Полатқосшы ауылдық округінің Жалпақтөбе ауылының көше атауларын өзгерту туралы

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Полатқосшы ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 06 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 25 ақпанда № 2537 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Полатқосшы ауылдық округінің Жалпақтөбе ауылының төмендегі көшелерінің атаулары өзгертілсін:
      Молочная көшесі –Ақбұлақ;
      Полевая көшесі – Жікіл;
      Октябрьская көшесі – Нұрлыжол;
      Школьная көшесі – Болашақ;
      Лесхозная көшесі – Ақыртас.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Полатқосшы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы М. Нұрмахановқа жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Полатқосшы ауылдық округінің
      әкімі

З. Сматов

О переименовании улиц села Жалпактобе Полаткощинского аульного округа

Решение Акима Полаткощинского аульного округа Жамбылского района Жамбылской области от 23 января 2015 года № 06. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 25 февраля 2015 года № 2537

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии со статьей 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпункта 4) статьи 14 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан" и с учетом мнения населения соответствующей территории РЕШИЛ:
      1. Переименовать нижеследующие улицы села Жалпактобе Полаткощинского аульного округа:
      улицу Молочную – Акбулак;
      улицу Полевую – Жикил;
      улицу Октябрьскую – Нурлыжол;
      улицу Школьную – Болашак;
      улицу Лесхозную – Акыртас.
      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на главного специалиста аппарата акима Полаткощинского аульного округа М. Нурмаханова.
      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.
 
 

      Аким Полаткощинского аульного
      округа

З. Сматов