1. "Тараз қаласында 2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Тараз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 183 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 2571 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 наурызында № 12 (1247) "Жамбыл-Тараз" газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары Маржан Төреғұлқызы Қожаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Н. Календеров |
Тараз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № 485 қаулысына қосымша |