведений о сельскохозяйственном животном в базу данных по идентификации сельскохозяйственных животных и выдачей ветеринарного паспорта;
      5) ветеринарные (ветеринарно-санитарные) правила – нормативный правовой акт, устанавливающий ветеринарные (ветеринарно-санитарные, зоогигиенические) требования к объектам государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора, а также определяющий порядок проведения ветеринарных мероприятий на основе ветеринарных нормативов, являющийся обязательным для исполнения физическими и юридическими лицами;
      6) ветеринарный паспорт – документ установленной уполномоченным органом формы, в котором в целях учета животных указываются: владелец, вид, пол, масть, возраст животного.
      3. Настоящие Правила распространяются на деятельность физических и юридических лиц, занимающихся с производством, выращиванием, разведением, содержанием животных, включая племенное животноводство.

2. Условия содержания и регистрации животных

      4. Каждому зарегистрированному животному выдается индивидуальный номер и ветеринарный паспорт.
      Мечение сельскохозяйственных животных в зависимости от вида осуществляется одним из следующих способов:
      1) биркование (крупный рогатый скот, мелкий рогатый скот, верблюды, свиньи);
      2) таврение (лошади);
      3) чипирование (электронный вид идентификации) (все виды сельскохозяйственных животных).
      5. Владельцам животных необходимо:
      1) соблюдать санитарно-гигиенические, зоогигиенические требования и ветеринарные (ветеринарно-санитарные) правила;
      2) беспрепятственно предоставлять специалистам ветеринарных учреждений по их обоснованному требованию животное для осуществления осмотра, диагностических исследований, проведения прививок и вакцинаций против особо опасных заболеваний;
      3) при изменении места нахождения зарегистрированных животных (покупке, дарении) необходимо вновь зарегистрировать их по новому месту нахождения;
      4) при содержании животных в определенных местах, в том числе для устранения неприятного запаха свиньи, необходимо строго соблюдать санитарно-гигиеническую чистоту согласно ветеринарным нормативам.
      6. При содержании животных владельцам животных не разрешается:
      1) перевозка (перемещение) животных при отсутствии ветеринарной справки с отметками о состоянии их здоровья, проведенной профилактической обработке и ветеринарного паспорта установленной формы, выданных ветеринарными организациями и ветеринарными пунктами;
      2) купание животных в местах купания и отдыха людей, в фонтанах, природных и искусственных водоемах;
      3) жестокое обращение с животным;
      4) водопой скота в зонах санитарной охраны поверхностных источников водоснабжения и в радиусе ближе двадцати метров от сооружений, обеспечивающих забор подземных вод;
      5) выпас животных в других местах, определенных акимом города районного значения, поселка, сельского округа для организованного выпаса животных;
      6) оставлять сельскохозяйственных животных без приосмотра и отпускать без надзора, допускать порчу, уничтожение зеленых насаждений.
      7. Необходимы идентификация и наличие ветеринарных паспортов, выдаваемых ветеринарными организациями и ветеринарными пунктами, созданными местными исполнительными органами, всех сельскохозяйственных животных, находящихся в собственности владельцев животных. Молодняк крупного и мелкого рогатого скота, а также верблюжат идентифицируют по истечении 7 (семь) дней после их рождения, но не позднее 10 (десять) рабочих дней со дня рождения. Жеребят идентифицируют с 4-месячного возраста. Поросят идентифицируют с месячного возраста.
      8. Снятие с учета или регистрация животных при продаже, покупке, гибели, пропаже или дарении другому лицу осуществляются ветеринарными организациями и ветеринарными пунктами, созданными местными исполнительными органами.
      9. Владельцам животных необходимо сообщать об умерших животных ветеринарным организациям и ветеринарным пунктам, их трупы должны уничтожаться в специальном скотомогильнике или в печах крематория.

3. Порядок содержания животных

      10. За безопасность жителей при выгуле, выпасе (перегоне) сельскохозяйственных животных ответственность несут владельцы животных. На улицах, площадях, скверах, других общественных местах общего пользования выгул животных запрещается.
      11 Содержание безнадзорных сельскохозяйственных животных, возврат их собственнику определяется действующим законодательством Республики Казахстан.
      12. Владельцы животных должны известить ветеринарных специалистов о случаях внезапного падежа, одновременного заболевания нескольких животных или об их необычном поведении, до прибытия их принять меры к изолированному содержанию животных, подозреваемых в заболевании.
      13. При введении карантина (ограничения) в регионе (хозяйстве) запрещается:
      1) ввод и ввоз, вывод и вывоз животных всех видов;
      2) заготовка и вывоз животноводческого сырья и продукции, перегоны скота внутри хозяйства;
      3) использование молока от больных животных;
      4) убой животных на мясо;
      5) вскрытие трупов и снятие шкур с павших животных;
      6) проведение ветеринарных хирургических операций, кроме неотложных;
      7) вход на территорию в стационарно-неблагополучного пункта посторонним лицам, въезд на его территорию транспорта, не связанного с обслуживанием объекта;
      8) водопой животных из естественных водоемов.

4. Заключительное положение

      14. Лица, виновные в нарушении настоящих Правил, несут ответственность в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.