Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жамбыл ауылдық округінің Жамбыл ауылындағы №6 жаңа көшеге "Көгершін" атауы берілсін.
2. "Жамбыл ауылындағы № 7 жаңа көшеге атау беру туралы" Жамбыл ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 8 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл ауылдық округі әкімінің орынбасары Е. Жексембековке жүктелсін.
4. . Осы шешім әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | Д. Темир |